Ақтөбе облысы
Ойыл ауданы
Сапақкөл орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Сүйесинова Айнамкоз Каршыгаевна
Ойыл ауданы
Сапақкөл орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Сүйесинова Айнамкоз Каршыгаевна
Сабақтың тақырыбы: Екі дос
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1. Аңыздың мәнін түсіндіру идеясын ашуға деген талпынысқа жетектеу. Достық туралы жан - жақты мағлұмат беру. Жан - жақты білімдерін тексере отырып жаңа материалды игерту.
2. Өзінің ойын ашық, еркін, мәнді жеткізе білуге, адам бойындағы жақсы - жаман қасиеттерді түсінуге мүмкіндік беру.
3. Оқушылар адамгершілік пен қаталдықты ажыратуға, достық деген ұғымды қастерлеуге тәрбиелеу, тақырыпты өмірмен байланыстыру.
Мақсаты: Достық туралы толық мағлұмат алу және білімдерімізді тиянақтау.
Құрал жабдықтар: көрнекі құралдар: кеспе карточкалар,. вен диограмма, сиқырлы әріптер.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту:
Әдіс тәсілдері: түсіндіру, оқыту, сұрақ - жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
әрбір адамның өз Отаны, тілі, халқы болуы керек. Сондықтан психологиялық бөлімге «Үш бақытым» өлеңін үш қатар алма - кезек айтып шықсын.
ІІ. Үй тапсыпмасын тексеру.
Үй тапсырмасын бөлім бойынша сұрап өтемін.
1. Атасы мен немересі.
2. Нан, нан - артықсың сен алтыннан.
3. Жалшы, бала мен тойымсыз бай.
4. Атамның еңбегі.
Осы әңгімедегі негізгі ойды айтайық.
Нан - береке, байлық, қымбат қазына. Ол - дүниедегі ең асыл қазына, алтыннан да ардақты. Сондықтан нанды қастерлеп, қадірлеп, күтіп ұстау керек, пайдалану керек.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, қазір біз қасымыздағы көршілеріміздің атымен ұйқастырып марапат сөз айтуымыз керек
- Міне бұл сөздерің бір - біріңе жасаған құрметтерің. Мен сіздерге риза болып отырмын. Нағыз достар мен жолдастар осылай болу керек. Бұл сіздердің тапқырлықтарың. Бүгінгі біздің тақырыбымыз мына сиқырлы әріптермен жазылған, оқиық. Ал мен қолымда бүгінгі мәтін сызбасы тұр. Ол үш бөлікке бөлініп тұр. Сіздер осы бөліктерді оқып, өздерің әңгіменің басын, ортасын, аяғын ретімен орналастырып, оқуға дайындайсыздар.
1 - бөлім. Қалай ойлайсыңдар, әрі қарай не болуы мүмкін.
2 - бөлім, 3 - бөлім(өз ойларын айтады)
- Оқиғаның осылай аяқталуы саған ұнады ма?
Осылай аяқталуына қарап, сендер жаудың қолбасшысын қандай адам деп ойлайсыңдар? (Қатыгез)
- Жаудың қолбасына қандай хат жазар едіңдер? Өз ойларын айтып береді.
- Міне балалар дос дегеніміз осындай болады екен. (Қазіргі заманда дос дегеніміз... Өз ойларын айту.) Осы аңызды оқыған кезде мынадай қиын сөздерді кездестірдік. (сөздікпен жұмыс) Осы сөздерге сөйлемдер ойлату. Өлең құрастыру. Дос. (Ұйқас тауып)
Білесің бе дос деген,
Бірін - бірі сыйлайды.
Қиындықтан құтқарып,
Жамандыққа қимайды.
ІҮ. Жағдаятты шешу.
1. Досыңның басына қиын іс түсті...............
2. Досың саған өкпелі, неге екенін білмейсің...................
3. Достарың көп болуы үшін..........................
Сабақты қорытындылау:
Сонымен балалар осы әңгімені жазғандағы автордың негізгі мақсаты не?