Сайтқа кіру Тіркелу

Екі таңбалы санды қосу және екі таңбалы саннан азайту

Екі таңбалы санды қосу және екі таңбалы саннан азайту


Сабақтың мақсаты:
Білімділік - екі таңбалы санды қосу және екі таңбалы саннан азайту тәсілдерінің түрлерін үйрету және жаттығулар орындау арқылы меңгерту.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Алға қойған мақсаттарына жетуге, ойшылдыққа, шапшаңдыққа және тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ауыл аттары, тест, бүктеме, кеспе сандар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ойын, сұрақ - жауап, «Жеті лақ» ертегісі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сынып оқушылары үш ауылға бөлініп отырады. Әр ауыл өздерін тақпақ айтып таныстырып өтеді.
1 - ауыл «Абай»
2 - ауыл «Шәкарім»
3 - ауыл «Ыбырай»
Үй тапсырмасын тексеру:
Берілген тапсырманы «Ұялы телефон» ойыны арқылы тексеру.
- Алло саламатсыз ба, Қазыбек?
- Мен Ерсұлумын
- Денсаулығын қалай?
- Жақсы
- Өрнектің мәнін айтшы?
- Рахмет сау бол!
- Сау бол!
ІІІ. Оқушылардың білімін тексеру.

26 38 49 57 86 95

- 26 бұл қандай сан? (екі таңбалы сан)
- Ондық бірліктерін атап шық (26=2 онд. 6 бірл.)
- 26 - дан кейінгі дөңгелек санды тап?
- 26 – 30, 38 – 40, 49 – 50
ІҮ. Жаңа сабақ.
І. Оқулықтағы 124 беттегі есеп
46
26 + 24 = (26+20)+4=50
20 4
30
50 - 24=(50 - 20)- 4 =26
20 4
Осыған ұқсас есеп оқулықтарыңда бар, қане қарайық.
- Ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.
- Балалар енді бір сәтке мынаған назар аударайық. Нелердің суретін көріп отырмыз?
- Лақтардың суретін көріп отырмыз.
- Қане лақтарды санайық?
- Лақтардың саны - 7
- Осы 7 санына қатысты біз «Көркем әдебиет сабағынан қандай ертегі оқып едік?
- Жеті лақ ертегісін оқыдық.
- Дұрыс бұл лақтарды қандай аң жеп қояды?
- Лақтарды қасқыр жеп қояды.
- Сол қасқыр тағыда 7 лақты ұстап алыпты.
- Біздерге қояр шарты бар екен. Егер де біз қасқырдың тапсырмасын орындап шықсақ, ол лақтарды аман жібереді де, біз лақтарды енесіне қосамыз.
- Қане лақтарға көмектесеміз бе?
- Көмектесеміз!
- 1 - тапсырма.
- І ауыл ІІ ауыл ІІІ ауыл
42+38=(42+30)+8=80 80 - 38=(80 - 30)- 8=42 72+18=(72+10)+8=90
30 8 30 8 10 8

2 - тапсырма.
Абай ауылына
І топ - 32 қорап
ІІ топ – 8 қорап
Әшекейледі - 7 қорап
Әшекейленбегені -?
Ш: 32 + 8 =40 40 - 7 =33
Жауабы: 33 әшекейленген жоқ

Ыбырай ауылына
ІІІ тапсырма
Аңдар – 16 мүсін
Құстар – 4 мүсін
Сыйлады - 9 мүсін
Ш: 16+4=20 20 - 9=11
Жауабы: қалды 11 мүсін

ІҮ сергіту сәті
Ү тапсырма:
Логикалық есептер:
1. 8 адам кезедесіп бір - бірімен қол алысты. Олар барлығы неше рет қол алысқан?
2. Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасақ, неше бұрыш қалады?
3. Оңынан оқысың да – сол сан
Солынан оқысаң да – сол сан
Ол қандай екі таңбалы сан?
(қырық)
Ү тапсырма:
№3
(70 - 20)+7=57 (75 - 8)+3=70 (100 - 60)+20=60
(80+13)+5=98 (70+80) – 50 =100 (39 - 6)+2=35

ҮІ тапсырма:
Карточкалармен жұмыс
ҮІІ тапсырма:
№5. Өрнек құр және оның мәнін тап:

(39 - 20)+1=60 (70 - 40)- 7=23
(50 - 30)- 4=16 (53+20) – 7 =80
Енді міне 7 лақты анасына табыстадық.

ҮІ Бекіту.
Математикалық жұмбақтар
«Абай» ауылына: Ұлым, ұлым, ұлым деп,
Ұлдарын ана сүйеді.
Гүлім, гүлім, гүлім деп,
Қыздарын ана сүйеді.
Жауабы: 3 ұл, 3 қызы бар
«Шәкарім» ауылына:
Айқасқан екі таяқ
Тұрады жоқты сұрап
Жауабы: (Х)
«Ыбырай» ауылына: Қайратта бар екі гүл
Қанатта бар екі гүл,
Санатта бар екі гүл,
Жанатта бар екі гүл
Қоссақ барлық гүлдерді
Нешеу болды шешуі
Жауабы: 8
«Миға шабуыл»
1. Аптаның неше күні бар? Бүгін аптаның нешінші күні
2. Сандарды немен белгілейміз? (цифрмен)
3. Цифрді не істейміз? (көреміз, жазамыз)
4. Кесіндіні немен өлшейміз? (см, дм)
5. Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
6. Заттарды бір - біріне біріктіргенде қандай амал қолданамыз? (+)
7. Заттарды бөліп алуда қандай амалды қолданамыз? (Азайту)
8. Қосудың компаненттерін ата.
9. Азайтудың компаненттерін ата.
10. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті туралы не білесің?

ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
10 саны мен цифры

10 саны мен цифры

10 саны таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын анықтау. Балалардың жылдамдық қасиеттерін, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін дамыту. Шығармашылық...
Қосу және азайту 78+22, 100 - 22

Қосу және азайту 78+22, 100 - 22

Сандардың ондық құрамы туралы біліміне сүйеніп, разрядтан екі рет аттап екі таңбалы сандарды қосу және азайтуды орындауды қалыптастыру Күтілетін...
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушыларға үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту тәсілдерін үйрету. 2. Дамытушылығы Оқушылардың ақыл - ойын,...
7 санын қосу және азайту

7 санын қосу және азайту

Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Қадырбаева Гүлбарша Құбекенқызы...
8 + 16, 94 – 16 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдері

8 + 16, 94 – 16 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдері

Пәні: Математика Сабақтың тақырыбы: «78 + 16, 94 – 16 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдері». Сабақтың мақсаты: Білімділік: Екі таңбалы санға...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×