Сайтқа кіру Тіркелу

Дара және күрделі сан есім

Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есім.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың мақсаты: дара және күрделі сан есім туралы алған білімдерін бекіту; сөйлем ішінен сан есімдерді ажырата білу.
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың түрі: саяхат
Сабақтың әдіс - тәсілдері: талдау, практикалық, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру.
А) Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
Ә) Психологиялық дайындық.
- Балалар мына тақтадағы суретте не бейнеленген.
- Бұл – күн.
- Күннің қандай қасиеті бар?
- Жер бетіне жылуын таратады.
- Күн көзінен тараған жылуды бойымызға таратайық және бір - бірімізге жылылықпен, мейірімділікпен күлімдеп қарайық. Күннің жан - жағында айналып жүретін 9 планета бар. Оны біздер күннің айналасында орналасқандықтан «Күн жүйесі» деп атаймыз. Біздің бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі, сол планеталарға саяхатқа барамыз. Тоғыз планетаны атау.
- Ең бірінші ғарышқа ұшқан кім? Қай жылы?
- Қазақстандық ғарышкерлер кімдер?
- Саяхатымызды қазір жалғастырамыз, алдымен үй тапсырмасын тексеріп алайық.
ІІ. Үй тапсырмасы
Төмендегі сан есімдерді дара, күрделі түрлеріне топтап, сөзбен жаз.
9, 588, 45, 797, 25, 10, 888, 5.
Сан есім

Дара сан есім Күрделі сан есім
Көркем жазу минуты
Пп
Пиала, перде
- Ал, саяхатымызды жалғастырайық. Ғарышқа немен ұшамыз? Дұрыс, зымыранмен ұшу үшін бізге билет қажет. Билетті жұмбақты шешкенде ғана ала аламыз. Саяхатымыздың ерекшелігі сол, біз ұшып барған ғаламшардың тапсырмаларын орындауымыз керек. Соған дайынбыз ба?
- Алғашқы тоқтайтын ғаламшарымыз – Меркурий. Оның тапсырмасы:
1 - тапсырма.
Дара сан есімдерді күрделіге айналдырып жаз.
Жеті, он, отыз, сегіз, тоғыз, елу, қырық, бір, бес.

Үлгі: жеті – жетпіс жеті,...

Келесі ғаламшарымыз – Шолпан.
2 - тапсырма
Өлеңді мәнерлеп оқы. Дара, күрделі сан есімдерді теріп жаз.
Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар,
Жеті күннен құралады әр апта:
- Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, - деп,
Ойланбастан шыға аламын санап та!...
Ал отыз күн бір айыңды құраса,
Он екі ай - жыл, көп емес қой бұл аса.
- Үш жүз алпыс бес күн бар, - деп, - бір жылда!-
Жауап берем, егер біреу сұраса.
Қалай менің уақытым бос өтпек,
Кержалқау боп жатып алман төсекте!
Үш жүз алпыс бес күн деген, шынында,
Аз ба, көп пе... Көрші өзің есептеп!...
Келесі ғаламшарымыз – Марс
3 - тапсырма.
Сөйлемдерді көшір. Сан есімдерді сөзбен жаз.
Жер шарында 4 мұхит бар. Тынық мұхитының ең терең жері 11 километрдей болады. Ал теңіздің саны - 30. Жан - жағын құрлық қоршап жатқан теңіз 2 ғана. Олар: Капий және Арал теңіздері.
Ендігі ғаламшарымыз – Юпитер
4 - тапсырма.
Есте сақтау жаттығуы.
(уақытқа 1 мин)
Келесі ғаламшарымыз – Сатурн
5 - тапсырма. Өзіндік жұмыс.
Сан есімдерді тауып, сұрақ қой және түрлеріне бөліп жаз.
Әйгілі қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасов 1871 жылы дүниеге келген. Ол он сегіз жасында Омбы қаласына келіп, қалалық цирктен балуандар күресін көреді. Бір күні орыстың күшті балуандарының бірі А. Злобин: “Көрермендер арасынан күрескісі келетін адам бар ма?”- деп сұрайды. Кілемге он сегіз жасар Қажымұқан шығады. 18 минутқа созылған белдесуде А. Злобин Қажымұқанды әрең жеңеді. Осыдан соң оның күрестегі үлкен жолы басталады.
Күрес тәсілдерін жете меңгерген Қажымұқан 1908 жылы дүниежүзілік аренаға шығады.
Қажымұқан классикалық күрестегі тамаша жеңістері үшін 48 алтын, күміс және қола медальдарға ие болған.
Келесі қонатын ғаламшарымыз – Уран
6 - тапсырма
Жұмбақтар
1. Бір, үш, бес, он,
Жиырма, елу,
Жүз, екі жүз, мың бар.
Әрқайсысының құны бар.
(Теңгелер)
2. 100 мүйізі бар
Үстінде киізі бар.
(Киіз үй)
3. Қос құлақты 100 тісті,
Жүзінен бірақ іс түсті. (Ара)
4. 64 бөлмеде
32 тұрғын бар.
Ақ, қара қып бөлгенде
Бірін - бірі қуғындар
Ханы үшін де, жаны үшін де
Бермейді олар намысын.(Шахмат)
5. 1 ағаштың 12 бұтағы бар
Әр бұтағында 30 - дан жапырағы бар.
Жапырақтың бір жағы ақ,
Бір жағы қара кәнеки ойлан тап?
(жыл, ай, тәулік, күн мен түн)
Келесі ғаламшарымыз – Нептун
Шығармашылық тапсырма
1. Піл к3ті, піл к9ті емес, тіл к3ті.
2. 6н балдақ қол сәні, әшекей кесте т10 сәні.
3. 1еу білмегенді, 1еу біледі.
4. Әкесіз 7м – жарты 7м
Шешесіз 7м – анық 7м.
5. Өм’1р мен еңб2‘ ’8.
6. Өм’1р адам б6асын еңб2‘ке үйр‘7’ еді.

Сабақты бекіту.
Жерге қонамыз.
Сабақты бекіту
• Сан есім дегеніміз не?
• Сан есімнің сұрақтары қандай?
• Сан есімге мысал келтір.
• Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
• Мағынасын қарай нешеге бөлінеді?
Үй тапсырмасы
4 - жаттығу, 139 - бет
Бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×