Сабақтың тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық!
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлең - есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, санамақ, викторина, интерактивті тақта, тест, ертегі есеп, өлең есеп, слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 1 - 4 сыныптар арасында өтетін «Ойнайық та, ойлайық» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!.
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.
Сайыс сағатымызда өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар, бейнелі сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға, бір ұпайдан қосылып отырады. Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Жас математик» номинациясына ие болады.
2. Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
«Ақ сұңқар» тобы, «Жас қыран» тобы)
Топты таныстыру
Сайыстың кезеңдері:
І тур – Әзіл есептер
ІІ тур – Математикалық ребустар
ІІІ тур – Танграмм ойыны
ІV тур – Математикалық жұмбақтар
V тур – Санамақ жарысы
І тур
Әзіл есептер
“Ақ сұңқар” тобына
Етік киген Мысық төрт шортан ұстады. Бұл ұстағандарының жартысы. Ол неше балық ұстады?
8 шортан
«Жас қыран» тобына
1 кг етті пісіру үшін 1 сағат қажет. Осындай еттің жарты килограмын пісіру үшін қанша уақыт қажет?
1 сағат
“Ақ сұңқар” тобына
Үш ағайынды. Арман, Аян, Аслан ағайынды үшеуі әр сыныпта оқиды. Аслан Арманнан, ал Аян Асланнан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?
(Ең үлкені Аян, ең кішісі Арман, ортаншысы Аслан).
«Жас қыран» тобына
Қай ауылдың балалары? Әділет, Еркін, Ерлан үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі – Оралдан, екіншісі – Ақтаудан, үшіншісі – Астанадан келген. Ерлан мен Оралдан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі де Ақтауда болып көрмегендігі болса, қай бала қай ауылдан келген?
(Әділет – Ақтаудан, Еркін – Оралдан, Ерлан – Астанадан келген).
ІІ тур
МАТЕМАТИКАЛЫҚ РЕБУСТАР
ІІІ тур
Танграмм ойыны
ІV тур - Математикалық жұмбақтар
Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар.
(Домбыра)
Екі айнасы бар, екі найзасы бар,
Төрт сылдырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.
(Сиыр)
Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын бір шүмек.
(домбыра)
Өзі 4 қанатты және 6 аяқты,
Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты.
(Инелік)
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(Сызғыш)
Қарнында бір көлдің балығы бар,
Немесе жандының алыбы бар.
(Кит)
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.
(Қалам)
Екі ағайынды екеуі де бір үйде,
Бірін - бірі көрмейді.
(Көз)
Математикалық мақал - мәтелдер
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім ал)
2. Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады)
3. Екі жақсы қас болмас,
(екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сына ма, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға –
(екі елі қақпақ)
6. Жүз теңгең болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Жалқаудың екі досы бар: (бірі - ұйқы, бірі – күлкі)
9. Бес бармақ жиылса, (жұдырық болады)
10. Ер бір рет өледі,
(қорқақ мың рет өледі)
V тур - Санамақ жарысы
Сайыстың қорытындысы
Ойнайық та, ойлайық!
- кенжебаева
- 12 сәуір 2013
- 34079
- 0
- 0
Ілмек сөздер: математикалық сайыс, бастауышқа арналған
Ұқсас жаңалықтар:
Логикалық есептер мен тест жинағы
Логикалық есептер мен тест жинағы. Ұсынылған материалдарды факультативтік сабақтарда, үйірме жұмыстарында, сол сияқты математикалық кеш, викториналар...Арифметикалық амалдар
Бүгінгі сайыс сабағының мақсаты Білімділік: 5 сынып оқушыларына "Арифметикалық амалдар" тақырыбын қайталау арқылы білімдерін жетілдіру..."Үздік математик"
БҚО, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы, Жаңабұлақ орта жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Шукирбаева Айдана Асқарқызы...Қызықты математика
Математика Тақырыбы: Қызықты математика...Көңілді тапқырлар.
Нұрмашева Шарбану Насырқызы. Х.Наубетов атындағы орта мектептің жоғары санатты мұғалімі. Тақырыбы: Көңілді тапқырлар. Мақсаты: Білімділігі:...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.