Тақырыбы: Дені сау ұрпақ – тәуелсіз елдің болашағы!
Мақсаты:
1) Тазалық жайлы насихаттай отырып, денсаулығының қымбаттылығын түсіндіру.
2) Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3) Өз денсаулығын күте білуге, салауатты өмір сүруге, әдептілікке баулу.
Көрнекілік: Қанатты сөздер, орман көрінісі, суреттер.
ТСО: Магнитафон, үнтаспа.
Мұғалім: «Тазалық денсаулық негізі, саулық байлық негізі» деп халық мақалында айтқандай, Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында қоғамымызды құруымызға қарай Қазақстан азаматтарының дені сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салуға үлкен мән беріп отыр. Өйткені қазіргі уақытта денсаулықты күтпеу салдарынан науқас адамдардың саны жылдан - жылға өсіп отырғаны көпшілікке аян. Олай болса денсаулық үшін күрес әрбір адамның міндеті. Жас бүлдіршіндерге сол міндетті насихаттау мақсатында өткізіліп отырған ертеңгілігіміздің тақырыбы «Дені сау ұрпақ - тәуелсіз елдің болашағы!» - деп аталады.
1оқушы: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!
Әрдайым қуанышқа кенелгендер.
Бастайық, ертеңгілікті рұқсат болса,
Бәріңіз тамашалап көріңіздер.
Көрініс «Ормандағы емхана»
Ән орман, бұлақ бейнеленген әдемі көріністе айтылады. Сонымен бірге суретте дәрігерлік көмек көрсетілетін орын белгіленген. Ол жерде қалың көрпеге оранып, түс мезгілінде қасқыр ұйықтап жатады.
Кірпі: Қасқыр, ағай,
Таң баяғыда атса дағы тапжылмай,
Ұйықтап жатқаныңыздың мәні не?
Көрмей - білмей, ізденбей,
Өмір сүрудің сәні не?
Әлде, сырқаттанып қалдыңыз ба?
Қасқыр: Мен, Қасекең деген батырмын,
Ұйқым қанбаған соң, жайбарақат жатырмын.
Нендей шаруаң бар, айта бер!
Кірпі:
Еңбекпенен жан баққан,
Соныменен жай тапқан,
Кірпі деген мен болам.
Таңмен таласа тұрып,
Денемді шынықтырып,
Сонан - соң беті - қолымды жуып,
Жұмысыма кірісіп, төңіректі шоламын.
Әрі жұртшылық жақсы көретін,
Мен тілалғыш боламын.
Қасқыр: Мен кез - келген жерден тамақ тауып,
Тойғанымша төгіп - шашып жеймін.
Ыдыс - аяқ жуу деген не?
Жуынудың не екенін білмеймін,
Қарным ашса, қол жумай - ақ
Сенің өзіңді де жеймін.
(Кірпі қашып кетеді.)
Аю: Тәтті бал десе ашылады тәбетім,
Қолым қасық, керек болса ожау етем,
Аш болмаймын ешқашанда,
Балық етін тағам етем.
Таза болып жүруді мен,
Өміріме серік етем.
Көбелек: Ақ көбелек, көк көбелек,
Көлбеңдеймін ұшамын,
Гүл нәрімен сусындаймын,
Жасыл желек құшамын.
Табиғаттың құлпыруына,
Өзімше үлес қосамын.
Тиін: Біз тиінбіз, тиінбіз,
Әр бүршіктен нәр жиып,
Ойынды да ойнаймыз.
Сөйтіп жүріп,
Ертеңгі күнді де ұмытпай,
Қысқы қорды жинаймыз.
Қамба толды жаңғаққа,
Оңай емес жан бақпақ.
Тазалық жайлы қашанда,
Үйренеміз біз тақпақ.
Әрекет - қимыл қашанда
Денсаулықтың кепілі.
Қоян: Қолды жуып, ертеменен
Сәбізді тағам етемін.
Сондықтан да жүйрікпін мен,
Қуғаннан құтылып, қашқанда қуып жетемін.
Тазалық - денсаулықтың кепілі ғой,
Біледі, әрине оны, есті батыр.
(Ортаға белі бүгілген, қасқыр шығады).
Қасқыр: Аша алмай аузымды,
Қарысып жағым қалған ба?
Тыңдамаған ешкімді,
Қиын екен жалғанда.
Қақсайды тісім,
Ауырады ішім.
Оның себебін айтып, Көмек берер жан бар ма?(Қасқыр дауыстап жылайды) 2
Қоян: Қасқыр саған не болған, неге жылайсың?
Қасқыр: Енді не істеймін. Тісімнің ауырғаны қоймай тұр.
Аю: Айболит атаны шақырайық. Айболит атамыз бәрін де емдейді.
Қоян мен тиін: Сәлеметсізбе, Айболит ата. Қасқыр ауырып сізге келдік.
Қоян мен тиін Айболитті алып келеді. Айболит қасқырдың тісін емдейді.
Айболит: Бәрін былғап жей берсең,
Қиын болар өзіңе.
Өзіңе жау болмасаң,
Құлақ ас бұл сөзіме.
Тамақтансаң орнымен,
Тіс ауруы жоламас.
Тістеріңді күнде жуып, таза жүріңдер.
Қасқыр: тазалықты орындамағаным үшін сендерден кешірім өтінемін.
Аңдар: Ормандағы аң - құстар,
Тазалықты сақтайды.
Айтқан тілді алатын, Елгезектерді жақтайды.
Жүргізуші: Балалар, қасқырдың тісі неге ауырды? (Тазалық сақтамағандықтан, дұрыс тамақтанбағандықтан, тісін жумағандықтан)
Дұрыс балалар, сендер тіс ауруын болдырмас үшін тіс щеткасын пайдаланып, күніне екі рет тазартып, тамақтан соң аузыңды шайуды әдетке айналдырыңдар.
Денсаулық мықты болу үшін адамға мынандай шарттарды бұлжытпай орындау қажет. Дене еңбегі, дұрыс тамақтану, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және демала білу сонымен қатар таза жүру міндетті.
Тазалық: Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен Тазалық - деген баламын.
Кір - қожалақ балаға, қол жеткізбес арманмын.
Ойы да таза, бойы да таза баланың,
Жанына серік болып, қалғанмын.
2 - оқушы: Мына отырған Қуаныш, анау тұрған Үміткер,
Кішкентайынан ақылды, тазалыққа мойын бұрған.
Сүйкімді мынау Айжан, момақан ғана Аида,
Киімдеріне шаң жуытпай, шаштарын тараумен әуре.
Алтай мен Ислам, Айдана мен Аяулым,
Қолы басын күніне бес жуатын Ерсін.
Мадияр, Аружан, Диана, Жанерке мен Назерке, Аружан мен Мирас
Тазалық пен тәртіпті, келе жатыр жалғап.
Тазалық: Ауру – сырқаудан аулақ боп, жадырап жүрем десеңіз.
Айтқаныма құлақ сап, менімен дос болыңдар.
Осы кезде үсті басы алқам - салқам, бет аузы айғыз - айғыз, кір қожалақ бала келеді:
Кір бала: Түсінбеймін сендерге, бес рет жуып беттеріңді,
Жұқартып алмайсыңдар ма еттеріңді.
Мен ешқашан қалмаймын қастарыңнан,
Дос болсаңдар менімен, сипап жүрем бастарыңнан.
(Кір бала үсті - басын қасып, тазалыққа жақындай түседі).
Тазалық: Әй, кір бала!
Байқап сөйле. 3
Мұндағылар, тазалық жанашыры,
Сендейлерге арамызда орын жоқ.
Кір бала: А - а - а - а! Солай ма?
Сендер менен оңай құтылғыларың келеді - ә,
Кейінгі кезде менің де қатарым көбейді.
Еріншек пен жалқау, олақ пен салақ,
Дос болғысы кеп жүр, ісіме менің қарап.
Түрлі - түсті көйлегім, сәнім деймін,
Келтіреді тірлігімнің мәнін деймін.
Қол жууға уақыт жоқ, сондықтан да,
Тамақты да асығып, төгіп жеймін.
Кір бала бөлмедегілермен қол беріп амандасады. Оны сырттан бақылап тұрған Тазалық, балалардың қолын таза сүлгімен сүртіп, лас адамдармен бас изеп қана амандаса салу керектігін айтады.
Кір бала: Жуылмаса ыдыс - аяқ, сүртілмесе жиһаз шаңы.
Тазаланбай қалса егер, едендер мен аула маңы,
Мен сол жерден табыламын.
Шаңға оранған бұрыштарда,
Шыбын – шіркей, өрмекшімен.
Сондай тірлік кешем десең,
Қасыма кел, дос болайық.
Тазалық: Біздің балалар тазалық пен ұқыптылықты жақсы көреді. Олар күнделікті таңертең денелерін шынықтырып, тістерін тазартуды әдетке айналдырған.
Кір бала: Жо - жо - жоқ! Мен оған көнбеймін! Сенгім де келмейді!
Әуреге түсіп, қол жумай,
Кез - келген тағам жеу керек.
Жуынбаймын сондықтан.
Тырнақты да алмаймын,
Түрім жақсы кір жұққан.
Тазалық: Сен сенбесең, балаларға қара.(Сынып оқушылары тақпақ айтады)
1 - оқушы: Жақсы бала құлақ сап 2 - оқушы: Жақсы бала, ол анық -
Айтқаныңды ұғады. Істемейді шалалық
Төсегінен тұра сап Тап - таза боп жуынып
Таза ауаға шығады. Алады ол таранып
3 - оқушы: Жаман бала құрысып. 4 - оқушы: Аяқ - қолың болмай кір,
Өз - өзімен тырысып Тырнағыңды алып жүр.
Түске дейін жатады, Әдет қыл бұл ісіңді,
Шешесімен ұрысып. Тазалап жүр тісіңді.
Салдыр - салақ болмағын,
Саусағыңды сормағын.
5 - оқушы: Дос бол сабын, су мен сен,
Бола білсең төзімді
Жиі - жиі жуын сен:
Таңертең де, кешке де,
Жуын күндіз - түсте де,
Жуын тамақ алдында,.
Жуын ұйықтар кезінде,
Жуын тұрған мезгілде.
6 - оқушы: Сабындаған кезінде
Ашытады көзіңді.
Тап - таза етер өзіңді.
Тазалықтың досы
Жуын тамақ соңында,
Сабын деген - осы
7 - оқушы: Сылдырайды мөлдір су, 8 - оқушы: Ақ матадай гүлі бар,
Мөлдір суға қолың жу. Қызыл - жасыл түрі бар.
Тазалықтың досы Жұмсақтығы мамықтай,
Су деген - осы. Сүртінесін жалықпай.
Тазалықтың досы,
Сүлгі деген - осы.
9 - оқушы: Жалқаулықты тастаймыз,
Жаттығуды бастаймыз.
Қиынсынып қашпаймыз,
Шынығамыз жастай біз.
Сазды әуенмен «Ертеңгілік жаттығу» жасату.
Хормен: Жаттығулар таңертен,
Күнде жасап жүреміз.
Ер жеткенде біз ертең,
Шымыр болып өсеміз.
Жүргізуші: Төсектен тұрып, жуынғаннан кейін міндетті түрде бой жазу жаттығуларын орындаған дұрыс. Таңертең жасалатын қимыл - қозғалыстар күні бойы адамның сергек, көңілді жүруіне үлкен көмегін тигізеді. Сондай - ақ сабақ үстінде жасалатын сергіту сәттері де денелеріңді сергітіп сабаққа ынталарыңды арттырады.
Сергіту сәті: Керіледі мысық,
Бізге көзін қысып.
Жүгіреді жылдам,
Көрінсе оған тышқан.
Гүлдей болып өсеміз,
Күндей болып күлеміз.
Құстар болып ұшамыз,
Көбелектей қонамыз.
Жүргізуші: Үзіліс кезінде жасалатын қимыл – қозғалысқа қажетті ойындар
партада отыру және жазу кездерінде шаршайтын бұлшық еттерді сергітіп, тынықтырады.
Ойын: «Алма»
Шарты: Қол ұстасып шеңбер бойымен музыка айналғанда сендер айнала жүгіресіңдер, ол кенет үзілгенде «Алма, алма құрт жеген, жел тұрғанда құлайды.»деген сөзден кейін бәрің жүрелеп отыра қаласыңдар. Қолды бір – біріңнен босатуға болмайды. Отырып үлгермеген немесе артық қадам жасаған, құлап қалған оқушы ойыннан шығады. Қалғандары ойынды жалғастырады. Ең соңғы үш бала жеңімпаз болады.
Жүргізуші: Әй, кір бала! Сен жаман әдеттеріңді тастап, біздің балалардың қатарына қосыл. таза жүруіміз үшін керек қажетті заттарды балалармен жұмбақ шешу барысында еске түсіріп көр.
Жылпылдап, қолда тұрмайды,
Ақ көбік болып, зырлайды.
Кір - қоқысқа жаны қас,
Түк қалдырмай қырнайды.
(Сабын)
Қант та емес, ұн да емес,
Ұқсастық бар ептеген.
Тістің бәрін аппақ қып.
Тигізеді септігін.
(Тіс тазалайтын ұнтақ)
Арқалығы сүйектен.
Жапсырылған қылы бар.
Тістен көрсе кірлерді,
Тұра алмайтын жыны бар.
(Тіс тазалайтын щетка) Оның не екенін,
Кәне, бізге кім айтады?
Жылы толқын сағалауы,
Шойыннан жағалауы.
Үйдегі шағын теңіз,
Дұрыс болар, балалардың бағалауы.
(Ванна)
Қалта түбінде орным бар,
Мақсатым айқын орындар
Көз бен мұрын суын сүртем,
Мұның не екенін табыңдар?
(Қалта орамалы)
Қатар - қатар тісім бар,
Шашыңменен ісім бар.
(Тарақ)
Жуынып болғанда
Жүреді қолыңда. (Орамал)
Кір бала: Тазалық мен сенің достарыңнан көп нәрсе түсіндім. Енді сенімен дос болғым келеді.
Тазалық: Дос болғың келсе менімен
Басты байлық - денсаулық.
Сақта жолын сен тауып.
1 - оқушы: Денсаулық – ол шыныққан,
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық – ол тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
2 - оқушы: Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
3 - оқушы: Басты байлық - денсаулық,
Бабаң айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып
Осы шақтан балалық.
Жүргізуші: Қылығын кейбір салақтың,
Қайталап жүрмеңдер айнытпай.
Тазалық әрі денсаулық
Өмірдің бұлар тірегі.
Жақсы балмақ өреннің,
Әр ата - ана тілегі.
Адам денсаулығы - қоғам байлығы. Тәуелсіз Отанымыздың келешегі, көркеюі, оқушылар, сендердің қолдарында. Сондықтан кішкентай сендердің тазалықты сақтап, денсаулықтарыңды күтіп, салауатты өмір салтын орындауларың еліміздің тәуелсіздігіне қосқан үлестерің деп ойлаңдар. Балалар сендер күшті, әдемі, ақылды және дені сау болып өсуді армандайсыңдар. Ендеше айтылған талаптарды орындап жүрсеңдер деніңнің сау болатыны ақиқат.
ӘН: «Ел қорғауға әзірміз»
Дені сау ұрпақ – тәуелсіз елдің болашағы!
- Гулжаухар
- 4 сәуір 2013
- 23831
- 0
- 0
Ілмек сөздер:
Ұқсас жаңалықтар:
Кір қожалақпен Тазабектің бастан кешкендері
Мақсаты: Балаларға тазалық туралы түсінік бере отырып, жеке гигиеналарын сақтауға дағдыландыру. Денсаулық - басты байлық екенін ұғындыру....Денсаулық - зор байлық
Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық...Бақытың да, байлығың да – Денсаулық.
Ақтөбе облысы. Темір ауданы, Бабатай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әкімғалиева Ақарыс Кәдірқызы...Жаны саудың – тәні сау
Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектептің жоғарғы санатты бастауыш сынып мұғалімі Нұрмашева Шарбану...Тәні саудың, жаны сау
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна Сабақтың тақырыбы: Тәні саудың, жаны сау. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.