Сабақтың тақырыбы: «Бақыт құсы» 4 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: хохлома нақышымен таныстыру, пішіні күрделі заттарды бейнелеудегі графикалық біліктердің дамуына ықпал ету.
Дамытушылық: бейнелеу өнерін еңбек және дүниетану сабақтарымен байланыстыру.
Тәрбиелік: қоршаған шындық пен өнерге эстетикалық қарым - қатынастың қалыптасуына ықпал ету; эстетикалық танымын тереңдету.
Сабаққа қажет материалдар:
Мұғалім үшін: көрнекі материал – хохлома нақышымен безендірілген заттар немесе фотосуреттер, «Хохлома нақышы», «Құс суретін салу» кестелері.
Оқушылар үшін: альбом, жай қарындаштар, өшіргіш, акварель бояу, қылқалам, су құюға арналған ыдыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын пысықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Иллюстрация дегеніміз не?
Көрнекі түрде бейнелеу.
2. Иллюстрация қандай міндет атқарады?
Мәтіннің не туралы екенін түсінуге, оның мазмұнын ашуға көмектесу, оны көрнекі түрде беру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Сәндік өнер ерте заманнан бері келе жатыр. Тұрмыстық заттарды әшекейлеп қана қоймай адамдар өзінің әлемге көзқарасын, сұлулыққа құштарлығын білдірген.
Халық арасынан шыққан шеберлер қарапайым тұрмыстық заттарды жасап қана қоймай әдемілігіне де көңіл бөлген. Сәндік өнер латынның тілінен аударғанда «декор» мағынасы «сәндеу»дегенді білдіреді.
Оқушылармен бірге хохлома нақышымен безендірілген бұйымдарды көреміз. Олардың ерекшеліктерін – ол жасалған материалды, нақышта қолданылған бояулар, өрнектердің өзіндік ерекшелігін атап өтеміз. Бейне сәндік өнерде шартты, жинақталып берілетінін түсіндіреміз. Халық шеберлері шөп, гүл, жидектердің табиғи пішінін стильдендіргенде оны танымастай етіп өзгертпейді. Сондықтан сәндік нақыштан біз қарақат, раушангүл немесе түймедағының кескінін оңай танимыз.
Өсімдіктерден басқа құстар, жәндіктердің сұлбасына ұқсатылып жасалған сәндік өрнектердің композициясына ерекше мән береміз. Оқушыларға құстардың дене бітімі бейнеленген композициясын бейнелеуге тапсырма беріңіз. Стильдендіру мен жинақтау тәсілдерін қолдана отырып, кез келген нысанды өзгертуге болатынын түсіндіруге болатынын ескертеміз.
Стильдендіру – нысанның өзіндік ерекшеліктерін айшықтап көрсету.
Жинақтау – ұқсас нысандарды топтастыратын, нысанның барынша ортақ қасиеттерін көсету.
Практикалық жұмыс:
Сәндік өрнекті салудың ретін сынып тақтасына кезең - кезеңмен сала отырып түсіндіру.
Хохлома нақышы алдын ала түсіндірілген сұлбасыз, қылқаламмен салынады. Қылқаламды безендірілетін жазық бетке перпендикуляр етіп қойсақ, құс, гүл мен жапырақ кескінін түсіру жеңіл болады. Соңғы элементтер бояуға батырылған қылқаламды қажетінше қаттырақ, жеңіл батырып жүргізу арқылы салынады.
Тақтаға сурет салу тәсілдерін көрсету кезінде оқушыларға өрнек элементтерінің шағын, қол жаттықтыру үшін қажет суретін салуды ұсыныңыз.
Келесі кезең – қағаз параққа алтын түстес немесе сары түспен реңк беру. Ол кепкенше оқушылар өз нақышының композициясын ойластырады. Уақыт болса, балалар қарындашпен альбомға нобай жасай алады.
Оқушылармен өз бетінше жұмыс істеу кезінде балалар қылқаламмен дұрыс жұмыс істеп, өрнектің ырғағын сақтап, қосалқы детальдарды ерекшелемей, композиция тұтастығының сақталуын қадағалау.
Сабақты қорытындылауда балалар жұмысынан көрме ұйымдастыруға болады. Бірлесіп талқылау кезінде сабақ міндеттерінің қалай орындалғанына назар аударамыз.
Сабақтың қорытындысы:
Сабақ соңына қарай оқушылардың жұмысына талдау жасап, бағалау.
Үйге тапсырма: Хохлома нақышы бар суреттің үлгісін бейнелеу
Бақыт құсы (4 сынып)
- Дильназ
- 2 сәуір 2013
- 9310
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 4 сынып, бақыт құсы, сурет, білімділер сайты
Ұқсас жаңалықтар:
Акварель бояуымен анималистік жанрда композициялық жұмыс жасау (композиция ...
Бейнелеудің бірнеше техникалармен жұмыс жасауды үйрету, акварель бояуымен анималистік жанрда композициялық жұмыс жасау; Дамытушылық: • Сәндік сурет...Сәндік қолданбалы өнер
Сабақтың тақырыбы: Сәндік қолданбалы өнер. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың сәндік қолданбалы өнер туындылармен таныстыру. Теориялық...Портрет
Портрет түрлерімен таныстыруды жалғастыру, портрет салудағы графикалық дағдылар мен біліктерді қалыптастыру...Затқа қарап бейнелеу (натюрморт)
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Бабатай орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі Мамбетқұлова Жанат Талғатқызы...Аппликация
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Жумагалиева Бактыгул Зейновна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.