Сайтқа кіру Тіркелу

Қос сөздер

Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер

Сабақтың мақсаты: Сөйлемнен ішінен бір сөздің қайталануы арқылы және екі түрлі сөздің қосарлануы арқылы қос сөздерді табу. Оқушылардың топпен жұмыс істеулерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Типі: жаңа сабақты меңгерту.
Түрі: жарыс сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қозғау, топпен жұмыс

Көрнекілігі: кеспе қағаздар, дидактикалық ойындар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық.
Оқушылар хормен:
Мақсатымыз білім - алу
Міндетіміз – еңбектену
5 - ке қолды жеткізу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге қайталау
1 - топ «Әріп» тобы
2 - топ «Дыбыс» тобы
3 - топ «Сөз» тобы
Оқушыларды үш топқа бөліп, әр топқа шаблондар үлестіру.

ІІІ. Жаңа сабақ
Кейбір сөздер екі сөздің қосарлануы арқылы жасалады. Оларды қос сөздер дейміз. Жазуда қос сөздің арасына дефис (-) қойылады: қора - қора, бүгін - ертең, әке - шеше, үлкен - кіші, алыс - жақын.

ІV. Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын жазу
Терме диктант.
Қос сөздерді теріп жазу.
Түйеқұс, ата - ана, үйір - үйір, қосаяқ, бала - шаға, алабота, анда - санда, Темірқазық, жалт - жұлт.

V. Оқулықпен жұмыс:
240 - жаттығу.
Күрделі сөздерді тап.
Қора - қора қой жатыр
Қарын - қарын май жатыр
Түйе - түйе жүк жатыр
Ауыл - ауыл ел жатыр.

241 - жаттығу.
Ауызша орындалады.
Ойын: «Сыңарым қайда».
Жоғары - төмен
Күні - түні
Ыдыс - аяқ
Биік - биік
Қарқ - қарқ
Жылт - жылт

242 - жаттығу
Мәтінді оқып, қос сөздерді табу.
Кешқұрым жол қапшықтарымызды буып - түйдік. Жолға ыдыс - аяқтар алдық. Таңертең күн шығар - шықпастан жүріп кеттік. Жолда Есен аяғын тасқа соғып алды. Йод жағып, айқыш - үйқыш таңып бердік. Сапарды әрі қарай жалғастырдық. Асуға дейін бес - алты шақырым қалды. Алдымыздан ойдым - ойдым саз - батпақ шықты. Барлаушыларымызға ілесіп, ара - арасымен өтіп кеттік. Соңғы рет көл жағасында аялдаған едік. Сол арада жылаған бала дауысын естідік. Дауыс шыққан жаққа қарай тұра - тұра жүгірдік. Екі кішкентай бала жолдан адасып қалыпты. Жөн сілтедік. Олар әлсін - әлсін бізге бұрылып қарап қойып, кетіп бара жатты.

Кеспе қағаздармен жұмыс
1 - тапсырма
Өлеңнен қос сөздерді тап.
Көк құтандар көлбеңдеп
Көтеріле алмайды
Жалғыз - жалғыз ербеңдеп
Көк қояндар зулайды.

2 - тапсырма
Мақалдан қос сөздерді тап.
Көре - көре көсем болады,
Сөйлей - сөйлей шешен болады.

3 - тапсырма
Осы өлеңнің ішінен қос сөздерді тап.
Сеңгір - сеңгір таулардан
Секіріп Бурыл гуледі.
VІ. Жұмбақтар сайысы.
1. Қабат - қабат киінген
Төбеден шашы түйілген
Жеп көріп ем өзінен
Жас шығарды көзімнен
(Пияз)

2. Жерге тырс - тырс тамады,
Сайға қарай ағады.
Шешуін кім табады?
(Жаңбыр)

Үш топқа үш тапсырма
Берілген сөздерден қос сөздер жасау.
1 - топ ---------------- 2 - топ ----------------- 3 - топ
Дұп - дұрыс -------- қап - қара ------------- сап - сары
Қып - қысқа -------- тәп - тәуір ------------- шоп - шолақ
Қып - қызыл ------- моп - момақан ------- сүп-сүйкімді

VІІ. Ой - толғаныс.
Үйрендік

Қос сөздер
Ережесін айту. Мысалы:
Қора - қора, бүгін - ертең, әке - шеше, үлкен - кіші, алыс - жақын

VІІІ. Үйге тапсырма беру.
Алыс - жақын, тап - таза, сылдыр - сылдыр, у - шу.
Осы қос сөздерге сөйлем құрау.

ІХ. Бағалау.
Жеңген топты марапаттау.
Сабаққа араласқан оқушыларды бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×