Сайтқа кіру Тіркелу

Біз білімді ұрпақпыз

«Сыныптан тыс шара»
Тақырып: «Біз білімді ұрпақпыз»
Мақсаты: оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, топтар бойынша сайыс өткізу, шапшаңдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ойын бөлімдері жазылған плакаттар,
Жүру барысы:
Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп
Жарысқа қатысып көріңдер - деп балалар ортаға шақырылады.
Мұғалім:
1. - Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім ұшқыр ойға – сол алда – дегендей, бүгінгі сабағымызды бастайтын уақыт та келіп жетті.
- Балалар бүгін бізде кімдер отыр? /Қонақтар/
- Дұрыс айтасыңдар.
- Біздің халқымыз қонақжай екенін білесіңдер, келген қонақтарды қалай күтеміз?
- Иә, балалар, біз қонақтарды сабаққа жақсы дайындығымызбен, қарсы алайық.
2.«Қазылар алқасын» сайлау
Құрметті қонақтар, бүгінгі болатын сайысты «Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы» деген атпен 4 А сыныбының оқушылары ұйымдастырып отыр.
Сонымен ортада « Тамаша жетілік» тобы.
Екі топқа бөлу: «Құлагер» «Тайбурыл»
1. Сәлемдесу:
«Құлагер»
Құлагердей халық сүйген
Шаршамастан шабамыз
Қиналмай - ақ, сұрақтардың
Жауаптарын табамыз
«Тайбурыл»
Тайбурылды серік етсе
Қобыланды сынды бабамыз
Қиын сұрақты шешкен сайын
Арта түспек бағымыз
Сұрақ деген не тәйірі?
Шемішкеше шағамыз
2. Ой ұшқырлығын байқаймыз. «Бәйге» /әр дұрыс жауапқа 10 ұпай қойылады
1. Абай Құнанбаев кім?
2. Қабанбай батырдың шын аты? / Ерасыл/
3. Қазақтың ең алғаш ұшқыш – ғарышкері кім? /Тоқтар Әубәкіров/
4. Исатайдың жан серігі кім? / Махамбет/
5. Тірі табиғатқа не жатады? / өсімдік, адам, жануарлар/
6. Жүрек қандай қызмет атқарады? /қан айналу/
7. - Түйеқұс 2 аяғымен тұрғанда 15 кг тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады? /15кг/
8. - Ұшақ Алматыдан Семейге дейін 1сағ 40мин ұшады, ал кері қайтқанда 100 мин ұшады. Айырмашылығы бар ма? /100 мин/
9. - Екі қарға бірі оңтүстікке қарап, бірі солтүстікке қарап отыр. Олар бір - біріне « досым мен сені көріп отырмын дейді» сонда олар бір бірін қалай көрген. /екеуі бір – біріне қарама қарсы отыр/
10. Ілік септіктің сұрақтарын ата / кімнің?, ненің?/
4. « Жеті жұрттың тілін біл» немесе полиглот / дұрыс жауапқа 20 ұпай, егер біреуі дұрыс болса 10 ұпай/
Мұнда сендер қазақша, орысша, ағылшынша тілді дұрыс сөйлеумен қатар, қатесіз жазуларыңыз тексеріледі.
1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі / көктем - весна - spring/
2. Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,
Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп – шығар сапары жоқ / мысық - кот - cat/
3. Жүз теңгең болғанша,
Жүз........... болсын. /дос – друг – friend/
4. Тықырлатып тақтайды,
Түні бойы жатпайды /тышқан - мышь -/
5. Футболшының алаңдағы ойын заты /доп - мяч - ball/
6. Қабат – қабат қаттама
Ақылың болса аттама / кітап – книга - Book/
7. Жеті қазынаның бірі -
Адамды қорғап жүретін досы /ит – собака - dog/
8. Қыста ұйықтап жатады,
Жазда қызыққа батады / аю – медведь/
9. Бір үйге
Көзсіз боп басты сұғасың
Бұл үйден
Көреген боп шығасың / мектеп – школа/
10. Әр адамның шағын Отаны /отбасы – семья – family/
5. « Қызықты жетілік»
20 20 20
30 30 30
40 40 40

Бұл кезеңде сендер өздерің таңдап алған сұраққа жауап бересіңдер.
Жеңіл сұрақ 20, ең күрделі сұрақ 40 ұпай
қазақ тілі /20 ұпай/ - сөз таптарын ата
ана тілі - 30 /ұпай/
Балалар, бұл - жол басы даналыққа
Келіңдер түсіп келіп, байқайық та
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп
Соларды көре тұра қалайық па? - авторы / А Байтұрсынов/
/20 ұпай/ - Елтаңбаның авторлары кім? / Шот Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков/
20 ұпай - математика - Геометриялық фигуралардың периметрін қалай табамыз
30 ұпай – Неше материк бар, соны картадан көрсетіп бер
30 ұпай - неше мұхит бар, соны картадан көрсетіп бер
40 ұпай - Қашықтықты қалай табамыз
40 пай – 8 - дің көбейту кестесін айтып шық
40 ұпай - Отан деген не? / менің жерім, елім/
6.« Кім жылдам? 1 - топ
1. Ертегі оқисың ба?
2. Тәтті берсе жейсің бе?
3. Анаңа еркелейсің бе?
4. Сөмкеңде не бар?
5. Досың кім?
6. Аспанда не бар?
7. Қандай сыйлық алғанды ұнатасың?
8. Қандай тілек айтасың?
2 - топ
1. Жасың нешеде?
2. Қалтаңда не бар?
3. Қандай кітап оқисың?
4. Алма берсе жейсің бе?
5. Нені жақсы көресің?
6. Ініңнің аты кім?
7. Кеше не істедің?
8. Кімге сәлем жолдайсың?
7.«Біліміңді мықта» деп аталады.
Шабыт тасып шалқысын
Көңілді кеш жасайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ есеп бәрі бар
Білімдеріңді сынайық
Қателеспей мұқият ойланып айтуларыңыз қажет.
1. Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды? /1 адам/
2. Төрт жұмыртқа төрт минутта піседі, ал екі жұмыртқа неше минутта піседі? / 4/
3. Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысық отыр. Үйде неше мысық отыр? /4/
4. Тауық бір аяқпен тұрғанда 5 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады?/ 5/
8.« Сен білесің бе?» / екі капитан жарысы/
1. Кел, балалар, оқылық өлеңінің авторы кім? / Ыбырай/
2. Қазақстан тұңғыш президенті кім?
3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4. Қос бүйірін таянып тұрған қай әріп?
5. Аптаның бесінші күні қалай аталады?
6. Адам немен тыныс алады?
7. Жылджан құр қалған жануар?
8. Ұя салмайтын құс?
9. Көру мүшесі
10. 9 - мамыр қай күн?
9. « Ойлан да, аяқта»
Ойланбастан басқасын
Жазып қойма бұл жерге
Керек сөзді таңдап жаз
Уақыт берем сендерге
1. Отан оттан да........ /ыстық/
2. Айтылған сөз – атылған.........../оқ/
3. Көз қорқақ, қол.............../ батыр/
4. Ашу - дұшпан
Ақыл --....... /дос/
5. Денсаулық - зор................/байлық/
6. Күш - білімде
Білім -..................../кітапта/
11. Қорытынды:
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дей келе сөз кезегін әділқазыларға береміз
Қорытындылау, бағалау

Қарағанды қаласы,
бастауыш сынып мұғалімі
Исабаева Карлыгаш Нурлыбековна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×