Сайтқа кіру Тіркелу

«Зерде» сайыс сабағы

Тақырыбы: «Зерде» сайыс сабағы
Мақсаты: - Білімді, жан - жақты болуға жетелеу
- Көп білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.
- Іздемпаздыққа, тапқырлыққа, ойлануға жетелеу.
- Жарыста озып шығуға талпындыру.
- Білімді, дарынды болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сандық, сигналды карта, сигналдық белгі.
Сайыстың формасы: топтық
Әдіс: жарыс.
I. Ұйымдастыру кезеңі: Дайындықтарын тексеру, зейіндерін сайысқа аудару, сұрақ – жауап.
II. Сайысқа қатысқан топтардың аттары:
1 топ. «Тұлпарлар» Таныстыру.
Тұлпар деген атымыз,
Өжет және батылмыз.
Жарысуға бүгін біз,
Қырандармен дайынбыз!
Ұраны: Тұлпардай біз шабамыз.
Озып алға шығамыз!
2 топ «Қырандар» Таныстыру.
Біз қыранбыз, қыранбыз,
Білімге біз құмармыз.
Болашағы қазақтың.
Ұлы, қызы боламыз!
Ұраны: Алға, тек алға!
Жеңіске қарай самға.

III. Әр топтың көшбасшылары төс белгілерін сипаттап, түсінік береді.
IV. Әділ - қазылар алқасымен таныстыру.
V. Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгін 2 а сынып оқушыларының білімдерін зерделейтін»Зерде» атты интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер. Сайыс 5 турдан тұрады:
1. Білгенге маржан
2. Әліппе
3. Математик
4. Құрастырма сурет
5. Жұмбақ шешу

I тур.»Білгенге маржан» - мониторингке 6 кітаптың суреті шығады, әр кітапта 1 сұрақ, 4 жауап бар. Соның 1 дұрыс жауабын табу керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Егерде жауап дұрыс болмаса қарсылас топ жауабын дұрыс тапса, 1 ұпай ұтып алуға мүмкіндік бар, әр сұраққа ойлануға 1 минут уақыт беріледі.
1 сұрақ. Өсімдіктер тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет?
2 сұрақ. Қазақ даласында алғаш білім жарығын алып келген адам кім?
3 сұрақ.»Қияр» сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар?
4 сұрақ. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсет.
5 сұрақ. Тәуелсіздік мерекесі қай күні тойланады?
6 сұрақ. Кімнің сөзі?
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт берекең – атаң қымбат,
Аймалайтын - анаң қымбат
Ұят пенен ар қымбат.
II тур.»Әліппе» деп аталады.
Мониторингке сөздің алғашқы және соңғы әрпі беріледі
Б...... а, қай топ көп сөз тапса 5 ұпайға ие болады. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі.
III тур. «Математик»
Мониторингке амалдар шығады:
30? 60 = 90, 50? 20 = 30, 17? 5 = 22 т. б
Бір минуттың ішінде ойынды аяқтау қажет. Қай топ көп дұрыс жауап берсе, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады.
IV тур. Құрастырма сурет:
Мониторингке жасырылған сурет шығады соның бір бөлігін алып тастағанда жасырылған суретті табу қажет.
- Бұл ертеден бері көп таралған көлік түрі.
V тур. Жұмбақ шешу.
Бұл жұмбақтың шешуі сыйқырлы сандықта. Дұрыс шешкен топқа 5 ұпай.
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. ( қой)

Қорытынды жасалады: ( әділқазылар алқасы)

VI. Екі топтың көшбасшылары ортаға шығып бір - бірлеріне тілектерін айтады.
VII. Қонақтарға ән шашу»Бала тілегі» әнімен сайысты аяқтау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×