Тақырыбы: 5 саны мен цифры.
Мақсаты: Оқушыларға 5 саны мен цифрын таныстыру. Өткен сабақты толықтыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тура және кері санау дағдыларын, есептеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жылдамдықта, тапқырлыққа, достыққа, өзара көмек көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Сандар қатары, санау материалдары, геометриялық фигуралар, ойынға қатысты суреттер.
Сабақ түрі: Ойын сабақ.
Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру.
1. Жылулық шеңбері. Балалар бір - біріне жылулық сыйлап, шеңбер бойымен жүріп тақпақты хормен айту.
Шашы – алтын, көзі - от,
Шыға ғой, Күн, тезірек.
Шуақ берші, жылу бер,
Маған оған, досыма,
Тағы, тағы, тағы да!
II. Үй жұмысын тексеру.
1. Ауызша 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санау.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.
2. Ойын “ Кім тапқыр? ’’
Өздеріне таныс цифрлар мен арифметикалық таңбаларды атап көрсету.
1, 2, 3, 4; +, -, = ‹, ›
3. Өз орныңды тап! ойыны
Тура және кері сандар қатарын көрсету.
1, 2, 3, 4. 4, 3, 2, 1.
4. Көршісін тап! Ойыны
5. Ойын “ Cан ойла, тез ойла! ” Сандар құрамын айту. Бос орынға сан қою.
2=1+ 3=2+ 4=3+ 4= +3
3=1+ 4= +2
III. Сергіту сәті.
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Өрнек құрастыру.
Аулада 4 балапан жайылып жүр еді, оған тағы 1 балапан келіп қосылды.
Аулада неше балапан болды?(5)
2. 5 цифрымен таныстыру.
3. 5 саны қалай шыққанын айтып, өрнек жазу.
4+1=5
4. М. Қуанышбековтың “Бес саусақ’’ өлеңін жатқа айту.
Ал, санайық, саналық,
Саусақтарға қарап - ап
Қане, қане, саналық,
Санын біліп алайық,
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу,
Қолымдағы саусағым нешеу?(5)
5. 5 саусақтың атын атау: бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек.
V. Әліппе - дәптермен жұмыс.
1. 5цифрын үлгіге қарап, саусақпен бастыру.
Ауада жазып үйренді.
2. 5 цифрын жазу.
3. Геометриялық пішіндерді сәйкес санға байланысты бояу.
VI. Сергіту сәті.
Біз жаздық, біз жаздық,
Саусақтарды қозғадық.
Бір, екі, үш,
Демаламыз жинап күш.
VII. Ойын Қарлығашқа көмектесейік.
Қораптарға түймелерді пішіндеріне қарай жинастырамыз.
VIII. Сабақты сұрақ - жауап түрінде қортындылау.
Біз не білдік?
IX. Үйге 5 саны мен цифры.
5 саны мен цифры
- Nailya
- 26 ақпан 2013
- 22806
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 5 саны мен цифры, бастауыш, сабақ жоспары, математика
Ұқсас жаңалықтар:
5 саны мен цифры
Сабақтың мақсаттары: 1. 5 саны, 5 цифрымен таныстыру. Оқушыларды 5 - ке дейінгі санауға, қосуға, азайтуға үйрету....8 саны және цифры
Мақсаты: а) 8 саны мен цифрын енгізу;8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру; 8...5 саны мен цифры
Қостанай қаласы, №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ермаганбетова Гулсум...9 саны және цифры
Сабақтың тақырыбы: 9 саны және цифры...7 саны мен цифры. Тура және кері санау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №2 "Айгөлек" балабақшасының тәрбиешісі Молдахан Мира Жақсылыққызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.