Қазақ тілі
2 - сынып.
Тақырыбы: Лепті сөйлем
Мақсаты: - сөйлем түрлерін қайталау;
- лепті сөйлеммен танысу;
- сөйлемдерді бір - бірінен ажырата алуы;
- қатесіз жазуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілік: суреттер.
ОТҚ: интерактивті тақта
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
III. Үй тапсырмасын тексеру, дәптер ауыстыру, ескертулер айту.
IV. Дәптердегі жұмыс: күнді, тақырыпты жазу, көркем жазу: Лл қала.
V. Өткен тақырыпты қайталау: сөйлем, хабарлы сөйлем, мысалдар келтіру.
Тамаша ғой қыс деген!
Аяз бетті тістеген!
Келе жатыр қасқыр,
Тұр, қасқырды басқа ұр!
– Қандай көңіл - күймен оқыдым? Қандай тыныс белгісін қойдым? Ендеше, бұл – сөйлемнің үшінші түрі, ол лепті сөйлем деп аталады. Адамның көтеріңкі көңіл күйімен айтылған сөйлемді лепті сөйлем дейді. Лепті сөйлемнің соңына леп (!) белгісі қойылады.
VI. Кітаппен жұмыс.
Ережені оқу: Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі(!) қойылады.
Ауызша 240 жаттығуды орындау, мұғалім бастайды, оқушылар жалғастырады.
241 жаттығуды орындау.
242 жаттығу. Алақай, ура, жасасын сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.
VI. Мына сөйлемдердің соңына тыныс белгісін қой
Жасасын тәуелсіз Қазақстан
Он алтыншы желтоқсанда Қазақстанымыздың тәуелсіздігіне жиырма бір жыл толады
Сен осы мерекеге не дайындадың
VII Төмендегі сөйлемді аяқтаңдаңдар:
Сөйлемнің неше түрін...?
Ауа қандай...!
Біздің сыныпта он сегіз бала....
VIII. Кітаппен жұмыс.
244 жаттығу.
IX. Үйге тапсырма: № 246, ережені оқу
X. Бағалау, қорытындылау
Саған бүгінгі сабақ ұнады ма?
Алақай, бізге қонақтар келді!
Сабақ аяқталды, сау болыңыздар.
Лепті сөйлем
- мака
- 25 ақпан 2013
- 40246
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш сынып, қазақ тілі, лепті сөйлем
Ұқсас жаңалықтар:
Сөйлем
Екі немесе бірнеше сөздің бір - бірімен байланысуы сөз тіркесі деп аталады. Сөз тіркесінде алдыңғы сөз бағыныңқы, соңғы сөз басыңқы болады. Мысалы:...Лепті сөйлем
Лепті сөйлем жайында білім беру; көңіл – күйге байланысты айтылатын сөйлемдерді басқа сөйлемдерден ажырата білуге үйрету; жазу сауаттылықтарын...Жыл мезгілдері
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, №1 Затобол орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Б. Ә. Омарова...Лепті сөйлем
Қарағанды қаласы, Қазыбек Би ауданы, «№6 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Кордабаева Жулдыз Мухаметжановна...Сөйлем
Атырау қаласы Ы. Алтынсарин атындағы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құбиева Зауреш Паңгерейқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.