Пәні Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: «Астана»
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың өлеңді түсініп оқи отырып, сызба арқылы өлеңнің мазмұнын өз сөздерімен түсіндіру дағдыларын қалыптастыру.
2. Салыстыру, қортынды жасау, пікір айту арқылы сөздік қорлары мен ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Туған жерге деген құрмет пен сүйіспеншілікке және патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі. Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі. Сұрақ - жауап, талдау, жинақтау
Көрнекіліктері Астана қаласының суреттері түсірілген слайдтар, ту.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық)
Үлкенге де Сіз.
Кішіге де Сіз.
Баршаңызды құрметтеп.
Бас иеміз біз.
ІІ. Үй тапсырмасын қозғау.
- Ең жақсы мекен жайлы қоныс іздеген кейіпкерлер өз мақсатына жетті ме?
- Туған жер туралы жазып келген әңгімелеріңді оқыңдар.
- Туған жерлеріңнің көркеюіне сендер қандай үлес қосар едіңдер?
- Мақал – мәтел айту.
1. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
2. Туған жердің жуасы да тәтті
3. Құртақандай торғай да,
Өз ұясын қорғайды.
4. Туған жердің қадірін
Шетте жүрсең білерсің.
5. Сағынған елін аңсайды
Сары - ала қаз көлін аңсайды.
ІІІ. Ребус шешу
Аспан,,,,, кітап, нан,, (Астана)
Алма тау,,,,,, домбыра,, (Алматы)
1-ші слайд Астана қаласының суреттері көрсетіледі.
ІV. Сұраққа жауап алу
- Қай жылы біз Тәуелсіздігімізді алдық?
1991 жылы 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні болып жарияланды.
- Биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл толып отыр?
20 жыл
- Ең алғаш қазақ елінің Президенті болып кім сайланды?
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- ҚР рәміздері қай жылы қабылданды?
1992 жылы 4 маусымда қабылданды.
- Рәміздерге не жатады?
Ту, Елтаңба, Әнұран.
- Қазақ елінің Ата - Заңы қай жылы қабылданды?
1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. Одан кейін 1995 жылы 30 тамызда өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп қайта қабылданды.
- Елімізде 7 қысқы Азия спорттық ойындары қашан болды?
2011 жылы Астана мен Алматы қаласында болды.
- Астананың тұсаукесері қай жылы болды.
1998 жылы 10 маусымда
- Астананың алғашқы аттары қалай аталады?
Ақмола 1939 жылы аталды, Целиноград 1961жылы аталды, Астана 1998 жылы аталды.
V. Жаңа сабақ
Осы екі қала туралы жазған Күләш Ахметованың «Астана» атты өлеңімен танысамыз.
Автордың өмірбаянымен танысамыз.
1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда дүниеге келген Жамбыл облысы, Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген. 1961 жылы Жамбыл мед училищесінде оқыған. 1973 жылы ҚАЗМУ-ды тәмамдаған. Талас ауданы Ленин жолы Республикалық Қазақстан пионер газеттерінде әдеби қызметкер болған. «Жалын» баспасының поэзия бөлімінде редактор болған. «Сен менің бақытымсың», «Ақ гүлім», «Жазушы», «Бұлақтағы жұлдыздар» т. б шығармалары бар.
VІ. Оқулықпен жұмыс
1. Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды, түсіндіреді.
Оқушылар хормен оқу, тізбектеп оқу, шумақпен оқу.
2. Бәйтеректің суреті көрсетіледі. Бәйтеректің биіктігі 97 метр, салмағы 85 тонна. Мұнара ішінде кең холл бар. Онда 2 жүрдек лифті бар. Арнайы шынымен әшекейленген күмбездің салмағы 70 тонна. Алтын шардың төбесі 1553 шаршы метр құрайды. Осы шардың ішінде қала көркін тамашалайтын панорамалық зал бар.
VІІ. Сөздік жұмыс
Саф – таза ауа.
Өзек – адамның мүшесі.
Ұлылық – үлкендік.
Түп қазық – берік орныққан.
VІІІ. Сергіту сәті
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да.
Шуақпен нұр төгіп,
Көңілді кетті көтеріп.
ІХ. Сызбамен жұмыс
Сарыарқа Алатау Алматы
Есіл Алматы Астана
Астана Қонақ үйі Апорт
Бәйтерек Медеу Бидай
Сұрақ.
– өлеңнің осы сөздерге әр қайсысына қатысты жолдарды тауып оқу;
- Алматы мен Астана аттары неге қатар аталады деп ойлайсың?
Х. Дәптермен жұмыс
ХІ. Қорытынды. Үш арыс туралы не білесіңдер? (тақпақ айтылды) Бүгінгі Астана өлеңінің мазмұнында нелер айтылған?
Астанам - Арқадағы арман қала,
Бақыты жұлдыз болып жанған қала.
Арманы бабалардың орындалып,
Сыңсытып талай ғасыр салған қала, - деп ақын жырлағандай Астан туралы не білдік? (суреттер көрсетілді)
ХІІ. Үй тапсырмасы. Жаттау, 82 беттегі өлеңді аяқтау.
ХІІІ. Бағалау
Астана
- мака
- 25 ақпан 2013
- 6502
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш сынып, ана тілі, Астана
Ұқсас жаңалықтар:
Күләш Ахметова және Астана
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Атамекен орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Санкибаева Мадина...Астана-бас қала. Сан есім (дара, күрделі)
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Асемгүл Жақаева...«Өз Астанам – өз ордам»
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Чириковка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Жағыпарова Венера Ерғалиқызы...Астана – бас қала
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол №1 орта мектептің мұғалімі Малғажова Жайнагүл Сабарбекқызы...Астана
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.