Сабақтың тақырыбы: «Алып бала»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтін мазмұнын меңгерту. Қ. Мұңайтпасов жайлы мәлімет беру, мәтіннің мазмұны арқылы қосымша біліммен толықтыру.
Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін арттыру. Оқушылардың тілін, сөздік қорын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
Шыдамдылыққа, адал қиыншылықта көмек көрсетуге, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қ. Мұңайтпасов пен автор портреттері, Мұқан жайлы газет, журналдар, мәтінге байланысты суреттер.
Әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ - жауап, логикалық ойлау.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу, математика.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- С. Мұқановтың «Батылдық» әңгімесі.
Мазмұнын сұрау. Жалпы сұрақ.
- С. Мұқанов кім екен?
- Балуан Шолақтың шын аты кім?
-
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту
- Балалар, менің үстелім үстінде 8 карточка жатыр. Сыртында сандар жазылған. Осы ондық сандарды өсу ретімен орналастыру керек, сонда сөз шығады, бұл әрі сергіту кезеңі болсын.
10 20 30 40 50 60 70 80
А—Л—Ы--П--Б –А—Л--А
«Ой шақыру»
Жаңа сабақ
Мақсатын хабарлау
Балалар бүгінгі өтетін әңгімеміз де, палуан туралы. «Алып бала» деп аталады.
- Автор туралы түсінік беру
- Қажымұқан жайлы мәлімет беру
- Көрген киноларымен, оқыған, естігендерін сұрау.
Мағынаны тану.
1. Магнитофоннан мәтінді тыңдату.
2. Жұптасып оқу.
3. Сөздік жұмыс.
«Оқыра» - сиырдың үстінде тері мен еттің арасында бүркіттер болады. Жаздың күні оқыра тиген сиырлар құйрығын тігіп алып, екі көзі алақтап, бет - бетімен тыраңдап шаба жөнелетін. Мұндайда жолында тұрмау керек.
Ұрғашы бөгелек маусым, шілде айларында ұрықтанады. Ұрықтанысымен 1 - 2 сағаттан кейін сиырдың арқасына қонып, ет пен терінің арасына дамиды. Содан соң теріні тесіп, топыраққа түсіп 20 - 60 күн аралығында сиыр қуатын оқыра болып ыңылдап ұша бастайды.
Құзар жар – биік жар
Торығып – түңіліп, ренжіген
Сұрақтар қою.
- Мұқан қозы бағып жүргенде қандай жағдайға душар болды?
- Бала жігіт неге тарығып жылады?
- Мұқанның қандай әрекеті ауылды таң қалдырды?
- Әңгіме неге «Алып бала» деп аталған?
Сергіту сәті:
Шығу үшін шымыр боп,
Шынығамыз шаршамай.
Бұлшық еттер шымыр боп,
Аламыз сосын тыныс жай.
Сурет бойынша жұмыс (тілін дамыту)
- Балалар суретте кімді көріп тұрмыз?
- Оның денесі қандай?
- Осы сиырды көтеру екінің қолынан келе бермейді, ендеше ол қандай?
Венн диаграммасы:
Қажымұқан Бала жігіт
малшы
кедей
еңбек -сүйгіш.
Балалар екі баланың бойынан қаншама қасиеттер көріп отырмыз
Батырлық, адалдық, мейірімділік туралы мақал - мәтелдер сұрау.
Спорт мектебі: Ермахан Ыбырайымов, Дәулет Тұрлыханов, Шәміл Серіков, Ольга Шишигиналарға тоқталу.
Газет бойынша әңгіме.
Ақындықты қалады. Көріпкелдігі бар.
Қажымұқан айтқан сөзі бар. «Арқада Есіл жағасында туып - өстім. Сырда Арыс жағасында дүниеден өтермін. Жөргекке ораған жер мен кебінге оранған жердің арасы алыс болды, өкінбеймін, Қазақ жерінің алыстығы жоқ» Қажымұқан барлық қазақ даласына ортақ.
1948 жылы Шымкент облысының Арыс ауданындағы «Ленин туы» кол - хозында қайтыс болады.
Сабақты пысықтау:
« Білім бәйтерегін» көтеру
- Балалар алдымызда нені көріп тұрмыз?
Ағаш
Ағашымыз жапырақсыз әдемі емес, ағаш көркі жапырақ дегендей ағашымызға не жетпей тұр?
- Ендеше бәріміз бірігіп ағашымызды жапырақпен гүлдендірейік.
- Ол үшін алған білімімізді ортаға салайық.
Жапырақта жазылған сұрақтар тарату. Оқушылар жауап беріп, жапырақты бәйтерекке іледі.
Үйге тапсырма:
Бағалау.
"Алып бала"
- мака
- 20 ақпан 2013
- 7273
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш сынып, ана тілі, Қажымұқан Мұңайтпасов
Ұқсас жаңалықтар:
Жиб - Жица күресі
Сабақтың мақсаты: 1. Автор туралы түсінік беру. Қажымұқан Мұңайтпасов өмірі жайлы толық деректермен таныстыру. 2. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау...Е. Салықов. Күзгі орманның көріністері
Оқушылардың сөздік қорын молайта отырып, ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Жан-жануарларға деген сүйіспеншілік...Қажымұқан – өнер иесі
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы Жақаева Асемгүл Есқабылқызы...Балуан
Ақтөбе қаласы №32 мектеп - гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Элеонора Дузжасаровна...Балуан
Ақтөбе қаласы №32 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Элеонора Дузжасаровна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.