Тақырыбы: Оқыту нәтижелілігінің қажетті шарты.
“Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым - қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мұғалім оқушының сабақ үрдісіндегі белсенділігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.
Заман талабына сай оқу үрдісін ұйымдастыруда оқушыны өнімді әрекетке баулу арқылы өз мүмкіндігін сезінуге, ашуға, өз бетінен білімін толықтыруға үйрету, аса қабілетті балалардың танымдық мүмкіндіктеріне сай сұранысын қанағаттандыру аса маңызды. Осыған байланысты баланы зерттеу әрекетіне дайындау, оның зерттеушілік ізденіс білігі мен дағдыларын қалыптастыру қазіргі заманғы білім беру ісінің маңызды міндеті болып есептеледі.
Қазіргі таңда еліміздің барлық мектептерінде білімнің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Мұндағы негізгі мақсат - жаһандану заманында білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне енуі. Сондықтан жаңашылдық, яғни инновациялық жүйе негізінде оқушылардың белсенділігін арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру, танымдық - шығармашылық қабілетін дамыту, яғни шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін дара тұлғаға терең білім беру.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп - өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.
Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтары енгізілуде. Жаңа оқулықтар көпдеңгейлілігімен, интеграцияланғандығымен және дамыта оқыту жүйесі қағидаларына сәйкестендірілгендігімен ерекшеленеді. Дамыта оқыту педагогикалық жұртшылық санасына сіңген және бүкіл білім беру жүйесіне әсерін тигізіп жатқаны бәрімізге белгілі. Бірақ, өкінішке орай, кейбір мұғалімдер дамыта оқыту технологияларын орынсыз пайдаланып, оқыту нәтижелілігіне көңіл аудармайды.
Мектептің бастауыш сатысындағы оқу пәндері бойынша оқу - тәрбие сапасын мониторингілеу - оқушылар білімін оқу пәндері бойынша мемлекеттік міндетті стандарт пен оқу бағдарламасына сәйкестігін тексеру, олардың білімді меңгерудегі кемшіліктер мен жетімсіздіктерді анықтау, оны жетілдіру мақсатында жүргізелетін бақылау.
Мониторингілеу - «оқушы - оқытушы - ата - ана» арасындағы ынтымақтастық, байланыс, бірігіп жұмыс істеу, шығармашылық одақта болу, бірге басқару сияқты қарым - қатынастардың орнығуына ықпал етеді. «Оқушы оқытушы ата - ана» жүйесінде мониторингілеу оқушының білімін үздіксіз бақылау нәтижесінде оқушыны білімсіздіктен білімге қарай ұмтылдырады. 1 - слайд
Мониторинг – белгілі бір нәрсенің жай - күйін бақылау, талдау және болжау жүйесі, белгілі бір параметрлерді анықтаудағы бақылау құралы. Мониторинг бөлшектері мыналар: байқау, сараптау, бағалау, жетілдіру. 2 - слайд
• Мониторингтің басты ерекшеліктері: 3 - слайд
• оқушының белгілі бір тақырыпты төмендеу меңгергенін, төмендеу баға алғанын байқап, білімдегі олқылықты жою мақсатында тапсырмалар жүйесін ұсынамыз;
• шәкірт өз кемшілігін байқайды, өз құрбыларынан қалмау үшін не істеу керектігін аңғарады;
• өз зейінін тәрбиелейді;
• білім жүйелілігі мен тізбекті байқайды;
• Ойланып оқуға дағдыланады;
• Оқушының білім арттыруға жағдай туады.
Мақсатына қарай мониторинг – көп деңгейлік жүйе: 4 - слайд
• 1 - деңгей мұғалім жүзеге асырады (сынып оқушылары мен ұжымдарының даму динамикасын анықтайды)
• 2 - деңгей мектепішілік. (сыныптардың даму динамикасын тоқсан, жылдық қорытындылары бойынша мектеп әкімшілігі анықтайды)
• 3 - деңгей білім мекемелерінің даму динамикасын бақылау.
Өзім осы мониторинг жүйесін еңбек практикамдағы ең басты жұмыстарымның бір түрі етіп алып жүрмін, яғни тақырыптық бақылау жұмыстарының, оқу жылдамдықтарының нәтижелерін, тоқсандық білім қорытындыларын, сабақ үрдісіндегі оқушының іс - әрекет жағдайын зерделеп, оқушының даму мониторингісін жасаймын.
Қазір 3 «в» сыныбында сабақ беремін. Осы сыныпта 2 - сыныптан бастап жұмыс жасаймын. Алғашқыда бұл сыныппен жұмыс жасау маған біраз қиындықтарды туғызды.
Олар:
1) 1 - сыныптан 2 - сыныпқа жаңа ғана өтуі;
2) 1 - сыныпта әр түрлі мұғалімдер сабақ берулеріне байланысты оқушының мектепке қалыптасуы орта деңгейде болуы;
3) Оқушының сабақ үрдісіндегі іс - әрекет жағдайлары орта деңгейде болуы.
Өткен 2009/10 оқу жылының қыркүйек айынан бастап ең бірінші оқушының сабақ үрдісіндегі іс - әрекет жағдайларына, бақылау жұмыстарының қорытындысына, оқу жылдамдықтарына мониторинг жасап, ата - аналар жиналысында талдап, әңгіме жүргіздік. 5 - слайд
Мониторингтің қорытындысы бойынша кемшіліктерді жою мақсатында жүргізілген жұмыстар:
- Алға оқытудың жаңа технологияларын және тиімді тәсілдерін пайдаланып, сабақты түрлендіріп өткізу мақсаттары қойылды.
- Оқушылардың пәнге деген ынтасы мен жауапкершіліктерін, белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыратын ойын, жарыс сабақтар жүргізіліп, дидактикалық тапсырмалар бойынша жеке оқушылармен жұмыстар жүргізіліп отырды.
- Ата - аналар жиналысында мониторинг қорытындысымен таныстырылып, талқыланды.
- Баласының ортадан төменгі деңгейдегі үлгерім көрсеткішін беріп жүрген оқушылардың ата - аналарымен (Аманұлы Б, Асхатов И., Бергентай А., Бақыт Н., Қалымберген А., Данияр А., Сапарбек Д., Утегенов Е. ) жеке әңгіме жүргізіліп, қатаң ескертулер айтылады.
- Ата - аналар жиналысында жекеленген пәндер бойынша сауаттылыққа үйрету, есептеу, оқу, тілдік ұстанымын сақтай білуге баулу жұмыс жасау жолдарымен таныстырылады.
Бүгінгі таңда көптеген педагогикалық технологиялар оқу - тәрбие үрдісінде пайдаланылып келеді.
Олар:
Соның ішінде білім сапасын арттыру мақсатында сынып оқушыларының жас ерекшелігіне қарай тек ең тиінділерін ғана пайдаланған жөн. Мониторинг қорытындыларын ескере отырып, сабақта өзім «Дамыта оқыту», «Саралап – деңгейлеп оқыту», «Ақпараттық технология» әдіс - тәсілдерінің элементтерін үнемі пайдаланып отырамын.
Дамыта оқытудың ішінде әсіресе «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының», математика пәнінде Ж. Қараевтың «Саралап - деңгейлеп оқыту» технологиясының элементтерін пайдалану, өзіме де, оқушыға да ұнайды және білім сапасында үлкен нәтижелерге жетіп отырамыз, сонымен бірге ақпараттық технологияны, яғни интерактивті тақтаны үнемі пайдаланамыз.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын» жарыққа шығарған американдық педагогтар ДЖ. Стил, К. Мередит, Ч. Тэмпл, С. Уолтер. Бұл технология бойынша оқушы өзінің түйсіну қабілетіне байланысты берілген ақпаратқа сыни түрде қарап, ой елегінен өткізеді. Шешім қабылдауға, өз пікірін ашық айтуға, тұжырымдама жасауға, болжауға тәрбиеленеді. Ана тілі, қазақ тілі пәндерін оқытуда технологияның жағымды жақтары өте көп.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының
Мақсаты:
Барлық жастағы оқушыларды кез - келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды сабақта және сабақтан тыс уақытта үйрету.
Міндеттері:
- Жоспарлауға дайын болуы;
- Бейімделгіштігі (басқалардың идеяларын қабылдай алуы);
- Қайсарлығы (қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы);
- Жете түсінуі (өзінің және басқа адамдардың пікірін қадағалау);
- Коммуникативтілігі.
Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары:
- Сын тұрғысынан ойлауда тәжірибе жинауға уақыт және мүмкіндік беру;
- Оқушылардың ойлауына жағдай туғызу;
- Әртүрлі идеялар мен пікірлердің тууына мүмкіндік жасау;
- Оқыту үрдісінде оқушының белсенділігін қолдау;
- Оқушының өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау.
Өзектілігі:
Ана тілі, қазақ тілі пәндерінде осы технология мынадай жетістіктерге әкеледі:
- Оқушылардың дұрыс оқуын, сауатты жазуын қалыптастырып, сыни ойлау, талдау, дәлелдеу, салыстыру мен түйін шығара білуге бағыттайды
- Оқушының сабақтағы белсенділігін ояту жолдарын көрсетеді
- Оқушыларды сабаққа қозғаушы күш пайда болады
Күтілетін нәтиже:
Оқу және жазу арқылы қалыптасқан сын тұрғысынан ойлаудың дамуында ашық қоғамның жауапты азаматтарын даярлауға көбірек септігін тигізетініне көзіміз жетеді, өмірде олардың қолынан мыналар келеді:
- Нағыз көз қарастар қалыптастыру
- Мәселелерді шешу үшін өзара ұқсас идеялардың өз мақсатына қажеттісін таңдай білу, мәселелерді шешу
- Саналы деңгейде пікірлеседі, өзінің пікірін жақтай, дәлелдей алады
- Оқытуда білімді өз бетінше іздей алады, білімді тереңінен ұғынады
- Теория мен практиканы біріктіре алады
- Жеке, жұпта, топта бірлесіп жұмыс істеп, бір - біріне құрметпен қарайды, мәдениетті қарым - қатынаста болады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:
Ақпараттық технологияға келсек, әр сабағымызда интерактивті тақтамен жұмыс жасаймыз. Бұл технология әрі көрнекілік, әрі жан - жақты терең мәліметтер пайдаланып, оқушының жеке даму қабілетін, шығармашылық іздену қабілеттерін, тез, әрі шапшаң ойлау қасиеттерін дарытады. Күнделікті сабақтарда пайдаланып жүрген мәліметтерден жеке слайдтар папкасы ашылып, жинақталып отыр. Слайдтар папкасын ашып көрсету.
1. 3 - сыныптың ана тіліндегі Зейін Шашкиннің «Азаттық жолында» атты мәтіні төрт бөлімнен тұрады. Осындай уақытты көп қажет ететін мәтіндерді түсіндіруде ДЖИК СО технологиясын пайдалануға болады. Сыныпты 4 топқа бөліп, мәтіннің әр бөлімін әр топқа беріп өзара талқылатып, соңынан әр топтың ішінен спикерлер шығып, өз бөлімдері жайлы әңгімелейді. Мұнда уақыт үнемді пайдаланылып, басқа да жұмыс түрлерін жүргізуге көмегін тигізеді, әрі мәтіннің мазмұнын толық ұғындыруға әбден тиімді.
3.«Бес жолды өлең жазу» тәсілі. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады.
Сыныпішілік «Жұлдыз», «Бәйтерек», «Тұлпар» журналдарын ашып, Ана тілі мен Тіл дамыту сабақтарын байланыстыра отырып, «Туған елім, туған жерім», «Ата бабам тарихы – менің тарихым», «Жақсыдан үйрен» тақырыптарына оқушылардың шығармашылық, ізденіс жұмыстарын енгізіп, гимназиялық компоненттер мен таңдау пәндерінде пікірталастар, сайыстар және жұмысты қорғау шаралары өткізіледі.
4. «Венн диаграммасы» екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру.
Галереяны аралау. Оқушылар арнайы тақырыптарға суреттер салып, көрме ұйымдастырады, немесе кадр - кадрлармен мультфильмдер құрастырады. Әрбір сурет бойынша талдау жасап, өз пікірлерін ортаға салады, өмірмен байланысын дәлелдеп, ойларын қорытып айтуға дағдыланады. Мысалы: Абай (Крыловтан) «Шегіртке мен құмырсқа», О. Бодықов «Ақ құс туралы аңыз», Ж. Жұмаханов «Ер еңбекте сыналады» атты шығармаларына оқушылар мультфильмдер құрастырып, оны қорғады.
«Эссе жазу» - жаңа тақырыпты өткеннен кейінгі алған әсерлерін, ой түйіндерін жазып, ортаға салады.
3. Рефлексия кезеңі:
Ой толғаныс: «Амангелді Батырым» атты өлеңінде Амангелдіні бейнелеу (әр топқа қағаз таратылады, сабақ бойы Амангелді Иманов жайлы алған білімдерін қағазға түсіріп, қорғау)
Қорыта келе, осындай жұмыс түрлерінің қаншалықты оқушы білімін көтергендігі жайлы салыстырмалы даму мониторингі үнемі жүргізіліп отырады.
Соңғы екі жылдағы оқушының сабақ үрдісіндегі іс - әрекет жағдайларының нәтижесі.
Әдебиеттер: 1. Б. А. Тұрғанбаева «Дамыта оқыту технологиялары»– Алматы, 2000
2. Л. В. Занков «Избранные труды»- Москва, 1999
3. В. В. Давыдов «Проблемы развивающего обучения»-
М, Просвещение1970
Оқыту нәтижелілігінің қажетті шарты
- мака
- 19 ақпан 2013
- 6753
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш сынып, баяндама, оқыту нәтижелілігінің қажетті шарты
Ұқсас жаңалықтар:
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер,...Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру
ШҚО, Семей қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені» КММ Батырханова Гульнар Абугалиевна...Педагогикалық мониторинг және тәжірибелік - эксперименттік жұмыс нәтижелері ...
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, ММ "Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының" мониторинг бойынша әдіскері Райымберді Әселжан Райымбердіқызы...География сабағында СТО технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу - тәрбие үрдісіндегі...Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану - сапалы білім негізі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Майдакөл ауылы, №98 орта мектептің Физика - математика пәнінің мұғалімі Иманов Айдос Жаметұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.