Сайтқа кіру Тіркелу

Өзін-өзі тану. "Мейірімділік - асыл қасиет" 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Мейрімділік - асыл қасиет.
Сабақтың мақсаты:
Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс - шаралары, еліміздегі адамгершілік - рухани білім берудің дамуына өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың арманы – өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіре отырып,

Өзін - өзі тану әлемінің басты мақсаты – ұл - қыздарымызды жеке және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу. Сара Алпыс қызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына ең жақын адамдарына жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Шаттық шеңбері

- Қайырлы күн, құрметті оқушылар! «Сіздерді шаттық шеңберін құруға ортаға шақырамын. Шеңбер бойымен бір - бірімізге тілек айтуларыңызды сұраймын. Тілектерге көп рахмет!!!!!
Жүрегіміз қуанышқа толды. Сабағымызды бастайық.
- Балалар «алтын жүректі», «үлкен жүректі»деген сөздер қандай мағынада айтылады?
- Алтын жүректі», «үлкен жүректі» адамдар деп кімдерді айтамыз?
- Айналадағы адамдардың жақсылығын, мейірін сезіп, байқап бағалайсыздар ма?
- Мейрімділік, мейірбан, мерейлі сөздері туралы біз не білеміз, ол сөзді қалай түсінеміз?
Оқушылардың жауабы толық тыңдалады.

Оқушылар арасында Сара Алпысқызына арналған өлеңдерден мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырды.
1 - оқушы: Жетімдердің анасы, жесірлердің панасы.
Алпыс аға бөбегі, Нұрағаңның Сарасы.
Жанын салып жүр бүгін қарлығашы бақыттың,
Жақындаса түссін деп адамдардың арасы.
Қиындықсыз өмір жоқ қиындықтан өт ептеп,
Дейді бізге Сарамыз, дегеніне нанамыз.
2 - оқушы: Бөбек сөзі түспейді сенің сөздік қорыңнан
Баспана боп оларға келе жатсың болып нан,
Сол балалар үшін бір бәйек болып күндіз - түн.
Аяп көрген жоқсың сен келгеніңді қолыңнан.
3 - оқушы: Алда талай қиналу, алда талай толғаныс,
Жетсем екен дейтұғын арман да асыл жол да алыс,
Шешек жару, гүл ату – Жер ананың төл ісі.
Жылығанды жұбату - Ел – Анадан қалған іс.
4 - оқушы. Осының бәрін кішкентайдан үйреткен
Мейіріммен сәбилерге нұр төккен
Біз тілейміз Сара апаға денсаулық
Шаттыққа толы жүрекпен.
Оқушы: Сара Алпысқызы «Бөбек»қайырымдылық қорының негізін қалаушы». «Бөбек»қайырымдылық қорының Президенті С. Назарбаеваның жетім балалардың мүдделерін қорғау ісіне қосқан үлесі өте қомақты. Жетім балаларды тәрбиелеудің жаңа жүйесін қалыптастырып. Елімізде тұңғыш «SOS Киндердорф»балалар ауылының өмірге келуіне мұрындық болды.
Оқушы: «Бөбектің»анасы атанған Сара Алпысқызының көптеген игі істерге ұйтқы болды. Еліміз аумағында балалар емханаларының ашылуына, қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға бір кісідей ат салысып келеді. Ерен еңбегі әлемдік қауымдастық назарын аударып 1999 жылы «SOS Киндердорф» халықаралық қорының Алтын медальмен, 2002 жылы ЮНИСЕФ-тің арнайы сыйлығымен марапатталған болатын.
Оқушы: Сара Назарбаева Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының И. Дограмачи атындағы және «Юнита»халықаралық сыйлығының лауреаты болып табылады.
Қазақстанның бірінші ханымы бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды.
Оқушы: 2006 жылы мамыр айында Мәскеуде адамзаттың ізгі мұраттарына қызмет атқарғаны үшін «Алтын жүрек» халықаралық сыйлығы тапсырылды.
20120 жылы С. А. Назарбаеваға аналар мен балаларды қорғаудағы Қазақстанның жас ұрпағына рухани - тағылымдық білім берудегі еңбегі үшін «Достастық» жұлдызы сыйлығы табыс етілді.
Оқушы:
Күлкісіне сәбидің толсын деп кең даламыз,
Шапағат пен мейірім дәнін сепкен панамыз.
Алдыңызда мәңгілік қарыздар боп қаламыз
Құтты болсын туған күніңіз Алтын жүрек анамыз.
Шығармашылық жұмыс. С. А. Назарбаеваға арналған оқушылардың тілектерін, құттықтау хаттарын жасау.
Мұғалім: Құрметті оқушылар, қонақтар! Сабағымызды Сара Алпысқызының ұрпақтарына деген айтқан ғибаратты тілегімен қорытындылайық.
Қымбатты балалар, мен – Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата - анаңа, айналадағы адамдарға мейрімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата - анаңа ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін».
Жүректен - жүрекке: Шеңберге тұрып «Бала тілегі»әнімен сабағымызды аяқтайық.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Алтын жүрек анамыз

Алтын жүрек анамыз

Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға...
Жүрекке жол тапқан – мейірімді ана Сара Алпысқызы

Жүрекке жол тапқан – мейірімді ана Сара Алпысқызы

Мақсаты: Оқушыларға 12 ақпан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып, бұл күннің біз үшін өте ерекше екендігін айтып түсіндіру. С. А....
Өзін - өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы

Өзін - өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы

Елбасымыз туралы кітаптар, өзін - өзі тану пәні муралы қанатты сөздер, өзін - өзі тануға арналған тренинг кітаптар мен журналдыр қойылды. Оқушылардың...
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар елінде...

Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар елінде...

Мақсаты: - оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету; - оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеу, өзін - өзі жетілдіру арқылы...
Бұдан артық әлем болмас

Бұдан артық әлем болмас

БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Есқайрова Айсұлу Жақсылыққызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×