Сайтқа кіру Тіркелу

Сәулелі жұлдыз іздеген адам. 4-сынып

Ана тілі
(4 - сынып)

Саб. тақырыбы: Сәулелі жұлдыз іздеген адам.
Саб. мақсаты:
Білімділігі: Кейіпкердің өмірі, ағартушылығы, еңбектері, алғаш қазақ даласына мектептер ашқандығы туралы түсінік; мәтіндегі негізгі ойды табу; мәтін мазмұнын ашу.
Дамытушылығы: Көркем шығарманы талдау, іздену, ой - пікірін жеткізу қабілеттерін арттыру. Оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту. Тәрбиелілігі: Балаларға Ыбырай ата өмірін үлгі ету. Білімді, ақылды, ізденімпаз етіп тәрбиелеу.
Сабақ әдістері: талдау – жинақтау, салыстыру, іздендіру.
Сабақ типі: білім мен біліктілікті қалыптастыру
Сабақ формасы: топтық
Сабақ барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
«Шаттық шеңбері»:
Қол алысып, кәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
ІІ. Операциялық этап:
Мұғалімнің сөзі:
- Рахмет, енді орындарымызға отырып, үнтаспа тыңдауға шақырамын. /үнтаспада «Кел, балалар, оқылық» өлеңінен үзінді оқылады/
- Бұл үзінділер қандай өлең жолдарынан алынған?
- Авторы кім?
- Ендеше, бүгін, ана тілі сабағында осы басталған ойды жалғастырамыз. Сабақтың тақырыбы: «Сәулелі жұлдыз іздеген адам».
Авторы Әбу Сәрсенбаев.
Оқушылардың өздерінің мақсат қоюы.
------------------------------------------------
Жұмыс алгоритмімен танысу.
«Алтын ережелерді» еске түсіру.
Сабақ топтық формада өтеді. Әр топтың басшысы бар. Олар қызыл түсте. (басшылар тұрады, өздерін таныстырады)
- Жобалаушы – көк
- Зерттеуші – сары
- Талдаушы – күлгін
- Проблема шешуші – тоқ сары.
- Тілші – жасыл.
- Эксперттер тобы – көкшіл. Олардың міндеті: оқушы жауабын бағалау, өз тапсырмаларын орындау.
Әбу Сәрсенбаев (1905 - 1997) Атырау облысы, Теңіз ауданында туған. Қазақтың белгілі қаламгері. Оның «Туған өлке», «Отан таңы» т. б. өлеңдер жинағы, «Толқында туғандар», «Теңіз әуендері» романдары бар. Әбу Сарсенбаев – жазушы, Ыбырай еңбектерін жарыққа шығарушы.
Мәтінді мұғалімнің оқуы.
Оқушылар «Түртіп алу» әдісін қолданады.
+ - жаңа ақпарат
v – ойлағанымды растайды
- - менің ойлағаныма кері
? – мен үшін жұмбақ

Сөздік жұмысы
Әр топ өзіне берілген сөздің мағынасын түсіндіреді.
1 топ: инспектор -
2 топ: Уез -
3 топ: шәкірт - оқушы
4 топ: кішіпейіл –
/жауаптарын эксперттер бағалайды/

Мәтіннің мазмұнын ашу.
1 – топ: Бұл әңгіме кім туралы жазылған, ол туралы не білесің?
2 – топ: Әңгіме неліктен «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» деп аталған? (Ы. Алтынсариннің арманы – мектеп ашу, балаларды оқыту. Бұл жердегі сәулелі жұлдыз тіркесі оқу, білім мағынасында. Ақыры ол мақсатына жетті. Мектеп ашып қазақ балаларын білім нәрімен сусындатты.)
3 – топ: Бұл әңгімеге тағы қандай ат қоюға болады?
(«Алғашқы кездесу», «Оқу басталды», «Жаңа мектеп», «Шашу»)
4 – топ: Ыбырайдың бұдан бұрын тағы қандай әңгімелерін, өлеңдерін оқыдыңдар?
/жауаптарын эксперттердің бағалауы/

Сергіту сәті «Аутотренинг» (музыка жүріп тұрады)
/қазір қыс мезгілі, қар жауып, айналамыз аппақ қар... /

Тапсырмаларды орындау:
1 – топ: Монологты тауып оқу.
2 – топ: Диалогты тауып оқу.
3 – топ: Кардиограммаға түсіру.
4 – топ: Мәтінді талда.

аты авторы
Мәтін
не алды Негізгі ой

/жауаптарын эксперттердің бағалауы/

Шығармашылық тапсырма:
1 – топ: «Ой қозғау»
2 – топ: «Бес жолды өлең»
3 – топ: «Еркін жазу»
4 – топ: «Эссе»
/жауаптарын эксперттердің бағалауы/

Эксперттер тобы:
1 – экспертші: Қосымша әдебиетті пайдаланып, Ыбырай Алтынсарин портретін жазып бер. (сызбамен жұмыс)

Тамаша педагог тұңғыш ағартушы
1841 - 1889 жазушы аудармашы

Әкесі Алтынсары Ыбырай Алтынсарин 1864 ж мектеп ашты
Атасы Балғожа Қостанай облысы тұңғыш хрестоматия
Торғай уезінде туды авторы
2 – экспертші: «Мұғалім болсам» деген «болашаққа болжам» жасап көрсет. (сызбамен жұмыс)
Батыл табанды
Тапқыр әдепті
Қарапайым төзімді
Мұғалім болсам...
Іскер талғампаз
Мейірімді әділ
Шыншыл биязы
/эксперттердің жауабын мұғалімнің бағалауы/

ІІІ. Рефлексия. - Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Несімен ұнады?
ІҮ. Бағалау.
Ү. Үйге тапсырма: мазмұндау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×