«Халық мектептері үшін ең керектісі - оқытушы.
- Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілген инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алдамайды.» - Ыбырай Алтынсарин
Дала жұлдызы
Мақсаты: 1. Ы. Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына мектептер ашқан алғашқы ағартушы ұстаз екендігі жөнінде әңгімелеу. Ы. Алтынсариннің өмірі, ағартушылығы, еңбектері, шәкірттері жайлы түсінік беру.
2. Оқушылардың таным процестерін, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту.
3. Балаларға Ыбырай ата өмірін үлгі ету, білімді, ақылды,
ізденімпаз етіп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, әңгімелеу, топпен жұмыс
Қолданылатын стратегиялар: көрнекілік, талқылау, алма - кезек оқыту, топтастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Қырдан келген жас қазақ» әңгімесі бойынша:
1. Мазмұнын ашуға арналған сұрақтармен жұмыс
2. Бөлімдерге бөліп, сол бойынша әр топ әңгімелейді:
а) Шоқан келген оқу орны немесе Кадет корпусы;
ә) Шоқанның ұстаздары;
б) Потанин мен Шоқан арасындағы достық;
в) Шоқан – данышпан.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
1. Оқушылардың өздігінен ізденіп келген тапсырмаларына шолу
IV. Мақсат қою кезеңі. Жаңа сабаққа дайындық
1. «Көрнекілік» стратегиясы
Мына суреттегі кім деп ойлайсыңдар?
Ол кісі туралы не білеміз?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
- Ендеше, балалар, біз бүгінгі сабақта қазақ балаларына арнап алғаш мектеп ашып, оқу - білімге шақырған ақын, жазушы, ағартушы Ы. Алтынсарин туралы С. Мәуленовтың «Дала жұлдызы» әңгімесімен танысамыз.
2. «Кел, балалар, оқылық» өлеңі оқылады
Ы. Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Торғай даласында туған. Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған. 1864 жылы 8 қаңтарда мектеп ашып, мұғалім болды.
3. Автормен таныстыру
С. Мауленов 1922 жылы Торғай облысының Жанкелдин ауданында туған. Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері. «Ақкөл», «Ізгілік», «Өмірімдей өзімнің» т. с. с. шығармалардың авторы.
V. Жаңа сабақ
1. Алма - кезек оқыту стратегиясы
2. Топтық жұмыс
1 - топ: Әңгіменің басында не туралы айтылады?
2 - топ: Әңгіменің ортасында не туралы айтылады?
3 - топ: Әңгіменің соңында не туралы айтылады?
4 - топ: Әңгіме неліктен «Дала жұлдызы» деп аталады?
3. Сөздік жұмыс. Даталарды дәптерге жазу.
4. Сергіту сәті: Поэзия минуты. Ы. Алтынсариннің өлеңдерін жатқа айту. «Кел, балалар, оқылық», «Өнер - білім бар жұрттар», «Бұл кім», «Өсиет», «Өзен»
5. «Ойлан» кестесімен жұмыс. Ыбырай әңгімелерін еске түсіру.
«Аурудан аяған күштірек», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Әке мен бала», «Таза бұлақ», «Асыл шөп»
VI. сабақты түсінгенін тексеру
1. Дамытушылық тапсырма.
Ы. Алтынсарин кім?
Ы. Алтынсарин портреті
Тұңғыш ағартушы
Тамаша ұстаз
Аудармашы
Жазушы
Дала жұлдызы
Мұғалімдер Тұңғыш хрестоматияның дайындады авторы
2. Сұрақ - жауап.
«Ы. Алтынсарин – қазақ даласының жарық жұлдызы» талқылау, пікірлесу
3. Шәкірттері жайлы не білеміз?
С. Көбеев, А. Байтұрсынов «Еңбекпен ел көгерер», «Екі балықшы», «Керіскеннің кесірі келесінді кетірер», «Ата насихаты», «Тірліктің күші бірлікте».
4. Шығармашылық тапсырма.
1. Азбайды, тозбайды 2. Білім бітеді басқа
Ақыл, білім Бітеді қына тасқа
3. Аты өлмейді жақсының 4. Адам бала болатын
Ғалымның өлмейді хаты Қарайды алысқа
5. Болашаққа болжам. Топтастыру
батыл тапқыр
қарапайым табанды
іскер әдепті
Мұғалім болсам...
мейірімді төзімді
талғампаз
шыншыл
әділ биязы
VII. Сабақты бекіту
1. Ы. Алтынсарин туралы мен бұрыннан білетін едім
2. Ы. Алтынсарин туралы мен бүгін білдім
3. Ы. Алтынсарин туралы мен болашақта білгім келеді
VIIІ. Үйге тапсырма
Еңбек, оқу білім туралы мақалдар. Ы. Алтынсарин жайлы дерек жинау. Мәтінді оқу, әңгімелеу
Бағалау
Дала жұлдызы (3 сынып ана тілі)
- Анеля
- 13 ақпан 2013
- 11978
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Дала жұлдызы, Ыбырай Алтынсарин, бастауыш
Ұқсас жаңалықтар:
Ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, «Арқалық түзеу мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі Капарова Жазира Камаевна...Алғашқы қоңырау. Ғ. Қайырбеков
Атырау қаласы, Б. Момышұлы атындағы №25 орта мектеп Досмагамбетова Жаңылсын Қабдоллақызы...Алғашқы қоңырау
«Алғашқы қоңырау» өлеңімен таныстыру. Оқушыларға өлеңнің мәнін ашып, мазмұнын меңгерту...Сәулелі жұлдыз іздеген адам
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қожағұлова Гүлжаһан Қожағұлқызы Пәні: Әдебиеттік оқу Сабақ тақырыбы:...Ағартушы ұстаз жазушы, этнограф
Қарағанды облысы шет ауданы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп - гимназиясы Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Камалова Толқын Нұрмұхамедқызы Сабақтың...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.