Сайтқа кіру Тіркелу

Қиял арманға жетелейді

Пән: Өзін - өзі тану
Сынып: 3
Бастауыш сынып мұғалімі: Шамиганова Р. М.
Сабақтың тақырыбы: Қиял арманға жетелейді.
Міндеті: Оқушыларға жаңа мәтін туралы толық түсінік беру.
Сабақ мақсаты:
1) Оқушыларды жақсы ниетпен армандай білуге, арманға жету үшін мақсат қоя білуді үйрету
2) Қиял, арман туралы түсініктерін кеңейту. 3) Шығармашылық тұрғыдан қиялдау іскерліктерін дамыта отыра, ұйымшылдыққа, достыққа, жақсылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақ әдісі: проблемалық, сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Көрнекі - құралдар: Бейнелі суреттер, «Достық» ойыны, нақыл сөздер, жұмбақтар, тақырыпқа байланысты интерактивті тақтадан слайд - шоу,
«Жалғасын тап»ойыны, жаңылтпаштар, оқу - білім туралы мақал - мәтелдер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа психологиялық дайындық.
Күннен алып шуақты.
Жерден алып қуатты,
Алақандар ашылып,
Жылуларын таратты.
Жылулары жүрекке
Моншақтай боп асылды.
Сол моншақтар әлемге,
Шаттық болып шашылды.
2. Сабақтың ережелерін еске салу.
1 - ереже. Сабақта бір - бірімізді тыңдаймыз!
2 - ереже. Біреудің айтқанын қайталамаймыз!
3 - ереже. Сабақта тақырып бойынша сөйлейміз!
4 - ереже. Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
3. Жаңа сабақтың тақырыбын проблемалық әдіс арқылы бастау. Оқу, білім дегенде көз алдарыңа нелер елестейді? Суретте бала не істеп отыр? Кітаптың қандай пайдасы бар? Кітапсыз адам баласы өмір сүруі мүмкін бе? Арман дегенді қалай түсінесіңдер? Қиял дегенді ше? Арман мен қиял бірдей мағына ма? Оқушылар ойларын тыңдау. Осы арманға жету үшін не істеуіміз керек деп ойлайсыңдар?
Оқулықпен жұмыс
Оқу - білім туралы не білесіңдер? Тақырып бойынша кесте құру.
1. Не білемін? Не білгім келеді? Үйрендім? кестесі бойынша жұмыс жасау.
«Кітаптың жыры» өлеңімен таныстыру. Өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу. Мағынасын ашу. Неліктен кітапты ұстаз деп атаймыз? Кітаппен қалай дос болуға болады?
2. Сұрақтарға жауап беру.
Адамға білім не үшін қажет? Оқу кезінде қандай қиындықтар кездеседі? Білімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет?
3. Әңгімелеу әдісі
4. Кітаппен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Сұрақ - жауап әдісі, мазмұнын түсіндіру, мағынасын ашу.
5. Дәптермен жұмыс. Мақал - мәтелдерді дәптерлеріне жазу және жаттап келу
1. Оқу - инемен құдық қазғандай.
2. Оқу - білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.
3. Оқу түбі - тоқу.
6. Сергіту сәті:
Ойын: «Жоғалған әріпті тап»
7. Топпен жұмыс. «Тез құра, сөз құра»
1 - топ «Кітапхана»сөзінен бірнеше сөздер құрастыру.
2 - топ «Оқулықтар»сөзі
3 - топ «Білімді» сөзі
8. Сергіту сәті: Жел соғады гу - гу,
Орман іші шу - шу.
Нөсерлеткен жаңбырдан.
Жапырақтар су - су.
9. Шығармашылық жұмыс. Өз беттерімен оқу - білім туралы мақал - мәтелдер жазу.
10. Үйге тапсырма беру: 23 беттегі тақпақты жаттап алу. Мақал - мәтелдерді жаттау.
24бетті түсініп оқу.
11. Бағалау.
12. Қорытынды жасау.«Жүректен - жүрекке»жылы сөздер айту.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×