Сайтқа кіру Тіркелу

Аман бол балақай

Тақырыбы: Аман бол балақай!

Ашық тәрбие сағаты
«Аман бол, балақай!»
1 - бастаушы Ернұр:
Ассалаумағалейкум, халқым менің! «Аман бол, балақай» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер.
2 - бастаушы Жанел
Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Жол тәртібін білмесең
Жұрт айтады надан деп
Өзге ұлттай біздің де,
Бар ереже мен тәртібіміз

Мұғалім сөзі:
Саламатсыздар ма ұстаздар, оқушылар! Бастауыш сынып оқушылары арасында «Аман бол, балақай!» атты ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жолда жүру ережелерінің өз өмірлері үшін қажеттілігін түсіндіру. Көліктің адам өмірінде алатын орнын білдіру.
Балалар көше тәртібін сақтауға, өмірлеріне қауіп төндірмеуге, денсаулықтарын сақтауға, өзін де, өзгені де апаттан сақ болуын қадағалауға тәрбиелеу.

1 - бастаушы Ернұр:
Батылдық, табандылық, қайсарлық жолда машинаны ағызып жылдам жүргізуде емес, күнделікті қарапайым істе, спортта тәрбиеленеді.
2 - бастаушы Жанел
Жолда жүру ережесін бұзу бұл барып тұрған тәртіпсіздік. Тәртіпсіз адам ешуақытта ержүрек бола алмайды. Сондықтан «Ерік күші – ержүрек» адамға бірден – бір қажет қасиет болып табылады. Ендеше балалардың білімін тексеру барысында сұрақтар қойып толықтырайық.
- Есей:
- Балалар бағдаршам дегеніміз не?
- Алтын:
- Жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?
- Мөлдір:
- Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола ма?
- Зәуре:
- Жиек жол жоқ жерлерде қалай жүру керек?
- Алмаз:
- Жол көлік оқиғасына куә болған адамдар не істеу керек?
1 - бастаушы Рақым:
- Енді балалар, сендерге жұмбақ жасырып көрейік. Бәріміз бірге жұмбақ шешейік.
- Есей:
Арқаным бар тым ұзын,
Ала – алмайсың бір үзім.

- Бұйырмапты баста, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.
Зәуре:
Бір ғажабы – бұл жерде
Бір нәрсені ел күтеді
Отырады біреуі, тік тұрады біреуі.
Неқылған жер бұл өзі, айтыңыздар кім біледі?

Жасұлан:
Іші ауырды Үсеннің,
Сірә үйіне жете алмас.
Қандай шешім таба аласың,
Мұндай кезде қиналмас.

Алмаз
- Ілулі тұрған не белгі?
Машинаға тоқта! – деген белгі берді.
Жол үстіне ақ – қара мен сызылған жолақшамен жаяуларға «өтіңдер» деп белгі берді.
Көрініс. Жанел:
Тазша бала қыдырып қайтпақ болып көшеге шықты.
Жүйткіп өтіп жатқан машиналарға аңырап көшенің арғы бетіне қалай өтерін білмей, тұрып қалады. «Тәуекел» деп көшені кесіп өтпек болады. Сол кезде оны:
- Әй, тоқта! – деген дауыс жетеді.
- Сен кімсің?
- Мен бағдаршаммын, сен көше тәртібін бұздың.
- Қалай? Қашан?
- Қызыл жанып тұрғанда көшені кесіп өтпек болдың.
- Қалай өту керек еді? – деп Тазша бала желкесін қасыды.
Жанел: Балалар Тазша балаға көмектесіп жіберіңдерші.
- Қызыл жарық жанғанда,
Қалт тоқтай қал табанда!

- Сары шамы жанғанда,
Сақ абай бол, барынша!

- Жасыл жарық – жол ашық
Зымырай бер бел ашық

Бағдаршам.
Бейғам кісі бейбақ,
Балбыр, бейғам болма
Бас аяқты ойлап,
Ұқыпты бол жолда.

Шамил:
- Ирек – ирек көшелер
Үйренесің біртіндеп
Барар жерге асықпа.
Бәйге алмайсың, бұрын кеп.

Барлығы қосылып:
Қызыл көзі жанғанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзі жанғанда
Қарап қалма аспанға!
Жасыл көзі жанғанда
Жүре бергін жасқанба!

Тазша бала. Мұнда бағдаршам жоқ екен ғой – тіпті жақсы болды. Мен көшенің арғы бетіне жүгіріп өтіп алайын.
- Әй бала, өлгің келіп жүр ме?
Жүргізуші тазша баланы жолдың шетіне шығарып тастайды.
- Тазша бала: Бағдаршамсыз жағдайда жолдан қалай өту керек? Балалар көмектесіңдерші!

Бағыт беретін белгі. Мөлдір:
Белгімін ескертер жылдамдық, бағытты,
Ой шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті,
Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем
Сондықтан бәрі мені таныпты.

Тыйым салатын белгісі. Зәуре:
Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын
Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін
Осы жолы үндемеймін, барма тағы сұрағың?

Ескерту белгісі. Әмірхан:
Өзі қызыл, үшбұрыш ескертуің мен болам.
Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған
Маған қарап жүрер болса жүргізуші – жаяу да
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашанда қалмаған

Көрсеткіш белгісі. Алтын:
Баратын сапардың қашығын,
Үн – түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын
Күндіз де, түнде де от болып жанады.
Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым.

Бәрі қосылып:
Төрт топтан құралған белгілер туыстай
Жол сілтеп тұрамыз у – шусыз ұрыспай.
Кіршіксіз зор міндет атқарып жүрміз біз,
Келіп жүр біздерге Тазша бала ұмытпай.

Тазша бала:
Балалар сендерге рахмет! Мен үшін көп еңбектендіңдер. Мен көп нәрсе үйрендім. Енді жол ережесін білетін бодым.
Сау болыңдар!

Есей:
Көшеде бағдаршам болмаса
Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе
Кідірме, абыржып онда аса
Сенгейсің өзіңнің көзіңе

Динара:
Көшеде ортаға жеткенше,
Әуелі көзің сал сол жаққа.
Балақай ортадан өткен соң,
Мойның бұр сол жақтан оң жаққа

Арай
Ұшқалақ бала ұрыншақ,
Ойлалық соны ұғынсақ.
Машина алдын кеспесек
Майып боп уайым шекпесек.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×