Сайтқа кіру Тіркелу

Бос тау жыныстары

Тақырыбы: Бос тау жыныстары
Мақсаты:
Білімдік: Бос тау жыныстары мен олардың маңызы туралы білім негізін қалыптастыру.
Дамытушылық: Тапсырмалар арқылы балалардың ой - өрісін, есте сақтау қабілетін, зейінін дамыту.. Оқушыларды өз бетінше ой қорытып сөйлеуге машықтандыру.
Сын тұрғысынан қисынды ойлау білігін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Экономикалық, экологиялық тәрбие беру.
Карта түрі: « Ауызша сабақ - 1»
Сабақтың әдісі: ізденушілік, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, проблемалық т. б.
Пәнаралық байланыс: география, физика, химия
Сабақтың көрнекілігі: түрлі суреттер, кесте

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1. а) Тақырыптық сөздік қор алу ( ТСҚ 5 мин )
Сөз санына қарай 63 % кіру рұқсаты - 37 сөз ( ООМ енгізу )
ІІІ Үй тапсырмасын бекіту
ә) Сызбаны толтыру

ІҮ Жаңа сабақ
2. Мәтін бойынша тірек сөздерді тақтаға жазу
(Мұғалім тақырыптан 7 кілтті сөз таңдап, жаттап алуға 30 секунд уақыт береді)құм
құрғақ
әйнек
саз
кірпіш
зат
ермексаз

3. Тірек сөздерді дәптерге жатқа жазу (ООМ енгізу )
(Тақта жабылады да, балалар жаттап алған сөздерді 30 секунд көлемінде жазады. Егер 63% оқушы 7-6 сөз жазса, норматив тапсырылды деп есептелінеді)

4. Тексеру
(Оқушылар сөздерді жазып болғаннан кейін блок ашылады да, қалып қойған сөздерін толықтырып жазады)

5. Мәтінді оқушылардың өз бетінше оқуы
(Оқушылар берілген мәтінді іштей оқып, тірек сөздерді мағынасын ашуға дайындалады. Сонымен бірге мәтінді өте көңіл бөліп оқу керектігі жөнінде нұсқау алады, өйткені мұғалім сын тұрғысынан сұрақ қою кезінде көңілін әрбір детальға аудару керек)
Оқу уақыты: 1 бетке – 3 минут, 2 бетке – 6 минут

6. Берілген тірек сөздердің мағынасын ашу (ООМ енгізу )
(Оқушылар тірек сөздер бойынша мәтінді мазмұндауы тиіс. Мұғалім барлық оқушыдан сұрап, оқушылардың отырғызу матрицасына енгізуі керек)

Ү Жаңа сабақты бекіту
7. Сын тұрғысынан сұрақтар (ООМ енгізу)
( Мұғалім оқушыларға тақырып бойынша сұрақ қояды, жауабын қате етіп береді. Формула бойынша үш дұрыс емес және бір ғана дұрыс жауап болуы қажет. Жауабына 3 секунд беріледі)
1. Бос тау жыныстары - құм және саз. (Иә)
2. Құм суда еритін берік түйіршіктердентұрады.(Жоқ. Ерімейтін берік түйіршіктерден тұрады.)
3. Құрғақ құм түйіршіктері бір-бірімен тығыз байланысады.( Жоқ. Сусып, бір-бірімен байланыспай тұрады.)
4. Құм су қоймаларындағы суды ластайды. (Жоқ. Құмды су қоймаларында ауыз суды сүзіп, тазартуға пайдаланады.)
5. Түйіршіктерінің құрамына қарай құмның түсі де түрліше - ақ, қара, сұрғылт, сарғыш болып келеді. (Иә).
6. Құмды ас тұзына қосып үй құрылысына пайдаланады. (Жоқ. Цементке қосып үй құрылысына пайдаланады).
7. Құмды мәрмәрмен араластырып кірпіш құяды. (Жоқ. Сазбен араластырып кірпіш құяды.)
8. Таза саздан әйнек дайындайды.(Жоқ. Таза құмнан әйнек дайындайды.)
9. Саз үгілген тау жыныстарының ең ұсақтарының суда тұнуынан пайда болады.(Иә.)
10. Саз - өте қатты тау жынысы.( Жоқ. Өте майда тау жынысы).
11. Саз құрғағанда илеуге келеді.( Жоқ. Тас сияқты қатып қалады
12. Сазды суға салса, жібімейді. ( Жоқ. Суға салса, жібіп, илеуге келеді).
13. Саздан құм араластырып, отқа төзімді заттар, бағалы ыдыс - аяқ, құмыралар жасайды. (Иә.)
14. Саздан қалыпқа келтіріп алған заттарды берік болуы үшін суға салады.(Жоқ. Отқа күйдіреді.)
15. Шаруашылықта құм мен сазды көп пайдаланбайды.(Жоқ. Көп пайдаланады..)
16. Ермексаз - арнайы май қосылмаған саз.( Жоқ Арнайы май қосылған саз - ермексаз.)
17. Саз біздің сурет салатын қарындашымыздың және ермексаздың құрамына енеді.(Иә)

ҮІ Қорытынды
Тесттік тапсырмалар:
1. Бос тау жынысқа...... жатады
а) құм және цемент
ә) мұнай, газ
б) құм және саз
2....... суға ерімейтін берік түйіршіктерден тұрады.
а) саз
ә) құм
б) әктас
3. Өте майда тау жынысы не деп аталады?
а) саз
ә) құм
б) ермексаз
4. Арнайы май қосылған саз не деп аталады?
а) саз
ә) құм
б) ермексаз
5. Неден әйнек дайындайды?
а) саздан
ә) құмнан
б) әктастан
ҮІІ. Бағалау
Оқушылардың ОММ + белгілері саналады.

«5» - 4 +
«4» - 3 +
«3» - 2 +
ҮІІІ. Үйге тапсырма
1. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×