Сабақтың тақырыбы: Омонимдер
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты: Омонимдер туралы түсінік беріп, жаңа тақырыпты мысалдар арқылы меңгерту, сөздердің мағыналарын таныту.
Тәрбиелік мақсаты: Омонимдер арқылы қазақ тілінің сөз байлығы жайлы тоқталып, ана тіліне құрмет сезімдерін арттыру.
Дамытушылық мақсаты: Өзіндік жұмыс түрлерін орындату арқылы ой - өрістерін кеңейту, шығармашылық тапсырмалар арқылы сөйлеу тілдерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, баяндау, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеріп, қорытындылау.
(Дәптерлерді жинау)
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Сөз деген не?
- Белгілі бір ұғымға берілген атау.
2. Сөз мағынасы деген не?
- Сөздің ішкі жағы, яғни мазмұны.
3. Антоним деген не?
- мағынасы қарама - қарсы сөздер.
4. Синоним деген не?
- мағыналас сөздер.
5. Омоним деген не?
- жазылуы бір мағынасы әртүрлі сөздер
- Не байқадық?
- Бас және алма сөзі екі мағынада айтылып тұр.
ІІ. Жаңа сабақ.
Көркем жазу минуты
Ж ж
Жаз
Жаз сөзіне мәндес сөздер, мағынасы қарама-қарсы сөздер тауып айтыңдар.
1. Ойлан тап
8 4
6 н о
4 м и
7 9 4
3 н о а
6 м т и
4 9 5
7 м о и
8 н с
24, 32, 24, 48, 16, 32
12, 21, 54, 27, 21, 24, 42
72, 35, 32, 63, 32, 35, 28.
- қандай сөздер шықты?
Омоним,-------------------------- антоним, ----------------------- синоним.
жас - көздің жасы ------------- жас - кәрі ---------------------- жас, балғын, балауса, жасөспірім
жас - адамның жас шамасы
Ер - аттың әбзелі --------------- ер - әйел ----------------------- ер, батыр, батыл,
ер - ер адам
ер - еріп бару
ер - батыр
2. Кім жылдам? Берілген сурет бойынша басқа мағыналы сөздерді тауып, сөйлем құра.
3. Сабақ, қой, түс, қап сөздері омоним болатындай тіркестер құрып жазыңдар.
ІІІ. Жаттығулар жұмысы
2 - жаттығу Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздердің басқа мағыналарын тауып, сөйлем құрастырып.
Менің әкем - жылқышы. Алмат өте зерек оқушы. Біз көршілерімізбен тату - тәтті тұрамыз. Есікке кілт салынды. Айнұр өлеңді жақсы айтады.
5 - жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.
1.... - өсімдіктердің түбір тарамы....- адам денесіндегі қан жүретін жол. 2. Адамдар... ду етіп күлді.... - жап - жазық жер. 3.... – газет, журнал, кітап шығарумен айналысатын мекеме. Тамағы... болып ауырған адам суық су ішпеуі тиіс.
Керекті сөздер: тамыр, баспа, тегіс.
ІV. Қорытындылау.
Рефлексия.
Үйге тапсырма беру. 62бет4 - жаттығу
Бағалау.
Омонимдер
- Классика
- 31 қаңтар 2013
- 59685
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Омонимдер, қазақ тілі, антоним, синоним, сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Омонимдер
Сабақтың мақсаты: а) омонимдер туралы түсінік беру, осы ұғымға тән ерекшелікті қамту; ә) омонимдер мен көп мағыналы сөздерді бір - бірінен ажырата...Омонимдер
Сабақтың мақсаты: - білімділік: Мысалдар беріп талдату арқылы белгілеріне қарай топтастырып, омонимдердің анықтамасын оқушылардың өздеріне қорытып...Сөз және оның мағынасы
Сабақтың мақсаты: 1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.;...Омонимдер
Солтүстік Қазақстан облысы,Петропавл қаласы Қалалық классикалық гиназияның Бастауыш сынып мұғалімі Шамғанова Гүлназ Амантайқызы...Сөз және оның мағынасы
Сабақтың мақсаты: 1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.; 2. Сөздік қорын...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.