Сайыс 3 сынып
«Математика майталманы»
І тур: Бәйге. 20 сұрақ/10 ұпай/
ІІтур: Көкпар.
10 20 30 40
Кімде жоғары бал болса сол оқушы кезекпен алады. 2-нші сайыстың қорытындысынан кейін 4 оқушы ойыннан шығады.
ІІІ тур: Логикалық тапсырма.
8 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 10 ұпай қосылады. Осы ойыннан кейін 4 оқушы кетеді.
IV тур: Ғажайып төрттік.
Әр пәннен 4 сұрақ қойылады, әр оқушы пәнді таңдайды. Әр жауапқа 10 ұпай беріледі.
Ана тілі
Қазақ тілі
Математика
Дүниетану
Осы ойыннан кейін 2 оқушы кетеді.
V тур: Жорға.
Соңғы қалған 2 ойыншымен сұрақ - жауап жарысы. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.
І тур: Бәйге
1. Көбейту амалының компоненттерін ата.
2. Бөлу амалының компоненттерін ата.
3. Бөлу мен көбейту қандай амалдар? /өзара кері/
4. Көбейтуді қалай тексеруге болады?
5. Бөлуді қалай тексеруге болады?
6. Фигуралардың бірінің ауданы екіншісінен қандай болуы мүмкін? /артық не кем/
7. Жақшасыз өрнектерде алдымен қандай амалдар орындалады?
8. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан ненің мәні өзгермейді? /көбейтіндінің/
9. Кез келген санды қандай санға көбейткенде сол санның өзі шығады?/1 - ге/
10. Кез келген санды қандай санға көбейткенде нөл шығады? /0 - ге/
11. Бір санның екінші саннан неше есе артық немесе неше есе кем екенін білу үшін не істеу керек?
12. Ауданның бірлігі.
13. Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
14. Көбейтудің қандай қасиеттері бар?
15. Егер көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсе, онда не шығады?/екінші көбейткіш/
16. Егер бөлгішті бөліндінің мәніне көбейтсе, онда не шығады?/бөлінгіш/
17. Егер бөлгішті бөліндінің мәніне көбейтсе, онда не шығады?/бөлінгіш/
18. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
19. Кубтың көлемін қалай табамыз?
20. Қосу амалының қандай қасиеттері бар?
ІІ тур: Көкпар
Сөзді есептер:
1. 3 қорапта 24 шар бар. осындай 5 қорапта неше шар бар?
24: 3=8/шар 1 қорапта/
8*5=40/ шар 5 қорапта/
2. 18 қарындашты 3 қорапқа тең бөліп салды. 60 қарындашты салу үшін неше қорап керек?
18: 3=6/қ/
60: 6=10/қорап/
3. Себетте 42 алмұрт жатыр еді. 5 бала келіп 3 алмұрттан алды. Себетте неше алмұрт қалды?
42 - 5*5=27/а/қалды
4. Бірінші үйде 96 тұрғын, бұл үйдегі тұрғындар 2-ші үйдегі тұрғындардан 2 есе артық. Екі үйде неше тұрғын тұрады?
96: 2=48/тұрғын/
96+(96: 2)=144/тұрғын/
Амалдар:
1) 798 2) 324 3) 349 4) 368 4
245 * 2 493 36 92
553 648 842 8
8
0
Амалдар тәртібі.
1) 800 -(36+64)*3=500
2) 2*350+50 - 10=740
3) 160: 4+(72 - 60)=52
Теңдеу.
1) а*5=9*10
2) а: 5=4*2
3) 56: х=7
ІІІ тур: Логикалық тапсырмалар
1. Жұп аттар 20 км жүгірді, әр ат неше км жүгірді? /20км/
2. Қайсысы жеңіл 1кг мақта ма, әлде 1кг темір ме? /екеуі де бірдей/
3. Тауық 2 аяқпен тұрғанда 2 кг тартады. Тауық 1 аяғымен көтеріп тұрса неше кг тартады? /2кг/
4. 2 әке және 2 бала 3 апельсинді өзара қалай бөлісіп жейді? Әр адам неше апельсин жейді? /1 апельсин/
5. Бір санды өзіне-өзін қосқандағы қосынды оның өзіне-өзін көбейткендегі көбейтінтіден артық. Ол қандай сан? /1саны/
6. Екі тәрелкеде 13 апельсин бар. Егер тәрелкелердің біреуінен 1 апельсин алса, онда сол тәрелкеде екіншісінен 3 есе артық апельсин қалады. Әр тәрелкеде неше апельсин болғаны? /Іт. 10апельсин/ /ІІт. 1апельсин/
7. 8жұмыртқа 4минутта піседі. 15 жұмыртқа неше минутта піскен болар еді? /4минутта/
8. Тебіндегі 27 жылқының үштен бірі және 2 - еуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы қорада ұстауға кетті. Сонда тебенде неше жылқы қалды?
1) 27: 3=9/ж/
2) 9+2=11/ж/
3) 27 - 11=16/ж/
4) 16: 2=8/ж/
IV тур: Ғажайып төрттік
Қазақ тілі.
1. Сөз таптары нешеу? /4/
2. Тұрлаулы мүше нешеу? 2
3. Сөйлемнің неше түрі бар? 3
4. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? 2
Ана тілі.
1. Шоқан Уалиханов Омбыдағы кадет корпусына неше жасында түсті? /10 жасында/
2. Қазақ халқының атақты билері нешеу? /3/
3. Түн мен күннің теңелетін күні.../22 наурыз/
4. Ғарышкерлер күні қашан?/12 сәуір/
Дүниетану.
1. Айналадағы дүние тұстары нешеу? 4
2. Қазастан Республикасының рәміздері нешеу? 3
3. Картаның неше түрі бар? 3
4. Өсімдік тамырының неше түрі бар? 2
Математика.
1. Ұзындық бірліктерін ата. /мм, см, дм, м, км/
2. Масса бірліктерін ата. /г, кг, ц, т/
3. 36 - ның ¼ бөлігі нешеге тең? 36: 4=9
4. 3 вазаның әр қайсысына 5 гүлден салынды. Барлығы неше гүл салынды? 3*5=15
V тур: Жорға
1. Ең жақсы баға? 5
2. Ең үлкен үш таңбалы сан? 999
3. 72 ондық 720
4. 146-дан кейінгі сан 147
5. «есе кем» ұғымына қарама - қарсы ұғым есе артық
6. Бөлудің нәтижесі /бөлінді/
7. 1метрде қанша дм? /10дм/
8. Көбейтудің компоненті.
9. Математикалық амалдар.
10. 1км - де неше метр бар? /1000м/
Математика майталманы
- Классика
- 31 қаңтар 2013
- 19841
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Математикадан сайыс сабақ, 3 сынып, бастауышқа
Ұқсас жаңалықтар:
Көбейтіндіні санға бөлу 4-сынып
Сабақтың мақсаты Көбейтіндіні санға бөлуге байланысты есептер шығарады, талдайды, қорытынды жасайды Қызығушылығын ояту • 6300 бен 7 - нің бөліндісі...Көбейтудің және бөлудің комоненттері
Сабақтың мақсаты: А) Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық, танымдық ойлау қабілеттерін дамыту. Ә) Білімділігі: Оқушыларды көбейту және бөлу...Математикалық жатжазу 3 сынып
Өрнектің мәнін тап. 1. Қандай сан 5 - тен 8 есе көп болады? 2. 45 санын 9 есе кеміт. 3. 36 мен 4 - тің бөліндісін тап....Математика 3 сынып тест
Математика 3сынып № 1 тест 1. Алты жүз тоқсан сегіз санының дұрыс жазылуын белгіле. A) 608. B) 689. C) 698. D) 609....4-ке көбейту және бөлу
Қараой мектеп бала бақшасының бастауыш сынып мұғалімі: Мұхтарова Гүлмира Таңжарбайқызы 3 сынып Сабақтың тақырыбы: 4-ке көбейту және бөлу...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.