Сайтқа кіру Тіркелу

Үш арыстың үлгілері

Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Үш арыстың үлгілері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға халық ауыз әдебиетінің бір түрі шешендік сөздері туралы түсінік беру. Қара қылды қақ жарған қазақ билерімен таныстыру. Шешендік сөздердің идеялық мәнін ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қиялын жетелеу арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Негізгі идеяларды суреттей отырып, тіл байлығын дамыту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Ана тілін ардақтап бағалай білуге, сөз қадірін терең түсінуге және тіл шеберлігіне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап,
Пән аралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе қағаздар, үш би суреті, пікір жазу күнделігі;

Сабақтың барысы:
І. Алғашқы ұйымдастыру
ІІ. Психологиялық дайындық
Аутотренинг
«Мен бәрін орындай аламын»
Мен барлығын жақсы көремін, сол үшін
көздеріме рахмет.
Мен барлығын жақсы естимін, сол үшін
құлақтарыма рахмет.
Мен барлық жерге барамын, сол үшін
аяқтарыма рахмет.
Мен барлық жұмысты атқарамын, сол үшін
қолдарыма рахмет.
Мен барлығын білемін, сол үшін
басыма рахмет.
- Осындай табиғат сыйлаған дене мүшемізге саулық тілеп, сабағымызға сәттілік тілеймін.
- Балалар, қазір өтіп жатқан тарау қалай аталады?
- «Атадан қалған асыл мұра»
- «Мұра» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Дұрыс, мұра дегеніміз - ата - бабадан қалған асыл сөз немесе зат
- Мұра атадан қалады.
- Енді «ата» сөзіне топтау жасап көрейікші.
(оқушылар айтады)
Аталардың осындай қасиеттерінен өнеге алайық дегім келеді.
Елдің туын ұстаған
Ел намысын ұштаған
Қалың қазақ пір тұтар
Қасиетті үш бабам, - деп осындай үлгі тұтар бабаларымызбен «Үш арыстың үлгілері» атты сабағымызда танысамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ. Үш арыстың үлгілері
Дәптерімізді ашып күннің жадын, сабағымыздың тақырыбын жазайық.
Алмағайып заманда қазақ көгіне үркердей болып шыққан Төле Әлібекұлы (1663 - 1756) Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы (1665 - 1758) және Әйтеке Байбекұлы бытыраған халқының басын қосып, көшін түзеп, шешендік те көсемдік қасиет танытты. Ел аузындағы аңыздар мен әңгімелер, шешендік сөздер мен толғауларда олардың биік болмысы, асқан азаматтығы көрініп тұрды. Бүкіл ел - жұрттың қамын ойлап қайғысын жеуден туған ғажап құжат. «Жеті жарғы» да бай мен сұлтандар емес, сол данагөй кемеңгер билердің қатысуымен дүниеге келді.
Үш арыстың бірлік пен тірлік, ынтымақ пен татулыққа шақырған үндері құлағымызға жетіп тұрғандай.
Бір сәт бейнетаспаға назар аударайық. (Бейнетаспадан кино көрсету)
Осы бабаларымыздың шешендік сөздерімен танысамыз. Оқулықтағы
64 бетке қараймыз
Енді барлығымыз тыныш отырып, ұғып тыңдайық. (мұғалімнің шешендік сөздері түсіріледі)
Балалар, осындай өсиетті, өнегелі сөздер қалдырған аталарымызды қандай адам деп айтуға болады?
Ел қамын ойлаған, ел ішіндегі әділ қазы;
Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсеткен данышпан;
Шешен, данагөй, ақылды деуге болады.
Өте керемет!

Оқулықпен жұмыс
Мұғалім түсіндіруі
Ендеше, осы бабалар сөздерін өзіміз түсініп бір мәрте іштей оқуға тапсырма беремін.
Уақыт болды, барлығымыз мәнерлеп тізбектей оқып шығамыз.
Жарайсыңдар!
Дәптермен жұмыс
Би дегеніміз кім екен балалар?
Би - ел билейтін тарихи тұлға.
Дәптерімізге жазып алайық.
Балалар, сәл тынығып алу үшін сергіту сәтін ұйымдастырамыз
Сергіту сәті (Бейнетаспа арқылы қимыл жасау )
Бірнеше тапсырмалар беріледі.
Бұл тапсырмаларды орындау үшін 3 топқа бөлінеміз.
І топ: Мына қамшыны «Төле бидей төре бол!» деп «Төре» тобының басшысына беремін.
ІІ топ: Қаз дауысты Қазыбек бидей тапқырлық танытар деп, «Тапқыр» тобының басшысына беремін.
ІІІ топ: Әйтеке бидей әділ бол деп,«Әділ» тобының басшысына беремін.
Балалар сендерге беріліп отырған қамшының рөлі қандай?
Оқушылар өз ойларын айтады.
Өте жақсы!
Қамшы дегеніміз бүгінгі сабағымызда биліктің символы.
Тапсырманы орындауда мен сендердің жандарыңнан табыламын.
(Бейнетаспадағы атаның І тапсырмасы) (Парақшалар тарату)
Олай болса, сендер де өз тапқырлықтарыңды көрсетіңдер.

(Бейнетаспадан атаның 2 - тапсырмасы)
Шешендік сөздерді жалғастыру
Жауаптардың өте керемет балалар!
Міне, бүгін сендер бабаларымыздың асыл сөздерін толық меңгердіңдер. Билерше сөйлеуге тырысып, тапқыр да, елге иелік ететін кемеңгер азамат болыңыздар!
Керемет, міне бүгін сендердің тапқырлықтарыңды, бірлікпен жұмыс жасағандарыңды көріп мен де сендерге риза боп тұрмын.
Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Олай болса жазғы күнгі гүлдің хош иісін еске ала отырып, алдарыңдағы гүлге өз көңіл - күйлеріңді білдіретін сурет ала койыңдар.
V. Үйге тапсырма
Үш арыстың үлгілері /шешендік сөздерін жаттау/
64, 65 - бет
Қазақтың билері мәнжазба
IV. Бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Шешендік өнер

Шешендік өнер

Сабақтың мақсаты: а) оқушыларды өтілген тақырып арқылы тілін дамыту, тіл байлығын жетілдіру; ә) Сезімтал, шешен болуға ұмтылдыру; б) мақал – мәтелдер...
Қазыбек би мен Бұқар жыраудың шешендік сөздері

Қазыбек би мен Бұқар жыраудың шешендік сөздері

Шешендік сөздерді тереңірек түсіндіре түсу, Қазыбек би мен Бұқар жырау туралы білімдерін кеңейту. Ой - саналарын оятып, жақсы мінезге, байқағыштыққа,...
Дүниеде не өлмейді?

Дүниеде не өлмейді?

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №266 мектеп – лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жиенбаева Ұлбосын Насрадинқызы...
Шешендік өнер

Шешендік өнер

Қарағанды қаласы, №134 негізгі мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тайжанова Салтанат Кошкинбаевна...
Шешендік өнер

Шешендік өнер

Өтегенова Набия Төлегенқызы БҚО, Казталов ауданы, Казталов ауылы. Казталовка ОЖББМ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×