Пәні: Дүниетану
Сыныбы: 1
Сабақ тақырыбы: аңдар
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсат: Жануарлардың тірі табиғатқа жататындығы туралы оқушылар түсінігін кеңейту; Олардың тіршілігін жыл мезгілдеріне байланысты бақылауға негіз салу.
2. Дамытушылық мақсат: Жануарлардың табиғаттағы орнын түсіндіру барысында қоршаған орта жайындағы білімдерін дамыту.
3.. Тәрбиелік мақсат: Оқушыларға жануарларға қамқорлық көрсету жайында айтып, жан - жануарларды қорғауға тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: Жан - жануарлардың суреттері, бақылау күнделігі. Интерактивті тақта, слайд.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, биология, зоология, бейнелеу өнері
Сабақ типі: Жаңа тақырыпты игерту.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Тест, сұрақ - жауап, түсіндіру, эвристикалық, әңгімелеу
Сабақ жоспары: І Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ Өткенді қайталау.
а) Табиғат
ә) Өсімдіктер әлемі
ІІІ Үй тапсырмасын сұрау
А) Өсімдіктердің көбеюі
Жаңа тақырып бойынша жұмбақ
1.«Аңдар» түсінік беру
2. Көрсетпелі оқу
3. Тізбек бойынша оқыту
4. Дәптермен жұмыс
Ү. Бекіту
а) Ойнайық та, ойлайық
ә) Дауысынан таны
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге: «Аңдар» мәтінін оқу. Мазмұндау.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
А) Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Әрбір өткен сәтке
ә) Бүгін қай күн?
- Аптаның нешінші күні?
- Бүгін күн қандай?
- Ауа райы қандай?
б) Бүгін біз сабақта сыныппен 4 топқа бөліп жарысамыз.
І - топ - Қошақан
ІІ - топ - Ботақан
ІІІ - топ - Балапан
ІҮ - топ - Құлыншақ
В) Әр топқа ұпай беріледі.
Г) Қай топ жеңсе, сол топ сыйлыққа ие болады.
ІІ Өткенді қайталау
а) – Кім біледі?
- Бір жылда неше ай бар?
- Жыл мезгілдерін ата?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Кім айтады?
- Қыс айларын ата?
- Көктем айларын ата?
- Жаз айларын ата?
- Күз айларын ата?
ә) – Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз
- Дұрыс
- Күз мезгілі нешеге бөлінеді?
- Бүгін күздің ең соңғы күндерінің бірі, енді бір күннен соң қыс мезгілі басталады, яғни желтоқсан айы басталады.
Б) Табиғат дегеніміз не?
- Бізді айнала қоршаған орта
- Табиғат нешеге бөлінеді?
В) Тірі табиғатты атайық
Г) Өлі табиғатты атайық
Д) Тірі табиғат пен өлі табиғат арасында қандай байланыс бар?
Тірі табиғат өлі табиғатсыз өмір сүре алмайды.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
А) – Біз адамдар жайлы жалпы мағлұмат білеміз
- Өткен сабақтарда біз тірі табиғаттың қай бөлігімен таныстық?
ә) – Дұрыс айтасыңдар!
- Өсімдіктер әлемімен таныстық.
- кім айтады, өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
Б) – Үйге қандай тапсырма беріледі?
- Өсімдіктердің көбеюі.
В) Кім айтады, өсімдіктер қалай көбейеді?
1. тұқым
2. түйнек
3. жуашық
4. қалемше
г) Біз сыныпта, үйде тәжірибе жасадық.
- Ол міне, көз алдымызды
- Сендер де үйден алып келдіңдер.
- Бұршақ қалай көбейеді?
Неше күнде өтеді?
Д) Үй тапсырмасын қазір мен сендерге тест беру арқылы, сол арқылы өткен сабақ бойынша алған білімдерің тексеріледі
Е) Тест тапсырмаларын таратамын. Жауабын сұраймын.
- Өсімдіктің қандай пайдасы бар?
- Өсімдіктерді қамқорлық керек.
- Оларды таптауға болмайды.
- Егер таптап, жұлса, ол қандай баланың ісі екен?
- Өсімдіктерге қандай қамқорлық керек.
СЕРГІТУ СӘТІ
ІҮ. Жаңа тақырып бойынша жұмыс.
- Біз тірі табиғаттың бір бөлігі өсімдікпен таныстық, бүгін жан - жануарлар туралы таныспақпыз.
- Енді тақтаға қарайық.
- Қандай сөз шықты? ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ. АҢДАР
А) – Аң дегенде көз алдымызға нелер елестейді?
ә) – Ұшатын құс, жүгірген аң, жүзетін балық, жыбырлаған құрт - құмырсқалар, яғни, жәндіктердің бәрі де жануарларға жатады.
Б) Аңдар - терісі жүнмен, қылмен жабылған жануарлар.
В) Сиыр, түйе, саршұнақ, тышқан, мысық т. б бәрі де аңдар.
- Қалай ойлайсыңдар?
- Неге, сиыр, түйе, ит, мысықты аң деп атаймыз?
- Өйткені, ерте кезде бұл аталған жан - жануарлар иесіз далада тіршілік еткен, яғни жабайы болған. Оларды адамдар біртіндеп қолға үйреткен. Содан барып, біз оларды жабайы және үй жануарлары деп атаймыз.
Г) Табиғатта өз бетімен тіршілік ететін жануарларды жабайы аңдар деп атайды. Адамдар күтіп бағатындарын үй жануарлары дейді.
Д) Сүтқоректілер дегенді қалай түсінесіңдер?
Аңдар балаларын сүтпен қоректендіреді.
Е) Оқушыларға мәтінді көрсетпелі оқу.
2) Оқушыларға тізбек бойынша оқыту.
Е) 3) Дәптермен жұмыс.
А) Бақылау күнделігіндегі 4 жұмбақ 4 топ кезектесіп оқиды.
ә) Жұмбақтың шешуін табады.
Б) Жауабын жазады 1 сурет салады.
Ж) Біз не білеміз?
1. 4 топ өздері ізденіп дайындап келген аңдар жайлы айтады. (суретпен)
2. Жұмбақ, мақал - мәтелдерін айтады.
Ү. Бекіту:
«Ойнайық та, ойлайық!»
Ботақан: Қай жануарлар қайда қыстайды
Қошақан: Қай аң немен қоректенеді?
Құлыншақ: Үй жануарын тап.
Балапан: Жабайы аңдар мен малдардың (үй жануарларының) айырмасын айт.
ә) Дауысын таны. (Үй жануары дыбысы естіледі, 4 топ айтады.)
ҮІ Қорытынды:
- Қандай тақырыппен таныстық.
- Жануарлар әлемімен танысып, Аңдар туралы білдік.
- Табиғатта өз бетімен тіршілік ететін жануарларды қалай атайды?
- Қолда бағылатын жануарлар қалай аталады?
- Сүтқоректі дегенді қалай түсінесің?
- - Жан - жануарларға қандай қамқорлық керек.
- ҮІІ. Бағалау
- Бүгін сабағымызда....... ұпай жинады.
«Балапан», «Ботақан» топтары тең түсіп, «5» бағаны жеңіп алды, құттықтаймыз.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге:
А) «Аңдар» оқу
ә) Сұраққа жауап беру.
Б) Жұмбақ, мақал - мәтел жаттау.
Аңдар
- R.K.Zhundibaeva
- 19 қаңтар 2013
- 13868
- 0
- 0
Ілмек сөздер: дүниетану, бастауыш сынып, аңдар
Ұқсас жаңалықтар:
Аңдар қалай қыстайды?
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қыс мезгілінде жануарлардың қалай тіршілік ететіндігін түсіндіру. Аңдардың жемін аулау тәсілі туралы мағлұмат беру,...Жан-жануарлар атауы
Жан-жануарлар атаулары кесте түрінде берілген. Жабайы аңдар, үй жануарлары: қой, ешкі, түйе, сиыр, жылқы...Жабайы жануарлардың тіршілік мекені
Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсінік беру. Оларды орманда мекен ететіні жөнінде айту. Балалар үй жануарлары және жабайы жануарларды ажырата...Тірі және өлі табиғат
Усенова Асемгул Қарағұлқызы...Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер
Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнаулы санаториялық мектеп – интернатының бастауыш сынып мұғалімі Байетова Нұрлыгүл...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.