Сабақтың тақырыбы: Ч дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Ч дыбысының әріп таңбасымен таныстыру
2. Дауысты, дауыссыз дыбыстар және буын, сөз, сөйлем жайлы білімдерін дамыту.
3. Спортты сүюге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Сөздік, көрнекілік, оқу, түсіндіру, әңгімелесу
Көрнекі құралдар: Спортшылардың суреттері, кеспе әріптер, мазмұнды суреттер
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен сабақ. Ц дыбысының әріп таңбасын пысықтау;
«Клоунның сыры» тақпағын айтқызу;
ІІІ. Жаңа сабақ. Мақсатын хабарлау.
Балалар, мына суретке көңіл аударайық!
• Суреттен кімдерді көріп тұрмыз?
• Олар не істеп жүр?
• Шаңғы қандай спорт түрі?
• Оларды кімдер тамашалап тұр?
• Спортшылар жарысып жететін жердің қалай аталатынын білесіңдер ме?
• Олар жарысты бастайтын сызық қалай аталады?
• Осындай дүбірлі додолар қалай аталатынын білесіңдер ме?
• Сондай дүбірлі доданың жеңімпаздарын кім дейді?
• Ал, енді мынау не?
• Енді осы чемпионат, чемпион, чек сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?
- Міне, балалар бүгін біз осы ч дыбысының әріп таңбасымен танысамыз, ч дыбысынан бар сөздермен танысамыз, дүбірлі додаларды жарып жүрген чемпиондарымызбен танысамыз.
- Мына суретке көңіл аударайық. Бұл кісі Қажымұқан деген аталарың. Ол кісі французша күрестен әлем чемпионы атанып қазақтың атын алғаш рет әлемге танытқан. Ал, мына кісі Серік Қонақбаев. Серік Қонақбаев бокстан олимпиада жүлдегері. Серік Қонақбаев өздерің сияқты талай балалардың бокс спортына келуіне себепші болды. Енді, мына кісіге көңіл аударайықшы, бұл кісінің аты Мұстафа Өзтүрік. Мұстафа Өзтүрік шығыс жекпе – жегінің таэквондо түрінен 7 дүркін әлем чемпионы. Біздің қазақ жеріне алғаш таэквондо спортын тәуелсіздік алған соң алып келді. Бұл кісілер бір сөзбен айтқанда чемпиондар. Чемпион сөзі қандай дыбыстан басталып тұр.
Ч ч дыбысының әріп таңбасын жазып көрсету, балаларға айтқызу, дауыссыз дыбыс екенін айту және кестеге дауыссыз дыбыстарға қосып қою.
- Енді, біз балалар бірінші қатар біздің балуандарымыз, екінші қатар біздің боксшыларымыз, үшінші қатар біздің таэквондошыларымыз болады. Біз үш топ болып оқудан, тәртіп жағынан, тез жауап беру жағынан жарысамыз.
• Бағандағы сөздерді оқып беру, сөздердің мағынасын түсіндіру;
• «Болашақ чемпиондар» өлеңін оқып беру, мазмұнын түсіндіру;
• Жазба түрімен берілген сөздерді оқып беру;
ІҮ. Іштей оқу.
Ү. Тізбектеп оқу.
ҮІ. Сергіту сәті.
ҮІІ. Дәптермен жұмыс.
• Ч дыбысының әріп таңбасын жазғызу;
• Көп нүктенің орнына ч әрпін қойып жазу және оқу;
ҮІІІ. Бекіту
• Бүгін қай дыбыстың әріп таңбасымен таныстық?
• Ч дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?
• Ч дыбысынан басталатын қандай сөздерді білеміз?
- Балалар, қазір мен үш топқа үш түрлі тапсырма беремін:
1 топқа сөздер жазылған карточка беремін, ол топтың оқушылары сөздерді оқып оның ішіндегі артық сөзді табады.
2 топқа сөздерінің орындары ауысып кеткен сөйлем беріледі, сол топтың оқушылары сөздерді ретімен қойып сөйлем құрайды.
3 топ өздеріне берілген сөйлемдерді оқиды және оның қандай сөйлем екенін айтады.
ІХ. Қорытынды
Оқушыларды мадақтау және марапаттау.
Ч дыбысы мен әрпі
- мака
- 18 қаңтар 2013
- 32428
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш, ч дыбысы мен әрпі, сауат ашу, сабақ жоспары, ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
"Ғ" дыбысы мен әрпі
Мақсаттары: 1. Тәрбиелік: тапқырлыққа, ойынның ұшқыр болуына тәрбиелеу. 2. Дамытушылық: дидактикалық құралдарды пайдаланып балалардың ойлау...Б дыбыс мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға б дыбысы мен әрпін таныту, б дыбысының әріптік таңбалануын, айтылу мен жазылуын таныстыру. Б әрпі бар сөздер...Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Ү дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқуға үйрету және оның жіңішке дауысты дыбыс екенін айту. Ү...Ю дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі. 1. Білімділігі. Ю дыбысын дұрыс атату, әріп таңбасымен таныстыру, Ю әрпі шет тілдерінен кіріктірілген дауысты...И дыбысы мен әрпі
Пәні: Әліппе Сыныбы: 1 Сынып жетекшісі: Базарбаева Мөлдір Талғатқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.