Сайтқа кіру Тіркелу

Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары

Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.

Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.

Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады. Көптеген ғылымдардың ойынша дарындылық, қабілеттілік және талант бір ұғымды білдіреді. Оларды бірдей негізде сәтті іс-әрекетте топтастыруға әрекет жасады.

Нышандардың іс-әрекеттік негізінде қабілеттілік қалыптасады;
Әдейленген дарындылық-сапалы өзіндік қабілеттердің бірлесуінде іс-әрекет сәттілігі құрылады;
Жалпы дарындылық – қабілеттілік кең шеңберіндегі іс-әрекеттер;
Іс-әрекет сәттілігін белгілейтін жеке адамның басқа адамдарынан айыратын ерекшеліктер
Ерекше қабілетті балаларға қамқорлық жасау – ежелден келек жатқан дәстүр. Республикамызда ашылған көптеген колледждер мен лицейлер – негізінен дарынды балалар үшін ашылған оқу орны. Мұндай оқушылар ел болашағына, оның интеллектік қуатына баға жетпес резерві. Сондықтан да жер-жерден бұларды іздеп табу - аса мәнді мейірбанды, гуманистік іс. Оларды мәпелеп, қамқорлық алу – баршамызға ортақ, бүкіл халықтық шара, өйткені таланттар қай кезде де қандай да іздесе таптырмайтын ұлттың рухани байлығы

Ақтөбе облысы
Ақтөбе қаласы
«Сымбат» жеке мектебі
бастауыш сыныбының Курмалова Асель Агисовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері

Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері

Бүгінгі таңда дарынды бала сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын...
Дарынды балалармен жұмыс

Дарынды балалармен жұмыс

№10 орта мектеп кітапхана меңгерушісі Рыгалиева Жанар Ондыевна...
Бастауыш сыныпта дарындылықтың ерекшеліктері

Бастауыш сыныпта дарындылықтың ерекшеліктері

Адамның шығармашылық мүмкіндіктері өте ерте байқалады. Өте қарқынды даму кезеңі - 2 - 5 жас. Осы жас кезеңінде жеке адамның негізі қаланады....
Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары

Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары

Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың...
Бастауыш сынып оқушыларының дарындылық қабілеттерін дамытудың жолдары

Бастауыш сынып оқушыларының дарындылық қабілеттерін дамытудың жолдары

Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына әсер етуші үшін дүниежүзілік білім кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі жетілдіру, оқыту жүйесін заман...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×