Сайтқа кіру Тіркелу

4 саны және цифры

Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі
Ісанатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна


Сыныбы: 1
Тақырыбы:4 саны мен цифры
Мақсаты: Жаңа сабақ
Білімділігі: Балаларға 4 саны мен цифрының жазылу жолдарын, 4 санының құрамымен таныстыру. 0-ден 4 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету.
Тәрбиелілігі: Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, дұрыс есептеуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Суреттер бойынша есептер құрастыра отырып, балалардың логикалық ойлау қабілетін, тіл байлығын, сөздік қорын молайту. Математикалық тілдерін дамыту.

Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ түрі: Аралас сабақ (ойын сабақ)
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын. Суретпен, ермексазбен, сіріңкенің қорабымен жұмыс жүргізу.
Сабақ көрнекілігі: суреттер, ойыншықтар, ермексаз, сіріңкенің қорабы, интерактивті тақта, пішіндер, т.б.
Пәнаралық байланыс: Құрастыру, мүсіндеу, тіл дамыту.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Іс – әрекет кезеңдері
іс – әрекеті -- Мұғалімінің
іс – әрекеті -- Балалардың

Мотивациялық қозғаушылық
Сәлемдесу, түгендеу. Балалар назарын сабаққа аудару. Қағаз қаламдарын ретке келтіру. Мұғалім оң қолымен жүрегінен қуаныш алып, балаларға сыйлайды. Мысалы:Білгір, білім-ді, әдепті бол; Балалар осы қимылды жалғастырып бір-біріне жақсы лебіздер айтады. Тіл алғыш бол, сүйкімді бол, әдемі бол, салмақты бол, ақылды бол, мейірімді бол.

1. Өткен сабақты пысықтау
“Балық аулау”ойыны
0+3=
1+2=
2+1=
2 -1=
3- 0=
3- 2=

Артық, кем, тең.

Балмұздақартық па, әлде көкөніс пе?
Қанша артық, қанша кем?
“Кім жылдам?” ойыны
Балалар сендер маған 3-ке дейінгі сандарды тура және кері санап беріңдерші.
0, 1, 2, 3
3, 2, 1, 0

2. Сергіту сәті
Ұста қолды алдыңа, қайшылашы беріліп,
Ұста қолды жаныңа, кеудең тұрсын керіліп.
Бүйір таяп оң қолмен, көтер қанат сол жаққа,
Бүйір таяп сол қолмен, көтер қанат оң жаққа.

ІІ. Жаңа сабақ
Балалар бір жылда неше мезгіл бар? Бұл сан сендерге таныс па?
Онда бүгін 4 санымен танысамыз.
(Оқушылар өз жауаптарын береді)

3. Ой қозғау.

4 санына байланысты төрт түлік малды білеміз.
Әр төрт түлік малдың аяғының саны нешеу екенін санау.

Дәптердің, оқулықтың, партаның бұрышын санайық. Қанша болды?

Сынып бөлмесінің қабырғаларын санайықшы.
Қанша болды? Қолдарыңдағы бет орамалдың бұрышы қанша?

4. Дәптермен жұмыс
Оқушыларға 4 саны мен цифрының таңбалну әдісін ұғындыру. Цифрды бірінші ауаға орындап, содан соң дәптерлеріне жаздыру.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау үшін балаларды үш топқа бөлемін
«Құрастыру» тобы
«Мүсіндеу» тобы
«Бейнелеу» тобы.
Балалар сурет бойынша есептер құрастырып шығарады.


4, 5, 6-тапсырмалар.
Әр топ мұғалім нұсқаулығымен орындайды.
“Кел, ойнайық!” Қояндарға көмек
Балаларға таяқта таратып беремін. Балалар қолдарындағы таяқшаларды санаңдаршы. 4 деген сан неше таяқшадан тұрады. Қанша буын бар? Ендеше, қолдарыңдағы таяқшадан кім 4 санын құрастырып береді?
(Оқушылар 4 деп жауап береді. Төрт дыбыстан, бір буыннан тұрады).

5. Өз бетіндік жұмыс.
«Құрастыру», «Мүсіндеу», «Бейнелеу» топтарының жұмыстарын тексеру.

ІІІ. Қорытынды
4 санының құрамын табу
6. Күтілетін нәтиже:
Оқушы нені меңгерді:
4 санының жазылуын, санның құрамын біледі. Ермексаз түстерін ажыратуды, санды ермексаздан бейнелеп жасауды үйренеді.
Қандай түсініктерді игерді:
Мұғалімді тыңдауды, топтық жұмыс жасауды, сурет бойынша, ойыншықтарды санауды игерді. Есте сақтау дағдылары қалыптасты.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:
Санды сіріңкенің қораптарынан, ермексаздан ши таяқшаларынан құрастыруды, жазуды үйренді Ойлау қабілеттері артты. Есте сақтау дағдысы
қалыптасты.
ІҮ. Әр топты мадақтау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×