Ақтөбе облысы,
Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Қожағұлова Гүлжаһан Қожағұлқызы
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақ тақырыбы: Сәулелі жұлдыз іздеген адам
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ыбырай Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына мектептер ашқандығы туралы айту. С. Көбеев туралы түсінік беру.
Дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту
Тәрбиелілігі: Балаларға Ыбырай ата өмірін үлгі ету. Білімді, ақылды ізденімпаз етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:тақта, кітаптар, мақал-мәтелдер, Ыбырай атаның суреті.
Сабақ әдісі:сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген тапсырма:Қанжығалы Бөгенбай. Мәтінді түсініп, мазмұнын айту
Сұрақтарға жауап бер:
1. Бөгенбай кім?
2. Батыр аңғырт десек те,
Көрсеткендей ел үшін» деген жолдар Бөгенбай батырдың қандай ісін марапаттауға арналған?
3. Тәтіқара жырау Бөгенбайға қандай мінездеме берді?
4. Бұқар жырау Бөгенбай батырға қандай мінездеме берді?
5. Қандай батырларды білесіңдер?
Қазақтың ғұламалары
- Біздің қазақ халқында елінің қамын ойлаған адам көп.
Қазақтың ұлы ғұламалары: Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов
Мысалы, Абай, Ыбырай сияқты атақты адамдар халықты оқу білімге, өнерге шақырған. Олай болса бүгінгі Ыбырай ата туралы сөз болмақ.
Ы. Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Торғай даласында туған. Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болған, атасы Балқожаның тәрбиесінде өседі.
Қазақ балаларына арналған ана тіліндегі тұңғыш оқулық «Қазақ хрестоматиясының» авторы. Ол халқына білім беріп, мәдениетті ел қатарына қосуды армандаған, өзінің бар өмірін сол жолға арнаған адам. Қазақ балаларына арнап мектептер ашқан, оқулықтар жазды, өзі де бала оқытты.
Ыбырай көп ізденіп, оқудың арқасында ғалым болған. Қазақ халқына білімге, жаңа өмірге жол салып берді. Бізде сол кісідей халқымызға өз пайдамызды келтіруіміз керек.
Ұстаз, ғалым, оқулық авторы, ақын, аудармашы
«1841-1889» Қостанай облысы
1864 жылы мектеп ашты
«Таза бұлақ», «Өнер білім бар жұрттар», «Кел балалар оқылық», «Өзен»
Әбу Сәрсенбаев өмірбаянынан қысқаша мәлімет
Балалық шағы Атыраудағы балықшылар арасында өткен. Боз алатаңнан ымыртқа дейін қалтылдаған қара қайық үстінде ау құрған тауқыметімен жүріп, білім алу мүмкіндігі он бес жасында туады.
Жаңа білімді меңгертуі:
1. Мұғалімнің мәтінді мазмұндауы
2. Мәтінді іштен оқу
3. Оқушыларға мәтінді тізбектеп оқыту
Сұрақ-жауап:
1. Әңгіменің басында кім туралы айтылған, ортасында не туралы айтылған?
2. Соңғы бөлімінде не туралы айтылған?
3. Әңгіме неліктен «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» деп аталған?
Мәтін бөлімдері
1. Үлкен ғалым адам
2. Алғашқы кездесу
3. Кел, балалар, оқылық.
Сөздік жұмыс
Инспектор - белгілі заңдар мен ережелердің және жұмыс орындарын бақылап, тексеріп отыратын қызметкер.
Поэзия минуты:
Бір аллаға, сыйынып,
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық...
Шығармашылық жұмыс:
1. Ақыл азбайды,
Білім тозбайды
2. Білім басқа бітеді,
Қына тасқа бітеді.
3. Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
Ол кім? Аудармашы, жазушы, ұстаз, қоғам қайраткері, ақын, балалар әдебиетінің атасы
Не істеді? Мектеп ашты. Оқулық жазды. Зерттеді, аударды білім берді
Несімен танымал? әңгімелерімен, аудармаларымен, өлеңдерімен
Міне, балалар қазіргі егеменді елімізде Елбасы Н. Ә Назарбаевтың жолдауындағы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша Шалқар қаласында №8 жалпы орта білім беретін мектеп пен Ақтөбе қаласындағы №40 жалпы орта білім беретін мектептер ашылды.
Үйге тапсырма
Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айту.
Ы. Алтынсарин туралы мәнжазба жазу.
Бағалау.
Сәулелі жұлдыз іздеген адам
- гүлжаһан
- 24 қараша 2012
- 6064
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әдебиеттік оқу, бастауыш, Ыбырай Алтынсарин, сәулелі жұлдыз іздеген адам
Ұқсас жаңалықтар:
Ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, «Арқалық түзеу мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі Капарова Жазира Камаевна...Алғашқы қоңырау
«Алғашқы қоңырау» өлеңімен таныстыру. Оқушыларға өлеңнің мәнін ашып, мазмұнын меңгерту...Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог
Сабақтың тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог» Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға қазақтың ірі ғалымы, ағартушы, педагог Ыбырай...Сәулелі жұлдыз іздеген адам. 4-сынып
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №18 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Джаубаева Амина Заркешовна...Дала жұлдызы (3 сынып ана тілі)
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ө.Жаңабаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сабырахынова Анеля...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.