Пәні: ДҮНИЕТАНУ
Класс: 1
Мұғалімі: Нұрмашева Салтанат
Сабақтың тақырыбы: Біздің ауыл. Ауыл мекемелері.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: аралас сабақ (І кезең – 5 минут; ІІ кезең – 25 минут; ІІІ кезең – 15 минут)
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды ауыл тұрмысының ерекшеліктерімен таныстырып, ауыл мекемелерінен хабардар ету;
2. Оқушылардың іскерлік дағдыларын қалыптастыру, жеке, топтық жұмыста шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке баулу, өз елінің байлығын дұрыс пайдалануға үйрету;
3. Әрбір оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлылығын дамыту.
Сабақтың мазмұны:
І – ІІІ кезеңдік тапсырмалар (төменде оқушының жұмыс дәптерінде және мұғалімге арналған жауаптар – кілтінде берілген)
Сабақтың әдіс-тәсілі:
І кезеңде: сұрақ – жауап арқылы;
ІІ кезеңде: а) оқулықпен өз бетімен ізденіс әдісі; б) практикада бекіту әдісі;
ІІ кезеңде: үш деңгейлік тапсырмаларды өз бетімен біртіндеп орындату арқылы бағалау әдістері.
Көрнекіліктер: І кезеңде: жұмыс дәптері, тақтадағы «ашық журнал», мұғалім мен оқушының жеке журналдары;
ІІ кезеңде: а) оқулық, слайдтар, интерактивті тақта;
б) оқулық, жұмыс дәптері;
в) оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта.
ІІІ кезеңде: жұмыс дәптері, тақтадағы «ашық журнал», мұғалім мен оқушылардың жеке журналдары.
Сабақтың өту барысы:
І кезеңде:
а) ұйымдастыру;
б) үй тапсырмасын тексеріп, «ашық журналға» белгілеу;
в) «Көпір» тапсырмаларын тексеру;
ІІ кезеңде:
а) оқушылардың топта өз бетімен жұмыс дәптерінде берілген жетелеуші тапсырмаларға оқулықтан жауап іздеуі;
б) интерактивті тақтамен, оқушымен жеке жұмыс;
ІІІ кезеңде:
Дұрыс орындалған деңгейлік тапсырмаларды мұғалімнің тексеруінен кейін оқушылардың өзіне тақтадағы «ашық журналға» белгілеп отырғызу. Үш деңгейді толық орындаған оқушыларға төртінші деңгей тапсырмаларын орындату.
І кезең. Ұйымдастыру кезеңі
«Көпір» тапсырмасы (Жаңа тақырыпқа қажет болатын өткен материалдардың қайталау тапсырмаларын үйден орындап кел)
2. Мектеп балаларға не береді?
Жауабы: Білім береді
3. Мектеп ісін басқаратын кім?
Жауабы: Директор
4. Оқушыларды кім оқытады?
Жауабы: Мұғалім
5. Сен партада кіммен отырасың?
Жауабы:
Ән: Мектебім
ІІ кезең.
Жаңа тақырыпты өз бетіңмен меңгеріп көр.
Теориясы «Білу»
(Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)
1. Мынау не?
Жауабы: Ауыл
2. Сендер қайда тұрасыңдар?
Жауабы: Шалқарда, (ауылда)
3. Біздің салып алған жеке неміз бар?
Жауабы: Үйіміз
4. Үй жанындағы бақшаға не егеміз
Жауабы: Сәбіз, қарбыз, қызанақ
5. Ауылда не ұстаймыз?
Жауабы: мал, қой, сиыр, жылқы
6. Төмендегі суретте көрсетілген мекеменің атын жаз
Жауабы: аурухана, кітапхана, дүкен
Теориясы «Түсіну» (неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?) Сұраққа жауап бер
1. Ауылда біз неліктен мал ұстаймыз?
Жауабы: Пайдасы көп
Теориясы «Талдау»
(салыстыр, ерекшелігі неде? ең бастысын бөліп шығар.
Венн диаграммасын толтыр.
Аурухана --------------------- Ортақ қасиеті --------------------------- Кітапхана
Басты идеясын жаз:
Аурухана мен кітапхана екеуі де – мекеме.
Теориясы «Жинақтау»
(Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, сөзжұмбақ, ребус құрастыр)
Суреттердің бас әріптерінен сөз құра.
Жасырынған сөзді тап
Жауабы: Шалқар
Практикасы «Қолдану» (қарапайым тапсырмалар) Өзің білетін жемістердің атын жаз.
Жауабы: алма, алмұрт ...
Практикасы «Баға беру»
(сен қалай ойлайсын? Не істер едің? Ауылда адамдар қандай шаруашылықпен айналысады деп ойлайсың?
Менің ойымша, мал шаруашылығы, егін шаруашылығы
ІІІ кезең.
Деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындап, балл жинаңдар.
1-деңгей (5 балл)
Теориясы «Білу»
(Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді? ) Сұраққа жауап бер
1. Сен қайда тұрасың?
Жауабы: Мен Шалқарда тұрамын
2. Көкөністердің атын жаз.
Жауабы: қарбыз, қияр ...
3. Мынау не?
Жауабы: көл
Теориясы «Қолдану»
(ІІ кезеңдегі қолдану үлгісі бойынша) Мақалды толықтыр.
Ауылым – алтын бесік
ІІ деңгей (5 балл+4 балл=12 балл)
Теориясы «Түсіну» (Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?)
1. Сен қай көшеде тұрасың?
Жауабы: ____________
2. Не себепті ауыл өте бай?
Себебі, мал, егін шаруашылығы бар
3. Ауырсаң кімге қараласың?
Жауабы: Дәрігерге, себебі ол науқасты емдейді
Теориясы «Талдау» (Салыстыр, ерекшелігі неде? Венн диаграммасын толтыр
Дәрігер Ортақ қасиеті Мұғалім
Басты идеясын жаз:
Екеуі де маман иелері.
Практикасы «Қолдану» (өзгертілген жағдайда) Сұраққа жауап бер.
Көлде нелер болады?
Жауабы: Балықтар
ІІІ деңгей.
(5 балл+4 балл+3 балл=12 балл)
Теориясы «Жинақтау» (қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кесте, сызба, ребус) Сөзжұмбақты шеш.
Практикасы «Баға беру»
(сен қалай ойлайсын? Не істер едің?) Сен басшы болсаң, ауылға не істер едің?
Жауабы: Ауылды көркейтер едім.
Ауылдық жерде тұрсаң, қандай шаруашылықпен айналысар едің?
Жауабы: мал шаруашылығы, егін шаруашылығы
Біздің ауыл
- Салтанат н
- 20 қараша 2012
- 14492
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш, дүниетану, біздің ауыл
Ұқсас жаңалықтар:
Рационал бөлшектер және оның негізгі қасиеті
Сабақ негізделген оқу мақсаты: 1. «Рационал бөлшектер және оның негізгі қасиеті» тақырыбының мазмұнын оқушылардың өз бетімен толық меңгеруіне,...Табиғат - менің өз үйім
І кезең. Мұғалім алғашқы 5 - 7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап...Ілмек бізбен бұйымдар тоқу технологиясы
Қызылорда қаласы, №173 Ә. Молдағұлова атындағы орта мектебінің технология пән мұғалімі: Абдрахманова Айгүл Абсадыққызы...Ілмек бізбен түрлі бұйымдар тоқу
Қызылорда қаласы №173 Ә. Молдағұлова атындағы орта мектебінің технология пән мұғалімі: Абдрахманова Айгүл Абсадыққызы...Глобус жердің дәл үлгісі
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қожағұлова Гүлжаһан Қожағұлқызы Тақырыбы: Жер – шар тәрізді дене. Глобус...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.