Макуова Нуршат Аманкосовна
Ақтөбе облысы
Ақтөбе қаласы
«Сымбат» жеке мектебі
Ісанатты мұғалім
Қазақ тілі 2 cынып
Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем
Сабақтың мақсаты: 1. Жаңа тақырыпты ашу арқылы оқушылардың хабарлы сөйлем және оның тыныс белгісі жайындағы білімдерін қалыптастыру.
2. Оқушылардың тілін, шығармашылық қабілетін дамыту, әдемі, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. Ой-өрістерін, өз ойын ашық әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
3. Жақсы мінез-құлыққа, сөз мағынасын түсініп, байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорларын
молайтуға жетелеу. Сөйлеу шеберлігін, мәдениетін қадағалай отырып, өз ана тілін құрметтеуге,
сүюге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта пайдалану арқылы хабарлы сөйлем туралы
слайдтар, түрлі-түсті суреттер, ережелер, тірек схемалар, шаблондар, т. б.
Сабақтың типі: Жаңа материалдар түсіндіру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Үш өлшемді әдістемелік жүйе.
Пән аралық байланыс: бейнелеу өнері, өзін-өзі тану пәні, ана тілі, дүниетану, т. б. пәндер.
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а)Оқушылардың сабаққа әзірлігін және құрал-жабдықтарының түгел болуын қадағалау.
б)Оқушылардың ұраны
Оқушының деңгейі
ІІ. Үй тапсырмасы:
223-жаттығу
Ребусті шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құрау.
Ережені еске түсіру:
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң не нүкте(. ), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.
Алгоритмдік саты
Көрініс
Сыныпқа Айжамал хабар әкеледі.
Хабарландыру
11-ші желтоқсан күні сағат 5-те “Балдәурен” фестивалінің ән байқауы өтеді. Қатынасуларыңыз сұралады. Мектеп әкімшілігі.
Оқушыларға ережені өз беттерімен шығарту.
Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейді. Хабарлы
сөйлемнің соңына нүкте (. ) қойылады:
Оқушылар мұражайға барды.
224-жаттығу
Мәтінді түсініп оқы. Әр сөйлемде не туралы айтылған?
Итбалық балықпен қоректенеді. Ол өте жақсы жүзеді, керемет сүңгиді. Аяқ орнында жүзу қанатшалары бар. Итбалықтың күшіктері де аппақ. Сондықтан оларды ақүрпек деп атайды.
Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аудар.
Эвристикалық саты
225-жаттығу
Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз. Мәтінге ат қой.
Оқулықтағы нұсқасы: Бұлбұл - кішкентай құс ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды
Оқушылардың өз бетімен орындаған жұмысы:
Бұлбұл
Бұлбұл - кішкентай құс. Ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды. Бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды.
--Бұлбұл туралы білетіндерін айту, еске түсіру;
226-жаттығу
Сөздерді оқып, әйелдердің киімін білдіретін сөздерді бір бөлек, ерлердің киімін бір бөлек
топтастыр.
Сәукеле, орамал, жейде, жаулық, күпі, құлақшын, ішік, қамзол, шәлі, шекпен.
Алдыңғы жаттығудағы қарамен жазылған сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
227-жаттығу
1-ші қатар: ОРАМАЛ
2-ші қатар: ҚҰЛАҚШЫН
3-ші қатар: ҚАМЗОЛ
Шығармашылық саты
228-жаттығу
Берілген сөйлемдердің хабарлы сөйлем екенін дәлелде.
Менің досым Қырғызстанда тұрады. Мен оған өз елім туралы мақтанышпен жазамын.
Ол жазда Алматыға келмекші. Досымды асыға күтіп жүрмін.
Хабарлы сөйлемді тауып жаз
Ажар кітапханаға барды
Үйді кім салады
Алақай, ертең концертке барамыз
Сыныпта өнерлі оқушылар бар ма
Бүгін қар қалың жауды
Үйге: 228-жаттығу
Жоспар бойынша әңгіме құрау.
Бағалау.
Хабарлы сөйлем
- bibka
- 16 қараша 2012
- 23978
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш, хабарлы сөйлем
Ұқсас жаңалықтар:
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем жайында білім беру; көңіл – күйге байланысты айтылатын сөйлемдерді басқа сөйлемдерден ажырата білуге үйрету; жазу сауаттылықтарын...Хабарлы сөйлем
ШҚО, Семей қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені» КММ Батырханова Гульнар Абугалиевна...Лепті сөйлем
Қарағанды қаласы, № 6 ЖББОМ бастауыш сынып мүғалімі Ахметова Бахыт Махметовна...Лепті сөйлем
Қарағанды қаласы, Қазыбек Би ауданы, «№6 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Кордабаева Жулдыз Мухаметжановна...Сөйлем
Атырау қаласы Ы. Алтынсарин атындағы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құбиева Зауреш Паңгерейқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.