Сайтқа кіру Тіркелу

Қызғалдақ пен қарасора

Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы,
«Сымбат» жеке мектебі
Курмалова Асель Агисовна

Сабақтың тақырыбы: Қызғалдақ пен қарасора
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып оқушыларға сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйрету. Топпен жұмыс, әңгіме кестесі, болжау стратегиясын пайдаланып, оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету.
Дамытушылық: Өз ойына қорытынды жасай білуге дағдыландыру, сауатты мәнерлеп оқу, икем дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: Адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеп, жаман қасиеттерден (қызғаныш, мақтаншақтық) аулақ болуға тәрбиелу.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, әңгіме кестесі, (салыстыру кестесі), көрнекілік.
Көрнекілігі: Ватман қағаз, қосымша кітаптар, суреттер, дәрілік шөптер.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырма Ә.Асылбековтің «Түлкі мен тиін» мысалын дұрыс түсіну, мәнерлеп оқу және мысалды болжау стратегиясы бойынша өзгертіп тоқсан тоғыз айлалы түлкіні өлімнен құтқаруға (түлкіні ақылды етіп суреттей арқылы) әңгіме жазу, сурет салып келуге берілген.
Рольмен оқыту. Түлкі мен тиінге мінездеме беру. Әр оқушы өз әңгімесін оқып, салған суреті туралы айтып береді.
Болжау стратегиясы арқылы жазған, салған жұмыстары талданады, тексеріледі.

ІІІ.Жаңа сабақ. «Қызғалдақ пен қарасора».
Қызығушылықты ояту.
Сұрақтарға жауап алу.
- Мақтаншақтықтан басқа адам бойындағы қандай жаман қасиеттерді білесіңдер?
- Абай Құнанбаевтың өсиет сөздерін еске түсірейік. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді айту.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарлау.
Енді «Қызғалдақ пен қарасора» атты мысалды оқимыз. Бұл жаман әдеттің бірін сынауға арналған. Мысалдың авторы С.Сарғасқаев туралы мағлұмат беру.
Мысалды қара сөзбен жазылғаны туралы айту.

Ой қозғау:
Енді мысалды оқымас бұрын ой қозғайық. Біз қызғалдақ пен қарасора туралы не білетінімізді тізіп жазып шығайық, суретін салып, көз алдымызға елестетейік.
Жұппен жұмыс. (Үлестірмелі тапсырма таратып беру)
Қызғалдақ Ұқсастығы Қарасора
Гүл, әдемі
Хош иісті, әртүрлі,
Үйде, далады өседі. Өсімдік, көктемде өседі,
ауа, су, жарық, жылу керек. Шөп иісі жоқ,
жасыл, көк,
далады өседі.
Серіктесімізбен ой бөлісу. Білетінімізді тізіп айттық, енді мысалды оқимыз.
Оқулықпен жұмыс.
1. Мұғалім мысалды мәнерлеп оқиды. Суреттерін көрсетеді. Сұрақ-жауап арқылы талдау жасау жұмысы. Сендерге ұнады ма? Мысал не туралы?
2. Оқушылардың өздеріңе іштей оқыту.
3. Рольмен оқыту.
Мағынаны тану: V, + , - ? белгілері бойынша жұмыс істеу. Оқушылар түсінбеген сөздерін, сөз тіркестерін, сөйлемдерін - ? белгісі бойынша сұрайды.
Мысалы, Сұлутөр, үшкір-үшкір, күреңденіп, жыртып тастады т.б. сөздерге түсініктеме беріліп, сөздік жұмысы жүргізіледі.
Сергіту сәті:
Отырайық жүрелеп,
Гүлді үзіп алайық.
Орнымыздан түрегеп,
Басқа гүлге барайық.
ІV. Бекіту. Ой толғаныс. Топпен жұмыс.
І топ. Қызғалдаққа мінездеме беру. Сендер қызғалдаққа ұқсағыларың келе ме? Неге?
ІІ топ. Қарасора сендерге ұнай ма? Оған ұқсағыларың келе ме? Неге?
ІІІ топ. Қандай дәрілік шөптерді білесіңдер? Неге олар дәрілік шөптер деп аталады?
ІV топ. Қызыл кітапқа енген қандай өсімдік, аң, жануарларды білесіңдер? Қызғалдақ Қызыл кітапқа енген бе?
V топ. Қандай гүл түрлерің білесіңдер? Атаңдар. Әр топқа бес минут уақыт беріледі.

V. Қорытынды.
Тақтаға ватман қағаз іліп «әңгімелеу» кестесін толтыру.

1 Мысалдың аты Түлкі мен тиін Қызғалдақ пен қарасора
2 Авторы Ә.Асылбеков С.Сарғасқаев
3 Оқиға орны Орманда Далада
4 Кейіпкерлер Түлкі мен тиін Қызғалдақ пен қарасора
5 Не үшін мақтанды? Қулығымен жеу үшін Қызғаныштан
6 Кімдікі дұрыс? Тиіндікі Қызғалдақтікі
7 Кейіпкер несімен ұнады? Неге? Тиін. Ақылдылығымен Қызғалдақ әдемілігімен
8 Мысалдың соңында не болды? Түлкіні қасқыр жеп қойды. Қарасораны диқандар жыртып тастады.
9 Мазмұнының идеясы қандай? Ақылды болу, мақтаншақ болмау керек. Қызғаншақ болмау, қарапайым әдемі болу.
Екі тақырыпқа байланысты тоғыз сұраққа оқушылар жеке іздене отырып жауап береді.
Топтасып ой қорыту. Біріншісі ақылды болуға, ал екінші мысал қарапайым, әдемі болуға үйреткен еді.

VІ. Бағалау.
Мақал – мәтел сұрау арқылы оқушылардың алған білімдерін пысықтап, бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма.
«Менің гүлім» атты әңгіме жазу, суретін салу. Мәтінді мәнерлеп оқу тапсырылады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×