Сайтқа кіру Тіркелу

Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді?

Сабақтың тақырыбы: Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді?
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Өсімдіктердің сыртқы орта жағдайларына бейімділігі туралы ұғымдарын пысықтау, тіршілік етуі туралы ұғымдарын кеңейту.
2. Тәрбиелілігі: Өсімдіктер әлеміне деген оқушылардың сүйіспеншіліктерін ояту. Өсімдіктерді қорғай білуге баулу.
3. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету.
Түрі: Жарыс сабағы
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтау әдісі, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: суреттер, тірек-схемалар, бүктеме, сызбалар.

Жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнерменен өрістеп,
Өсе берсін санамыз.

ІІ. Үй тапсырмасы: «Кім зерек?»
- Алдымен оқушылар екі топқа бөлінеді.
1-топ: «Бидай»
Ұраны: «Жарыспа, жарысқан соң қалыспа»
2-топ: «Сәбіз»
Ұраны: «Сәбізді жеп бәріміз, жарысуға әзірміз»
Үй тапсырмасы қалай аталады?
«Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек»

1-топ: Өсімдіктің өсуіне ауа не үшін қажет деп ойлайсыздар?
2-топ: Өсімдікке жылу мен жарықтың қажеттілігін қалай түсінесіздер?

ІІІ. Сергіту сәті
Жел уледі-у-у,
Құйын келіп биледі-зу-зу,
Қатты-қатты жел соқты-гу-гу,
Жапырақтар қол соқты-ду-ду.

ІҮ. Ой қозғау: «Ойлан, тап»
- Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс
- Алда қандай мереке келе жатыр? Жаңа жыл мерекесі
- Жаңа жыл көркін кім айтады? Шырша
- Ендеше, балалар бізге бүгін шырша қонаққа келіп отыр. Ол өзінің қанша жыл тіршілік ететінін білмейді екен. Біз қонағымызға көмек көрсетуіміз керек.

Ү. Жаңа сабақ
«Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді?»
- Мұғалім түсіндірмесі:
Өсімдік-тірі ағза.
Өсімдіктер

Ағаш
Шөп
Бұта
- Олар кез келген тіршілік иесі сияқты белгілі бір уақыт мөлшерінде тіршілік етеді. Кейбір өсімдіктер бірнеше ай, енді біреулері ұзақ уақыт тіршілік етеді.

Өсімдіктер
Бір жылдық
Көп жылдық
Екі жылдық
Көкөністер
ағаштар
сәбіз
орамжапырақ

ҮІ. Оқулықпен жұмыс
- Екі топқа бөліп тізбектей оқыту
- Іштей оқу

ҮІІ. Сұрақ-жауап әдісі: «Ойланбай жауап бер»
1. Өсімдіктердің тіршілік ету мерзімін айт
2. Бір жылдық өсімдіктерді атап, мысал келтір –күнбағыс, бұрыш, бидай
3. Екі жылдық өсімдіктерді ата - сәбіз, орамжапырақ,
4. Көп жылдық өсімдіктерге нелер жатады?- бақбақ, итмұрын, үйеңкі

ҮІІІ. Өз бетіндік жұмыс
Оқушыларға суреттер таратылады. Суреттегі өсімдіктердің тіршілік
ету мерзіміне қарай топтастыру.
- Әр топтың оқушылары өздерінің жұмыстарын тақтаға келіп қорғайды.

ІХ. «Білгенге маржан, білмеске арзан»
Үнтаспадан пияз туралы соңғы жаңалықтарды тыңдау.
Пияз-көп жылдық, шөптекті өсімдік. Ол тікелей тамырынан өсіп шығады. Гүл сабағының іші қуыс, гүлдері майда, ақшыл, шар тәрізденіп сабақтың ұшында шоғырланып тұрады. Иісі өткір, дәмі ащы. Шілде - тамыз айларында гүлдейді. Бұл өте кең тараған бақша өсімдігі. Құрамында азотты заттар, қант, минералды тұздар, С, В дәрумендері бар.
Халық медицинасында пиязды тамаққа тәбет ашатын, ішек құрттарын түсіретін, құрқұлаққа қарсы әсер ететін, қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданады. Пияз асқазан бездерінің жұмысын жақсартады. Жас пияздың сығып алынған сөлін ауыз уылғанда пайдаланады. Сонымен қатар тұмау ауруының бірден-бір емі болып табылады.

Х. Жаңа сабақты бекіту
Тақтадағы суреттерді сәйкестендіреді.

Күнбағыс, бұрыш, бидай - бір жылдық өсімдіктер.
Бақбақ, итмұрын, үйеңкі - көп жылдық өсімдіктер.

- Шырша көп жылдық өсімдіктердің қатарына жатады екен. Іле Алатауының теріскей беткейінде 1, 5-2, 5 мың метр биіктікте қалың болып өседі.
Басқа жерлерде сирек кездеседі. Орынсыз пайдаланғаннан жойылып кету қаупі бар.

ХІ. Үйге тапсырма:
а)мазмұнын айту
ә)шөптесін өсімдік түрлері туралы мағлұмат жинау
ХІІ. Бағалау
Екі топтың бағасын беру, мадақтау
ХІІІ. Қорытындылау «Жүрек жылуы» шеңбері
(Оқушыларға шығыршық, ойыншықтар тарату)
Олай болса барлығымыз бір-бірімізге тілектер айтайық.
- Әндетіп, шыршаны безендіреді.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Өсімдіктердің көптүрлілігі 3 – сынып Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді? 2 -  ...

Өсімдіктердің көптүрлілігі 3 – сынып Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді? 2 - ...

Мақсаты: Күтілетін нәтиже: Өсімдіктердің көптүрлілігі, сыртқы орта жағдайларына бейімділігі туралы ұғымдарын пысықтау, тіршілік етуі туралы ұғымдарын...
Өсімдік - тірі организм

Өсімдік - тірі организм

БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Есқайрова Айсұлу Жақсылыққызы...
Дәрілік өсімдіктер

Дәрілік өсімдіктер

Астана қаласы №5 гимназияның биология және география пәнінің мұғалімі Құрманқұлов Марат Сағынтайұлы...
Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж

Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж

Семей қаласы, Кутешова Жадыра Серикалиевна Бастауыш сынып мұғалімі...
Тіршілік туралы түсінік. Өсімдіктердің тіршілігі                            ...

Тіршілік туралы түсінік. Өсімдіктердің тіршілігі ...

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы География пәнінің мұғалімі: Қатбай Роза Бақтиярқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×