Атырау қаласындағы №2 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Айтбаева Талиғат Садуатқызы
Қазақ тілі. 3 сынып.
Сабақ тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.
Сабақ мақсаты:
Білімділігі: 1) Жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру.
2) Сөйлемнің жалаң және жайылма бөліп бөлінуі тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту.
3) Оқушыларды тез ойлап, ойын тұжырымдап жеткізуге үйрету.
Тәрбиелігі: Сабақты халықтық педагогикамен байланыстыру, оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқушыларды өзіндік жұмыстануға, ізденуге, топппен жұмыстануға баулу.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, терминологиялық ойындар.
Түрі: білім, іскерлік дағдыны қалыптастыру сабағы.
Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану, өзін-өзі тану.
Көрнекілігі: сызбалар, мультимедия.
Сабақ жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Қызығушылығын ояту, еске түсіру стратегиялары.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
195-жаттығу. Сөйлем мүшелерінің байланысы туралы ереже.
ІІІ. Жаңа сабақ. Жалаң және жайылма сөйлем.
Сұрақ - жауап.
- Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері туралы не білеміз?
- Бастауыш деген не?
- Баяндауыш деген не?
ІІІ. Оқулықпен жұмыс.
196-жаттығу. Ауызша талдау.
Сөйлемдерді оқып, екі бағандағы сөйлемдерді салыстыр. Не байқадың?
- Неше жалаң, неше жайылма сөйлем бар?
Ережені тұжырымдау.
IV. Топпен жұмыс.
І топ. Қыс туралы әңгімелеу.
ІІ топ . Көктем туралы , оның ерекшеліктері туралы.
ІІІ топ. Жаз туралы ішінде жалаң, жайылма сөйлемі бар сөйлемдер жазу.
Осы жұмыста оқушылар өз жұмыстарын қорғап, жалаң , жайылма сөйлемдерге мысал келтіреді.
V. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.
197-жаттығу.
Тапсырма. Әдемі, сауатты жазу.
VI. Сергіту сәті.
VII. Тақтамен жұмыс.
198-жаттығу. Жалаң сөйлемдерді оқы. Төмендегі берілген сөйлемдерді пайдаланып, жайылма сөйлемге айналдырып жазу.
Керекті сөздер: қатты, балалар, тез, дүкенге.
VIII. Ой қорыту.
1) Қазақстанның өсу жолдары.
2) Қазақтың салт-дәстүрлері.
3) Қазақстанның елу елдің қатарына кіруі туралы оқушылар пікірі.
4) 12 жылдық білімге көшудегі мақсат.
ІХ. Ой қозғау стратегиясы.
"Ұстаз", "Білім", "Талап" топтастыру.
Х. Жатқа жазу.
199-жаттығу.
ХІ. Қорытынды. Инсерт әдісі.
Не білеміз? Не білгім келеді? Нені білдік?
ХІІ. Бағалау.
Жалаң және жайылма сөйлем.
- Раушан М
- 29 маусым 2012
- 32250
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақ тілі, жалаң және жайылма сөйлем.
Ұқсас жаңалықтар:

Жалаң және жайылма сөйлем
Білімділік: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсініктерін еске түсіріп қайталау Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге...
Жалаң және жайылма сөйлем
Жаттығулар орындау барысында жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемдерді айыра білуге жаттықтыру. Тұрлаусыз мүшелер жайында білімдерін жетілдіру Сөздерден...
Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы...
Жалаң және жайылма сөйлем (қысқа мерзімді жоспар)
«М. Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Жиентаева Г. М....
Қазақ тілі 4 сынып сабақ жоспарлары
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті, А. Меңдалыұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Анесова Светлана...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.