Тақырыбы: Аңдар қалай қыстайды?
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қыс мезгілінде жануарлардың қалай тіршілік ететіндігін түсіндіру. Аңдардың жемін аулау тәсілі туралы мағлұмат беру, адамдардың үй жануарларына жасайтын қамқорлығы, аңдар тіршілігі туралы білімдерін толықтыру.
Оқушылардың сөздік қорын, ойлау қабілетін, дүниетанымдарын дамыту, қабылдауларын арттыру.
Жануарлар дүниесіне деген жылы сезімін ояту, оларды қорғау, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Типі: Жаңа сабақ, саяхат сабақ.
Түрі: Дәстүрлі емес.
Әдісі: Ойын, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Сахналанған, аңдар, тест, бақылау текшесі.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың қызығушылығын ояту
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыстың нешінші айы?
- Нешінші жұлдызы?
- Бүгін ауа райы қандай?
- Ауаның температурасы неше градус?
- Олай болса бақылау термометрінен көрсетіп жіберейік (Термометрді пайдаланыңыз).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
а) Үйге не берілді?
- Жыл құстары дегенді қалай түсінесің?
- Неге жыл құсы дейміз?
- Ең алдымен қай құстар кетеді?
- Қыстап қалатын құстар қандай, ата?
- Міне, ең керегі құсқа ұя жасадық.
ә) Құстарға байланысты қандай тыйым сөздерді білеміз?
- Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме.
- Құстар көп болса, зиянкес жәндіктер аз болады.
- Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер.
- Тоқылдақ пен шымшық – орман емшілері.
б) Өткен сабаққа байланысты тестпен жұмыс.
1. Мына белгілердің қайсысы қарды білдіреді.
а) о; ә) 0 б) *
2. Қандай құс өзіне ұя жасамайды?
а) қарға ә) көкек б) торғай
3. Ауа температурасын немен өлшейді?
а) сызғышпен ә) барометрмен б) термометрмен
4. Қандай температура салқынды көрсетеді?
а) - 80 С ә) +80 С б) 00 С
(Ауызша тексеру)
в) Сызбамен жұмыс (еске түсіру)
Оқу (хормен)
Жануарлар тобы
Қосмекенділер тобы
Сүтқоректілер
Жорғалаушылар
Бунақденелілер
Балықтар
Құстар
Суреттерден өмірін бақылау.
- Есіңде қалған бір аң туралы бақылау текшесін толтыр.
Бақылау парақшасы
1) Аты
2) Тобы
3) Жем алу тәсілі
4) Қорегі
3. Мақсат қою кезеңі
4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
а) Жұмбақ шешу
Шанамен зырғып, желдетіп,
Шаңғы, коньки тебемін.
Аққала жасап, ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)
- Ал, балалар, осы сендер қыста тонасыңдар ма?
- Иә.
- Олай болса, аңдар да қыста тонады екен.
- Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Аңдар қалай қыстайды?» деп аталады. Аңдардың қысқы тіршілігін бақылау үшін орманға саяхатқа барамыз. Ол үшін біз шанамызға мініп, жолға шығамыз.
ә) проблемалық сұрақ
- Аңға не қауіпті әрі қиын деп ойлайсың?
- Тамақ табу ма, әлде суық, аяз ба?
- Неге? Дәлелде
- Олай болса, балалар айнала аппақ орманға жеттік.
Ағаш бұтағы дір еткендей болады.
- Тиін немен қоректенеді?
- Тиін өзінің әр жерге жинаған азық қорын қатты аяз болғанда ашып жейді.
б) Қосымша түсініктер
Ұйқыға кететін жануарлар аю, жылан, борсық, тышқан (сурет бойынша әңгіме құру).
- Жануарлардың ұйқыда болу мерзімі бірдей емес.
- Кейбіреуі қыста мезгіл - мезгіл сыртқа шығып, қайта келіп, жатып жүреді.
Мысалы: Аю мен борсық осындай. Кейбір жануарлар көктем келісімен күн көзі сәл жылынса оянады. Мысалы, өте көп, алты ай бойы ұйықтайтын аңдар: тышқан, кірпі, суыр.
5. Сергіту сәті. «Аңдар айтысы» ойыны.
Жабайы аңдарды айтқанда секіреміз, үй жануарын айтқанда қол соғамыз.
6. Оқулықпен жұмыс.
1. Мұғалім оқып түсіндіреді.
2. Жұмбақ шешу
Ырғып қозғалатын қорқақ,
Құйрығы бір тұтам,
Құлағы сала құлаш, киімі екі түрлі
Бұл қандай аң? (қоян)
- Қоян нені жақсы көреді?
3. Сызбамен, тақтамен жұмыс
Аңдардың дұрыс қоректенуін байланыстыру
Түлкі Өсімдік
Қоян Сәбіз
Бұғы Қоян
Тиін Балық
Қасқыр Жаңғақ
а) Үп - үлкен айшық мүйізді,
Көзі өткір жұлдыздай,
Көрдіңдер ме бұғыны?
Жүні жібек құндыздай,
Көк майсаға аунайды,
Сиырдан, арқардан бір аумайды.
Өлең не туралы? (Бұғы)
ә) Халық қу деп,
Қылығы күлкі,
Айласы көп,
Бұл қандай аң? (түлкі)
- Түлкі - өте иісшіл, саққұлақ, қырағы аң.
- Түлкі нені жақсы көреді? (балықты жақсы көреді)
5. Өзенге келдік
Қыста балыққа көмек не үшін керектігін айту.
Суат оюдың маңызы. Балықтар да қыста ұйықтайды (табан, жайын). Су түбіндегі балдырлардың арасына кіріп, қоректенбей тұра береді.
Су жылынып, температурасы 4 - 50 С жеткенде оянып, жүзіп кете барады.
6. Ауылға оралу (Үй жануарларының суретін көрсету)
- Үй жануарларының қандай пайдасы бар?
7. Бекіту
Кітаппен жұмыс. Сұраққа жауапты теріп оқу
а) Елік пен бұғының қыстағы тіршілігі
ә) Тиін қыста немен қоректенеді?
б) Түлкі қалай жемін аулайды?
в) Балықтарға адамдар қалай көмектеседі?
г) Бақа, кесіртке, жылан қалай қыстайды?
8. Қорытынды
- Бүгін нелерді бақыладық?
- Қайда шықтық?
- Нелерді көрдік?
- Аңдар өз қорегін қалай табады?
- Саған ұнағаны?
9. Бағалап, мадақтау
10. Үйге тапсырма
Аңдар қалай қыстайды?
- ramuk_b
- 18 сәуір 2019
- 1850
- 0
- 0
Ілмек сөздер: жануарлардың қалай тіршілік ететіндігі, аңдар қалай қыстайды
Ұқсас жаңалықтар:
Балабақшаға арналған сабақ жоспары
Жабайы аңдар және құстар туралы түсініктерін кеңейту. Жабайы аңдарды айыра білуге атай білуге үйрету. Балаларға жануарлар мен құстардың қысқы...Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Жабайы жануарларды айыра білуге, атай білуге үйрету. Аңдардың балаларын тани білуге, атай...Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Сурет бойынша сөйлем құрастыруға, сұраққа жауап алу арқылы ойлау қабілеттерін...Жабайы жануарлардың тіршілігі
Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған балабақшасының тәрбешісі Жайлығалиева Сандуғаш Жайлығалиқызы...Аңдар
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп» коммуналдық...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.