Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «Ж, ж» әрпі туралы білімдерін ары қарай дамыту. Оларға «Ж, ж» әрпімен сөз, сөйлем құрап, әріптің сөздегі орнын табуға үйрету.
Дамытушылық: Әріптерді қайталау, дыбыстау және буын құрап оқу, тақпақ айту арқылы тілдерін, есте сақтау қабілетін дамыту. Сөз, сөйлем құрастыру арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту.
Тәрбиелілік: Пәнге деген қызығушылықтарын ойын арқылы арттыру, оларды тазалыққа, сауаттылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: әріптер кассасы, сюжетті суреттер, слайд, текшелер, интербелсенді тақта,
Сабақ барысы:
Қонақтармен амандасу:
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз»,
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз!
Психологиялық жаттығу
Армысың досым,
Кел маған қосыл.
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық.
Жан - жағына айналып,
Үлкен шарды ұстайық.
Ортамызда күн нұрын,
Қолымызға алайық.
Ұйымдастыру кезеңі
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қандай ай?
- Аптаның қай күні?
- Қазір қандай сабақ?
- Біздің көңіл - күйіміз қалай?
Өткен сабақты қайталау.
Қайталауға арнап «Артығын алып таста» ойынын ойнап жіберейік!
(Берілген суреттердің ішінен «Ң» әріпі кездеспейтін сөзді алып қоқыс жәшігіне саламыз.)
- Біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
-«Ң, ң» әріпі дауысты ма әлде дауыссыз ба?
- Ол қандай текшемен белгіленген?
-«Ң» әріпі кездесетін қандай сөздерді білеміз, кәне оқып жіберейік.
Жаңа сабақ.
-«Ж, ж» әріпіне қатысты видео көру.
- Біз балалар «Ж, ж» әріпі туралы білімімізді одан әрі толықтырайық, кәне интербелсенді тақтадан сөз оқиық:
- Жы - лан жол - ба - рыс
- Жылқы жа - пы - рақ
- жіп ә - же
Тіл жаттықтыру.
Жа - жа - жақсы
Же - же - жеміс
Аз - аз - жаз
Жу - жу - жуас
Саусаққа жаттығу:
Қолға қалам алайық,
Дәптерді қиғаш қояйық!
Арқамызды тік ұстап,
Әдемі етіп жазайық!
Таза жазу сәті: ж ж ж ж ж....
Сөздік жұмыс: Жыл - қы
Дәптермен жұмыс:
Берілген суреттерді пайдалана отырып, сөйлем құрастырып, «Ж, ж» әріпі бар сөздерді табу, көрсету.
Жарас кітап оқып отыр.
Жайлауда жылқы, қой бар.
Айша қонжықпен ойнады.
Сергіту жаттығуы:
Жолдарыңа үңіліп,
Екі бақа жүгіріп,
Секіреді бақ - бақ,
Ағаштарды аттап.
Олар ерте тұрады,
Беті қолын жуады.
Оңға – солға шайқалып,
Біздер айттық тақпақ.
Ойын:
«Дыбыстық лото»
Бекіту:
Ойын: «Ыстық орындық»
(Оқушыларға сабаққа қатысты сұрақтар қойылады. Олар жылдам жауап беруі тиіс)
Біз балалар әріптерді өткелі бері көптеген өлеңдерді жаттадық соның ішінде Әліппе туралы өлеңді білеміз, қане соны айтып көрейік!
Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Ырза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің әліппе!
Ж дыбысы мен әрпі
- Ақбота Байсары
- 14 ақпан 2019
- 2084
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ашық сабақ, ж дыбысы мен әрпі, бастауыш сынып сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Н н дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаттары: 1. Н дыбысын дұрыс дыбыстау. Н әрпімен таныту. 2. Өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау қабілеттерін дамыту. Балалардың Н н...Я дыбысы және әрпі
Я дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөзге дыбыстық талдау жасату. Оқуға жазуға дағдыландыру. Балалардың сөздік қорын тілін дамыту....М дыбысы және әріпі
Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы, №39 «Қызылөзек» орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рахметова Қаракөз Асарбекқызы...Р дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: Жаңа дыбысты қатыстырып сөз, сөйлем ойлату арқылы баланың логикалық ойлауын, сөздік қорын дамыту....К дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. К дыбысымен таныстыру....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.