Сайтқа кіру Тіркелу

Мектеп жасына дейінгі балалардың процестерін дамытуда ойын - жаттығулардың маңызы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті,
МКҚК №2 «Айгөлек» бөбекжай - балабақшасының
психологі Мүсірепова Тоқсұлу Сейітқұлқызы

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың процестерін дамытуда ойын - жаттығулардың маңызы. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие саласының даму кезеңінде балалардың танымдық белсенділігін дамыту, өмір салтын қалыптастыратын тәлім - тәрбие беру мектепке дейінгі мекеменің басты мақсаты екендігі барлығымызға аян.
Балалық шақ бұл ойын үшін жаратылған уақыт дер едім. Тәрбие жұмыстарын қарапайым жолмен баланың қалауына қарай жеке басының жетілуіне көңіл - күйінің толғаныстарына сүйеніп жүргізгенде ғана іс жүзеге аспақ. Әрбір танымдық ойын - жаттығуларды жүргізе білу балалардың түйсігіне жеткізе білу педагогтың шығармашылығына байланысты. Әр іс - әрекет эмоциямен ұштасқанда ғана нәтижелі болады. А. М. Горький: «Ойын арқылы бала дүниені таниды» - десе, Л. С. Выготский, Д. Б. Элконин сияқты белгілі психолог ғалымдар «Ойын - балалардың өзіндік өмірі» деген ортақ тұжырымдар жасады. Ал біздің халық даналығы: «Ойлы бала ойыннан белгілі» - дейді.
Бала ойын ойнап ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі шынығып, танымы қалыптасады. Балабақшада балалардың қызығушылығын, ой - өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру үшін танымдық ойындар мен дамыту жаттығуларының маңызы зор.
Бала оқу іс - әрекетінде бірнәрсені қабылдайды, не есіне түсіреді, ойлайды, қиялдайды. Сондай – ақ, баланың психикалық дамуына, яғни не нәрсені болмасын жақсы түсініп, есте сақтай алуына, тілінің дамуына жағдай туғызады. Ал осы психикалық процестермен бірлесіп келетін сананың ерекше сипаты – зейін. Зейінсіз жүргізілген оқу іс - әрекеті өзінің мақсатына да жете алмайды. Сондықтан, балаларды зейіннің түрлі қасиеттерін, көлемін, тұрақтылығын, бөлінуін дамыту жаттығулары арқылы қалыптастыруға болады. Өзімнің іс - тәжірибемде пайдаланып жүрген танымдық ойындардың бірнеше түрін атап айта кетсем, мыс: «Не артық?», «Бесінші артық», «Айырмашылығын тап», «Түсіне қарай ажырат», «Заттарды тап»т. б.

Ойын: «Не артық?»
Нұсқау: Әр топтағы артық нәрсені табыңдар және оны сызықтармен қоршаңдар.

Ойын: «Бесінші артық»
Нұсқау: Бесінші артық затты тауып, сызып тастаңдар.

Ойын: «Айырмашылығын тап»
Нұсқау: Мына екі қуыршақты мұқият қарап, айырмашылығын тап.

Ойын: «Түсіне қарай ажырат»
Нұсқау: Түсі бірдей заттарды сызықпен қос.

Көптеген дамыту ойындары жүргізілген соң баланың зейініне диагностика жүргізу арқылы деңгейін анықтауға болады. Балаларда қабылдаудың дамуы түйсік ойлау үрдісінің дамуымен бірге жүріп отырады. Қабылдаудың дамуында тілдің шығуының маңызы зор, яғни қалай аталатындығы арқылы мағынасын ұғынады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы олардың қимыл әрекетіне байланысты және эмоциялық бояуларға зер салғыш келеді. Педагог баланың белсенді қабылдауын дамытуда жаттығулар арқылы байқағыштық қасиетіне тәрбиелейді. Мысалы: «Заттарды тап» жаттығуы балалардың көріп - қабылдауын дамытады.

Қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар:
Гүл.
Балалар әр жерде отырады. Педагог: балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан - жаққа жайқалады (қолдарын жан - жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды. Гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады (қолдарын тізелерінің үстіне қойып, бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастады, сол уақытта гүлдер де құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады).

Әр түсті заттар.
Педагог балаларға белгілі бір түсті атайды. Балалар сол түске сәйкес заттың атын атап беруге тиісті. Шеңбердегі отырған балалар кезекпен жауап беріп отырады. Мысалы: қызыл алма, сары балапан т. с. с.

Есте сақтауға арналған жаттығулар.
Сиқырлы саусақтар.
1. Таң қалу (екі қолдың бас бармағын көтеру)
2. Өзіңді көрсету (бір саусақпен)
3. Сәлемдесу (қолды жоғары көтеру)
4. Қорқыту (сұқ саусақпен)
5. Жеңіс (екі қолды жоғары көтеру)
Зейінді тұрақтандыруға арналған жаттығулар.
Шапалақ
Балалар шеңберге тұрып қолдарын созады. Педагог 3 деген кезде, барлықтары бір уақытта қолдарымен шапалақ соғуға тиісті.

Қанша дыбыс естідіңдер?
Педагог бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады. Ал балалар естіген дыбыстарын саусақпен көрсетеді.
Ойлауды дамытуға арналған жаттығулар.
Болған жағдайды бағалау.
Балаға белгілі бір суреттегі жағдайды көрсетіп, мазмұнын әңгімелеуге тапсырма береміз. Балалармен сол жағдайдың қойылымын көрсетуін сұраймыз. Осы жағдай туралы баланың пікірін сұрап, дәлелдеп беруге үйретеміз. Іс - әрекеттің дұрыс - бұрыстығына өз ойын айту.

Қиялды дамытатын жаттығулар.
Менің көңіл - күйім.

Суреттегі әртүрлі көңіл - күйдегі баланың бет - бейнесінің арасынан біреуін таңдап ал. Сол суретке сәйкес мысал келтіріп, әңгімелеп беру керек.

Не істер еді?
Педагог балалармен ертегі мазмұны бойынша және күнделікті кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы әңгімелеседі. Әңгіме барысында кездескен қиындықтармен кездейсоқ жағдайлардан шығудың жолдарын өздері ойлап табады. Мысалы: Мақта қызға ағаш жапырақ бермесе не істер едің?. Бауырсақты түлкі жеп қоймаса не істер едің? Алдар көсе байды алдай алмаса не істер едің? Сен орманға барғанда адасып қалсаң не істер едің?

Баланың білім - білік дағдылары күнделікті оқу қызметінде танымдық ойын - жаттығулар арқылы қалыптасып, ойнай отырып ойлауға бағытталады. Жаттығуларды педагог өзінің шығармашылық ізденісімен толықтырып, баланың жас ерекшелігіне және қабілетіне сәйкес түрлендіріп отыруына болады. Қорыта келе, балабақшада танымдық ойын - жаттығуларды пайдаланудың маңызы зор. Ойын - жаттығу жас бүлдіршіндердің білімге деген ықыласын арттырып, танымдық белсенділігін дамытады.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту

Балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Айымжан ауылы, бастауыш сынып мұғалімі Мухаметкалиева Жақсылық Қазезқызы...
Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретудегі «PlayBus» жобасыны ...

Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретудегі «PlayBus» жобасыны ...

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №35 «Шұғыла бөбекжайы» ағылшын тілі мұғалімі Джармағамбетова Гульбану Темирханқызы...
Балабақшада серуенді ұйымдастыру және бақылау

Балабақшада серуенді ұйымдастыру және бақылау

Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, педагог оны табиғатпен...
Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін ой ...

Мектеп жасына дейінгі жалпы тіл кемістігі бар балалардың ойлау қабілетін ой ...

№20" Алтын балық"мүмкіншіліктері шектелген балалар арналған балабақшасының логопеды Гаухар Дайрабаева Тлековна...
5-6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойл ...

5-6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойл ...

6 - 7 жастағы баланы оқу - тәрбие процесінде дамыту мәселесінде басты ролді ең алдымен баланың өздігімен әрекеті және танымдық белсенділігі атқарады....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×