Білім саласы: «Таным»
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Киіз үйдегі әжеге қонаққа бару»
Мақсаты: Қазақтың үйі - киіз үймен таныстыруды жалғастыру. Қазір адамдар әртүрлі үйлерде тұратынын, ал ата - бабаларымыз ыңғайлы, жиналмалы, жылы, қазақтың киіз үйінде тұрғаны туралы түсінігін жалпылау. Балаларды қазақ халқының ұлттық киімімен таныстыру.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, мультимедиялық құрал, СТО стратегиялары, көрсету, көз жұму арқылы елестету(релаксация)
Көрнекілігі: Киіз үй макеті, ұлттық киімдер, мультимедиялық құрал, киіз үй бейнеленген сюжетті суреттер. т. б.
Билингвалды компонент: киіз үй - юрта
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Ұйымдасты рушылық оятушылық Шаттық шеңбері:
Армысың, аяулы Жер - Ана!
Армысың, аяулы Күн - Ана!
Біздерді қамқорлап жүресің,
Біздерге шуақ - нұр бересің.
Балалардың көздерін жағымды әуен жібере отырып жұмдырады. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, тәрбиешіге қосылып айтады.
Ұйымдасты рушылық ізденушілік Тәрбиеші: 1, 2, 3көздеріңді ашыңдар! - деп нұсқау береді.
Сол кезде мультимедиялық құрал арқылы тақтаға әже және киіз үйі көрсетіледі.
Киіз үйдің сүйектері: сықырлауық, уық, шаңырақ, кереге екендігі, жабдықтары: киіз, алаша, түскиіз, көрпе, жастық, жиһаздары: сандық, жастағаш, кебеже, асадал т. б. екендігін көрсетіп түсіндіреді.
Киіз үй ертеде жиналмалы, көшуге ыңғайлы, жылы болғандығы н айтады. Киіз үй ішіндегі сонымен бірге ұлттық киімдер, ұлттық музыкалық аспаптар таныстырылады.
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Қане шеңбер құрайық
Уық болып өріліп,
Кереге боп керіліп,
Киіз үйді құрайық!
Енді балалар, әженің бізге қояр сұрақтарына жауап берейік. Ол үшін мына киіз құрылысында жазылған сұрақтарға жауап іздейік.
1) Киіз үйдің пайдасы?
2) Оның сүйектері?
3) Жиһаздары қандай?
4) Ұлттық тағамдарды білесің бе?
5) Қандай ұлттық киімдер бар?
Венн диаграммасы бойынша жұмыс жүргізеді
Киіз үй Қазіргі үй
суреті суреті
Киізден жасалады, ертедегі көшпелі үй, оның жабдықтары да ерекше
Ортақ: Екеуінде де адамдар тіршілік етеді.
Ал қазіргі заманғы үй тастан салынады, оның жиһаздары да қазіргі заманғы үлгі де. Қазір үйлер 1қабатты, 2қабатты, 3қабатты немесе көп қабатты боп салынады. Балалар нұсқауды орындайды.
Балалар киіз үй туралы барлық мағлұматтар алады, тәрбиешімен қосылып әженің киіз үйі туралы сөз етеді.
Мерекелік шараларда көшеге киіз үй тігілетінін айтады.
Балалар қимылдар жасайды
Балалар шама - шарқынша жауап береді
Киіз үйдің пайдасы, оның сүйектері, жиһаздары туралы толықтай айтып жеткізеді
Рефлекстік - түзету Қимылды ойын: «Киіз үйдің жабдықтары»
Әже балалармен техникалық құралдар арқылы қоштасады, рахметін айтады.
Балаларға сұрақтар қою арқылы оқу қызметін қорытындылап, балаларды мадақтап аяқтау Балалар ойынға қызығушылық танытады. Киіз үй туралы бар білгендерін қорытып айтады. Балалар оқу қызметінің ұнағанын да айтты.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Киіз үй туралы түсініктері қалыптасады, оның ертедегі үй екендігін біледі
Түсінеді: Киіз үй көшпелі тұрмысқа қажет екендігі, оның құрал - жабдықтары да басқаша болатындығын түсінеді
Қолданады: Киіз үй жабдықтарын атай алады, тани біледі, мереке күндері көшеде тігілетінін айтуда.
Атырау облысы, Исатай ауданы,
Аққыстау селосы, «Балдырған» бөбекжай – бала бақшасының
Жоғары санатты тәрбиешісі Капажанова Жанаргул Айбарқызы
Киіз үйдегі әжеге қонаққа бару
- Изтелеуова Ардак
- 1 ақпан 2017
- 3266
- 0
- 0
Ілмек сөздер: әжеге қонаққа бару, қазақтың киіз үйі
Ұқсас жаңалықтар:
Киіз үй жабдықтары
Киіз үйді ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға болатындығын, киіз үй жабдықтары туралы айтып, балалардың есте сақтай білу қабілеттерін дамыту...."Ханталапай" ойыны
Мақсаты: Балаларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру. Ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттыру. Балалардың ойлау, көру қабілеттерін...Киіз үй жабдықтары
Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы, №39 «Қызылөзек» орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рахметова Қаракөз Асарбекқызы...Ою-өрнек
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, "Жұлдыз" балабақшасы Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Шығармашылық Тақырыбы: "Ою - өрнек" Тәрбиеші:...Киіз үй
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол №1 орта мектептің мұғалімі Малғажова Жайнагүл Сабарбекқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.