Сайтқа кіру Тіркелу

Қош бол, балабақша!

Тақырыбы: «Қош бол, балабақша!»
Мақсаты: Балалардың білімі деңгейін шыңдап, бақшамен қоштасуын сезіндіру. Адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік:

Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, балабақша қызметкерлері бүгін ерекше күн. Өйткені бүгін бір бірнеше жыл тәрбиеленген бүлдіршіндерді ұядан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Өтті қызық көп күндер,
Бес жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.

Өсті ақыл ойларың,
Өсті міне бойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың!

Балабақша түлектерін қарсы алайық!

Тақпақтар:
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамыз да қаламыз.

Балабақша бесігім,
Тағы бір той жасайық.
Ашып мектеп есігін,
Өзіңмен қоштасайық.

Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.

Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше.
Бақшамызбен қоштасатын.
Бүгінгі той ерекше.

Бес жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата - ананы,
Мектепке кетіп барамыз.

Ана тілін ардақтап,
Сурет салып, ән жаттап.
Ана салтын біз көрдік,
Оқып жазып үйрендік.

Хор: «Анашым»
Аудандық «Жауқазын» өнер фестивалы байқауында көркем сөз оқудан жүлдегер атанған балалардың көркем сөзін тыңдаңыздар.

Жүргізуші: - Балалар «5» деген бағаны білесіңдер ме?
Балалар: - Білеміз.
Жүргізуші: Қане айтыңдаршы бестік баға қандай балаларға қойылады?
Балалар: - Тәртіпті, сабақты өте жақсы оқыған балаларға қояды.
«5» баға Құрметті де сүйікті балалар! Мен сендерге «Білім ханшайымы» балаларды мектепке барар алдында білімдерін тексеріңдер деп жіберді. Менің қолымда тапсырмалар жазылған билеттер бар. Сол билеттердің жауабын орындалуын талап етеміз. Мен сендердің жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремін. Мен билеттердің алып оқимын, ал сендер сұраққа жауап беріңдер.
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар бір жыл бойына осы бүлдіршіндердің балабақшадан қандай тәрбие алды екен, не оқып білді екен деген сұрақтарыңызға жауап алады деп ойлаймын.

«5» баға: - Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қ. Р. президенті кім?
- Қ. Р. әнұранын орындаңдар.
- Бір жылда неше жыл мезгілі бар. Атаңдар қазір қай мезгіл?
- 1 - 10 дейін тура және кері санаңдар.
- Геометриялық фигураларды ата.
- Сендердің балабақшаларың қалай аталады?
- Бақшамыздың директоры кім?
- Әдіскерінің аты кім?
- Топта неше баласыңдар?
- Топтарың қалай аталады?
Балалар хормен, жекелеп жауап береді.

Бестік баға: Рахмет балалар. Енді сендермен қоштасатын кез келді. Мен « Білім ханшайымына» сендердің мектепке дайындықтарыңды жақсы екенін айтып барайын. Балалар мен сендерге «Білім ханшайымының» табыс ет деп берген «Білім кілтін» апайларыңа тапсырайын.
Ал балалар сабақты жақсы оқып, тек бестік баға алыңдар. Сау болыңдар!
Ер балалар биі: «Қуыршақ"
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, апайлар, балғын бүлдіршіндер, өздерін тәрбиелеп,
мәпелеп өсірген тәрбиеші апайларына алғыстарын бір бір шумақ өлең
жолдарымен білдіргелі тұр.

Орын берген бақшадан,
Директор апай жақсы адам.
Сондықтан да біз үшін,
Орны бөлек басқадан.

Витамин жеп қолыңнан,
Өскен сәби баламыз.
Дәрігер апай сіздерге,
Алғыс айтып барамыз.

Тамылжыта ән салдырып үйреткен,
Мың бұралта биімізді билеткен.
Сазгер апай сізге де алғыс айтамыз,
Мың қайтара сәби бала жүрекпен.

Баулап баптап өсірдіңіз,
Тентек болсақ кешірдіңіз.
Ұмытпаймыз өзіңізді,
Ұмытпаймыз сөзіңізді.

Ұстаздардың ұстазы,
Тәрбиенің ұстасы.
Ырза сізге бәрі де,
Ұмытпаймыз сізді де.

Әдіскерге көп рахмет.

Ұзарады бойымыз,
Толысады ойымыз.
Азаяды ойынымыз,
Өйткені біз күн санап,
Өсіп келе жатырмыз.

Хор: Балдырғандар маршы.
Би: «Айгөлек»

Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып билеткен.
Таныстырған ең алғаш,
Әріптермен суретпен
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен
Қабылдаңыз мың алғыс,
Тәрбиеші апайлар.

Мыж - мыж етіп тастаған,
Киімімді өтектеп.
Әжем бұрын бақшаға,
Апаратын бақшаға.
Еркелігім аз енді,
Бүгінде есті баламын.
Мазаламай әжемді,
Мектепке өзім барамын.

Ән: «Қуыршақ»
Аудандақ «Жауқазын» өнер фестивалінің ән айтудан жүлдегерді шақырамыз.

Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшамен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз.

Мектеп біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып білім аламыз.

Құшағыңда жарқылдап,
Өтті қызық күндерім.
Би биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.

Мектепке ертең барамыз,
Оқимыз, білім аламыз.
Ойыншықпен қоштасып,
Сабақта болар санамыз.
Хор: Тәрбиеші.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Балабақшамен қоштасу

Балабақшамен қоштасу

Мақсаты: Сәби шағынан бастап балабақшаға бауыр басқан бүгінгі бүлдіршіндерді өнер әлеміне жетелей отырып, қызығушылығын ояту. Балалар арасында достық...
Қош бол – Әсем бақшамыз

Қош бол – Әсем бақшамыз

Толқимын, толқып тұрсыз баршаңызда Мұндай күй болған сірә қаншаңызда Қол соғып қошеметтеп шақырайық Құрметтеп тәрбиешілерімізді ортамызға...
Бақытты елдің балғындары

Бақытты елдің балғындары

1ж: - Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз 3 жыл мәпелеп күтіп, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып,...
Қош, сүйікті балабақшамыз!

Қош, сүйікті балабақшамыз!

Балалардың жыл бойы алған білім біліктерінің, ой - өрістерінің жемісін, өнерлерін ортаға сала отырып, балаларды үлкен өмірге қадам басуға даярлау....
Қош бол, сүйікті балабақшам!

Қош бол, сүйікті балабақшам!

Мерекеге сай безендірілген залға музыка әуенімен балалар келеді. Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар мен ұжымдастар және...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×