Сайтқа кіру Тіркелу

«Балабақшам – терең мақтанышым»

«Балабақшам – терең мақтанышым»

Бүгінгі таңда білім реформасының түпкілікті жүзеге асуының басты шарты – жаңа технологияны тиімді пайдалануда педагогтар қауымынан іскерлікті, ізденімпаздықты, кәсіби деңгейлерінің жоғарылығын талап етсе, сонымен қатар қоғамның басты мәселесі бүлдіршіндердің денсаулығын нығайта отырып, оқу-тәрбие үрдісін жаңа технологиялар негізінде жетілдіру және бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу болып отыр.

Осыған орай №7 «Балдырған» санаториялық типтегі бөбекжай - балабақшасында тәрбие мен білім берумен қатар балаларды өкпе ауруына қарсы емдеу, олардың бойындағы туберкулез талшықтарын жою және оның алдын - алу шаралары жүргізіледі.

Балабақша 1986 жылы ашылып, сонымен бірге жасасып келе жатқан меңгерушіміз Бисембай Бағымкүл Шарапқызы ізденістен жалықпай, өзінің тынымсыз еңбегінің нәтижесінде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталып, шығармашылық бағытта жұмыс жасауға жан-жақты талап қойып, өзінің іскер басшы екенін дәлелдеп келеді.

Балабақшамыздың жақсы жетістіктерге жетуі әрбір тәрбиешінің өз еңбегінің нәтижесімен, жаңалығымен біліктілігі мен білімдерінің арқасы деп білеміз. Атап айтсақ, алғашқы кезде балабақшада екі топ жұмыс жасап, онда 70 бүлдіршін тәрбиеленсе, 1995-1998 жылдарды (оңтайландыру кезінде) Халықаралық «Аралды құтқару» қорынан 2 млн. теңге қаражат бөлініп 4 топқа ұлғайдық.1999 жылдан бастап, жергілікті бюджеттен қаржа бөлініп 6 топқа көбейіп 110 бала тәрбиеленуде. Балабақшада 68 жұмысшы - қызметкер бар, оның 27-сі педагог мамандар, жоғары білімдісі-9, І санатты-5, ІІ санатты-18 қызметкер қызмет етеді.

Балабақшамызда 30 жылдан астам еңбек өтілі бар әдіскер Қалжанова Рахима Сыдыққызы «Аға тәрбиеші құжаттары және олардың жүргізілу тәртібі» атты тақырыбы бойынша аудандық семинарға қатысып іс-тәжірибесі жоғары бағаланса, 2007 жылы «Мектепке дейінгі тәрбие» стандарттарын дайындау мәселелері жөніндегі халықаралық конференциясына қатысып, «Мектепке дейінгі білім беруді басқару моделінің тиімді жүйесінің мониторингі» атты жұмысын ұсынды.

Балабақшамызда сонымен қатар көп жылғы еңбек өтілі бар тәрбиешілер де аз емес. Атап айтсақ, олар Жұбаназар.С.А, Тілеуниязова.Ж.Е, Есенова.Ш.Қ, Өмірзақова.Б.З, Бекмұрза.Б, Садықова.Ж, Рашева.Ұ, Изенова.З ұзақ жылғы еңбектерімен заман талабына сай еңбек етуде. Ән жетешісі Бакенова.Б.О, би жетекшісі Марат Розаның тәрбиешілермен бірлесіп өткізген ертеңгіліктері, балалар арасында «Әнші балапан», «Ертегілер еліне саяхат» атты байқаулары әр ата-ананың көңілінен шығып, алғысына бөленді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған «Олимпияда Балдырғанда», «Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің» сауықтыру мерекесін өткізсе, дене тәрбие жетекшісі А.Төменбай, педагог-психолог А.Қожамұратова, тәрбиешілер Д.Қали, З.Қожағұл, Г.Беденова, Г.Ерназардың еңбектерін ерекше атап айтуға болады.

Балалардың жолда жүру ережелерін үйретуге байланысты «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» атты аудандық семинарды ересек тобының тәрбиешілері Ж.Әбдіхалық пен Г.Көшекбаева бірлесе отырып жоғары деңгейде өткізсе, шығармашылықпен жұмыс істейтін тәжірибелі Н.Садуақасова аудандық «Жыл тәрбиешісі-2005» байқауында І орын алса, облыстық байқауында ІІ орын алды, Р.Қарымсақова «Жыл тәрбиешісі-2006» өңірлік байқауының ІІ орын, аудандық «Жыл тәрбиешісі-2007» байқауында А.Сүйінтаева І орын жүлдегері атанды.

2008 жылы балабақшаішілік жас мамандар арасында «Тәрбие білімі – жемісті еңбек кепілі» байқауынан М.Өміртаева бас жүлдені иемденсе, ал аудандық «Үздік жас тәрбиеші-2009» байқауында Серікбаева Клара І орынға ие болды.
Егеменді еліміздің ертеңі тәрбие мен оқу-біліммен өлшенеді. Ол үшін жан-жақты ізденіс, шығармашылықпен жұмыс істеу заман талабы.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×