Сайтқа кіру Тіркелу

Жазғы табиғат аясындағы серуен

«Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Бейсембекова А. А.
Шашубай кентіндегі «мектеп - балабақша кешені» (мектеп жанындағы интернатымен)
базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ.

Жазғы табиғат аясындағы серуен.
Мектепке дейінгі ұйымдарда бала тілін дамыту, шығармашылық белсенділігін артыру, сонымен қоса денсаулығын шынықтыра отырып нығайту және сауықтыру жұмыстарын жүйелі өткізу басты міндет болып саналады.
Жаз — балалар үшін алаңсыз таза ауада секіріп ойнап, қыдыратын таң ғажайып және қолайлы кез. Дәл осы кезеңде олар көп уақыттарын таза ауада өткізеді. Және өте маңыздысы мектепке дейінгі балалардың денсаулығын нығайту шынықтыру, үлкендермен табиғат аясында серуен, мерекелер осылардың барлығы бала денсаулығына, ойлау қабілетінің дамуына зор әсерін тигізеді. Сол себептен жаз айында балабақшаның жұмысы аздап ерекшеленеді.

Жазғы сауықтыру жұмыстары жылдық жоспарға сәйкес ұйымдастырылды және тәрбиеленушілердің ұйымдастыру, балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталды.
Жазғы сауықтыру жұмыстарының ең негізгі алға қойған мақсаты: балабақшада жас бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне қарай отырып, сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасау, және балаларға есте қалатындай естеліктер сыйлау, ой өрісін дамыту. Тәрбиеленушілердің бос уақыттарын көбірек таза ауада өткізу, сонымен қатар спорттық ойындар ойнату, табиғатпен таныстыру яғни өсімдіктер, жемістермен таныстыра отырып, ауа - райындағы құбылыстарды бақылай білуге талаптандыру болып табылады. Жазғы демалыс кезінде біздің бақшамызда балалармен нептун күні, гүлдер мерекесі, әр қашан күн сөнбесін (бормен сурет салу), табиғат аясынадағы серуен атты іс - шаралар жүргізіліп, жалғасын табуда.

Серуен кезінде балалармен тек спорттық ойындармен тоқталмай, жазғы шынықтыру принцптерін ұстана білдік. Айта кетсем, балалар әдіскер мен тәрбиешілердің көмегімен далада күн сәулесін қабылдау, таза ауа жұту міндетті түрде ауыз шайу, шынықтыру жұмыстарын қабылдады. Осы кезде әр балалардың қимыл - қозғалыстарына жеке көңіл бөлінді. Таза ауада серуен кезінде тағы бір балалардың ой өрісін дамыту мақсатында балабақшада өсіп тұрған жеміс ағаштарымен таныстыру болды. Жеміс ағашы туралы аздаған ақпарат беріліп, оладың пайдасы туралы айтылды. Жеміс ағаштарын күтіп баптауға көмектестік. Балаларға жақсы көңіл – күй сыйлау мақсатында сабын көпіршіктерімен ойнату, таза ауада мольбертке сурет салғызу, сияқты шығармашылық жұмыстар жүргізілді. Далада қимыл қозғалыс ойындары барысында, уақыт ұзақтығын қатаң ескере отырып балаларға көлеңке жерде ертегілер оқу, ертегі кейіпкерлерін есте сақтауға, ертегі жайлы балалардың көмегімен шағын көрністерді ұйымдастырдық.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Саламатты өмір салты - терең білім мен тәрбие көзі

Саламатты өмір салты - терең білім мен тәрбие көзі

Қазақ елінің ата заңына сәйкес әрбір азаматтың саулығы - мемлекетіміздің саулығы деп есептеледі. Халық даналығы «Елім бай болсын десең – денің сау...
Балабақша - алтын бесігім

Балабақша - алтын бесігім

Балабақша - алтын бесігім Халықта «Ағаш түзу өсу үшін, оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» бекер...
Балабақшада серуенді ұйымдастыру және бақылау

Балабақшада серуенді ұйымдастыру және бақылау

Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, педагог оны табиғатпен...
Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Шығыс Қазақстан облысы, Тассай ауылы, М. О. Әуезов атындағы орта мектеп Смагулов Нығмет Жағыпарұлы...
«Қазақстан – менің болашағым» фестиваль түріндегі үшінші кезеңдегі жазғы са ...

«Қазақстан – менің болашағым» фестиваль түріндегі үшінші кезеңдегі жазғы са ...

Қарағанды қаласы №23 ЖББО мектептің Бастауыш сынып мұғалімі: Лапиева Гулайым Қаппаровна Тақырыбы: «Қазақстан – менің болашағым» фестиваль түріндегі...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×