Логикалық және математикалық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Мақсаты:
Балалардың кәсіби дайындық деңгейін көтеру, тәрбиешілердің дамыту тәжірибесі арқылы, белсенді қарым - қатынас жүргізу. Балалармен жұмыста қызығушылық әдістер мен технологияларды іздеу үшін қызығушылығына жәрдемдесу.
Міндеттері:
- мектепке дейінгі балалармен логикалық және математикалық ойындарды пайдалану арқылы тәжірибесі бар оқушылармен танысу.
- Білім беру процесінде әдістер мен педагогикалық ойындарды пайдалануға қатысушыларды үйрету.
- Бастапқы білім беру технологиясына деген қызығушылығын дамыту, практикада осы технологияларды пайдалануға көмектесу.
- Ынтымақтастық пен өзара түсіністік жөнінде түсіндіру.
Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер!
Мен сіздерге "логикалық және математикалық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлауды дамыту" тақырыбында мастер класс ұсынамын.
Біз мектепке дейінгі балабақшада балаларға логикалық - математикалық ойындарды пайдаланамыз. Бұл олардың қиялын дамыту үшін балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілетін дамытуға, логикалық ойлауына, математикалық ұғымдарды үйренуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Сондықтан бүгін менің мақсатым математика ойындары арқылы танымдық белсенділігін дамыту, логикалық ойлау, өзін - өзі тану және рефлекциялық ұмтылысын арттыру, ақыл - ой қабілетін дамытуға ықпал ету.
Енді тәрбиешілеріміздің бірнеше таным саласының логикалық математикалық қатысуына, көруіне шақырамын.
1. "Өрнек құрастыру" төртбұрышты тақтайшаларға түрлі пішіндер орналастыру. Бұл балаларды ойлау қабілетін дамытады және саусақ маторикасын дамытады.
2. Таяқшаларды санау. "Логикалық тізбектер"
3. Біз "Шытырманды жұмбақ" шешейік. Әр тәрбиеші 16 таяқшадан алып одан 5 төртбұрыш жасауды ұсынамын.
4. Фигураларды орналастырайық. Бізде түрлі - түсті фигуралар бар. Түстері әр түрлі және пішіндері де кәне әр қайсың біз өз орнына бөлек орналастырайық. Яғни төртбұрышты бөлек, үшбұрышты бөлек, дөңгелекті бөлек көрейік.
5. Бесінші ойынымыз. "Бағбандар". Екі - екіден бөлініп 3 - 4 команда құрамыз. Әрбір команда гүл тәріздес шеңбер таңдайды, сол шеңберге пішіндерді лақтырып (түсі, пішіні, көлемін анықтап) өз бақшасындағы қандай жеміске ұқсайтынын айтады.
Қорытынды
Әр топтың жас ерекшелігіне қарай логикалық - математикалық ойындарды пайдалана отырып, мектепке дейінгі балалармен тәуелсіз және жеке логикалық ойлау қабілетін қарапайым математикалық ұғымдар арқылы дамытамыз. Мен балалардың логикалық - математикалық ұғымдардың өзін - өзі тану жолдарын меңгеруге көмектесеміз. Балаларды мектепке дайындау үшін дидактикалық материалдарымен жұмыс істеу маңызды. Мен өз тәжірибемде дидактикалық материалдарды пайдалану үшін әріптестеріме ұсындым. Оның барлығы біздің қиялымызға және сіздің барлық қиялдарыңызға байланысты болуы мүмкін.
Сіздерге сәттілік және шығармашылық табыс тілеймін, жұмыстарыңыз сәтті болсын.
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
"Бәйтерек" мектепке дейінгі балалар мекемесінің тәрбиешісі
Қожахметова Гүлсайран Махшатқызы
Логикалық және математикалық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
- Abikon
- 27 тамыз 2019
- 38013
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Балабақша арналған, логикалық және математикалық ойындар, логикалық ойлау
Ұқсас жаңалықтар:
5 – сыныпқа арналған «Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын ...
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын арттыру үйірменің бағдарламасы (5 сынып)...Дидактикалық ойындар мен тапсырмалар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды ...
Логикалық ой - өріс - талқылау мен талдау арқылы іске асады. Мектепалды тәрбиеленушінің оқу тәрбиесінде дамытушы ойындардың, тапсырмалардың атқаратын...Дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балаларға қарапайым математикалық түс ...
Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, № 14 «Қарлығаш» б/б тәрбиешісі Умирзахова Айхан Култаевна...Авторлық бағдарлама (математика пәні)
Түсініктеме Бағдарламалық материалдарға математикалық білім, білік дағдыларды меңгеру үшін негіз болып табылатын логикалық білімдер жүйесінің...Балабақшада балаларды шығармашылық құзіреттілігіне дамытудағы музыка оқу іс ...
Бала тәрбиесінің негізгі іргетасы қаланатын мектепке дейінгі мекемелердегі білім мен тәрбиенің егіз, бірін - бірі толықтырыла жүргізілуі - жеке тұлға...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.