Сайтқа кіру Тіркелу

Қыс қызығы

Мектепалды даярлық сыныбы мұғалімі Жанат Баяхметова

Сабақ: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Қыс қызығы (слайдымен)
Мақсаты: Оқушылардың қоршаған орта туралы түсінігін толықтыру, қыс қызығы туралы әңгімелеп айтуға баулу. Қыс айының кереметтерін түйсіндіру, ойлау қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту. Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру. Өзара сыйластыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру
/Шаттық шеңбері/

Білгір қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Тобымызға кеп отырған,
Қонақтарға қарашы,
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз,
Сәлеметсіздер ме?

СТО технологиясы бойынша
топқа бөлу:

Ортаға қыста ойналатын ойын заттары шана, шаңғы, конькидің суреттері қойылады.
Балалар өздері ұнатқан, қалаған заттардың суреттерін таңдап алып, сол бойынша топқа бөлініп отырады.

ІІ. Жаңа сабақ
Сырғанақ

Қар жамылды күллі алап,
Жүрмедік біз құр қарап.
Бір топ бала бірлесіп,
Жасап алдық сырғанақ (Е. Елубай)

Аяз беттен өбеді,
Ай барады жылыстап.
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап
Бұл қай мезгіл екенін
Кім біледі, қане, тап!

ІІІ. Ой бөлісу:
1. Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен айырмашылығы неде?
2. Қыста адамдар қалай киінеді?
3. Қыс мезгілі қызықты деп неге айтамыз?

“Қыс қызығы”
Сурет бойынша әңгіме

Сергіту сеті
Қыс қызығын тойлаймыз,
Суықтан еш тоңбаймыз
Шаңғыменен сырғанап,
Қар атысып ойнаймыз
Аққалада жасаймыз,
Қарды ойып қашаймыз
Беті, қолды уқалап
Қуанышқа батамыз

Ойын: Кім жылдам?
Әр топ өздері таңдаған суреттегі қысқы ойынға қажетті затты тауып, бояу керек.

Үйге тапсырма:
“Қыс қызығы ”деп аталатын суретті бояп,
“Сырғанақ” өлеңін жаттап келеміз
Сырғанақ
Қар жамылды күллі алап,
Жүрмедік біз құр қарап.
Бір топ бала бірлесіп,
Жасап алдық сырғанақ

Қортындылау:
Сабақ ұнады ма?
Қыс мезгілін ұнатасыңдар ма?
Қыс кезінде қандай ойын түрлерін ойнауға болады екен?

ЖАРАЙСЫҢДАР!
Таза ауа жұтып, дем алайық!

Слайдты жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×