«Анамызды аялайық!»
Мақсаты: Балаларға 8 наурыз халықаралық әйелдер күні екенін түсіндіру. Аналарын, әжелерін, апаларын, сіңлілерін сыйлауға, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қайырлы күн, балалар! Бүгін 8наурыз аналар күні. Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін біз аналарымызбен әжелерімізге, әпкемізбен сіңлімізге құттықтаулар айтатын күн. Жәй құттықтап қана қоймай, сонымен қатар олардың айтқандарын тыңдап, қол ұшымызды беретін күн.
Шаттық шеңбері:
- Балалар, айта қойыңдаршы сендерді аналарың, әжелерің қалай еркелетеді?(Балалар жауабы)
- Дүниеде ең қымбат адам - ол «Ана». Ана үнемі баласына қамқор болады. Ананы әрдайым сыйлап, құрметтей білуіміз керек. Олай болса балалар бүгінгі мейрамда аналарымызды тағы бір құттықтап қояйық.
Жүргізуші:
Көктем, сені күттім мен,
Көк шалғынды сағынып.
Жүретін әсем гүліңді,
Шаштарыма тағынып.
Хор: «Нұрлы көктем!»
Жүргізуші:
Баласы үшін анасы,
Күндері аз ғой көз ілген.
Аяулы ана қарыздармын өзіңе,
Жүрегіңнен күн мейірімі төгілген,- дей келе аналарымызға және әжелерімізге арналған тақпақтарымызға кезек береміз.
1. Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз Саят
2. Алақаны ақ самал,
Мәпелеген жан ана.
Көкте күнім батса да,
Өзің күнсің балаңа. Айару
3. Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың.
Еңбегіңді ақтайын,
Аман болшы, анашым! Әбіш
4. Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар,
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар. Балайна
5. Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір – бірден,
Әжелерге сыйлаймыз. Інжу
Жүргізуші:
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан,
Суық болса жөргегі
Қорғасындай балқытқан.
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан,
Бұл кім?
Балалар жауабы: Ана! Ана! Ана!
Ән: «Анашым!» орындайтын: Ахмұқан Арлан
Жүргізуші:
Бал бөбегін баптаған,
Мама үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын Ақ мама!
6. Гүл – гүл жайнап бәріміз,
Кіреді біздің сәніміз.
Аналарды тойымен,
Құттықтаймыз бәріміз. Арлан
7. Әйбат анам, ай анам,
Сені көрсем қуанам.
Сен керексің қайда да,
Жүре берсем қасыңда.
Әйбат анам, ай анам
«Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам
Періштеңіз жолдайды
Алғысын сізге арнаған. Мансұр
8. Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметпен
Ән маржанын шашайық. Әли
9. Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің аналар. Аян
Жүргізуші:
Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан сипап мені
Құлыншағым күнім дейтін.
Ән: «Әке, ана» орындайтын: Қайырсапа Мансұр
10. Құшағыңа кіргенде
Жылынамын бір демде,
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші Наурызбен! Жантөре
11. Мамаларды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз. Бақжан
12. Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан. Назерке
Жүргізуші:
Қандай бала болмайық,
Әжемізге дәріміз.
Көтерсінші көңілін,
Ән салайық бәріміз.
Хор: «Құттықтаймын мама туған күніңмен!»
Жүргізуші:
Аналар ғой қуат берер тірлікке,
Алдарыңда сәби болып жүрдік те.
Аналар ғой жақсылыққа жетелеп,
Үйрететін ынтымаққа, бірлікке.
Құрметті балалар, әріптестер мерекелеріңіз құтты болсын! Еліміз тыныш, аналарымыз аман болсын!
8 наурыз мерекесіне арналған сценарий
- Інжу
- 14 ақпан 2023
- 4228
- 0
- 100
Ілмек сөздер: 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған тәрбие сағаты
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақша сценарий: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні
Той пердесін ашайық, Тойға шашу шашайық. Аналарды құттықтап, Ән маржанын шашайық....Әрқашан күн сөнбесін!
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы "Асанәлі" бала бақшасының тәрбиешісі: Ерішева Ардақ Асқарқызы..."Аналар - күн шуағы"
Мақсаты: Ата - анаға құрмет тәрбиенің ең маңыздысы. Кішкентай кезінен - ақ балалардың бойына соны сіңіруі. Оқушыларға 8 - наурыз аналар мерекесінің...Аналар асыл қазынам
Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге...Тәрбие сағаты "Айналайын, ана, мерекеңізбен!"
1-жүргізуші: Қуанышы баланың- Қуанышы ананың. 2-жүргізуші: Қуанышы ананың- Қуанышы баланың....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.