Сайтқа кіру Тіркелу

Мамандығым-мақтанышым (Эссе)

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы,
МҚКК №8 «Тұлпар»МДҰ - ның
жоғары білімді, бірінші санатты әдіскері
Есжанова Света Ташкенбаевна

Мамандығым - мақтанышым
Эссе

Мен балабақшада әдіскер болып жұмыс жасағаныма еш өкінбеймін. Менің ұғымымда, алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу – біздердің, тәрбиешілердің бұлжытпас борышымыз. Бала тәрбиесі, оның ішінде балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе.«Адамды тәрбиелеу - демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу». А. С. Макаренко. Сондықтан біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру. Міне осындай жұмыс жүйесі менің балабақшамда қалыптасқан.
Балабақшадағы әдістемелік жұмысқа жетекшілік ететін бірден - бір адам, ол - әдіскер. Басқару қызметінің негізгі ерекшеліктерімен заңдылықтарын білместен әдістемелік жұмысты сауатты ұйымдастыру мүмкін емес. Педагогикалық үрдістің тиімділігі әдіскердің барлық басқару қызметтерін бірдей дәрежеде сапалы орындауымен анықталады. Сондықтанда әдіскер мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбие және дамыту әдістемелері және жүйелі басқару мәселелерін де білікті болуы керек. Әдіскер өз жұмысын ғылыми негізде теориялық тұрғыда сауатты жүргізе білсе, онда практикада жүйелілік, бірізділік қалыптасып, нәтижесі табысты болмақ. Әдіскердің өмірден алған тәжірибесі, қабілеті, адамгершілігі, қарапайымдылығы, мінез - құлқы әлдеқайда жоғары деңгейде болуы тиіс. Ол қандай қиын жағдай болсын, кедергілерге қарамастан педагогтармен тікелей тынымсыз жұмыс жасайды.
Әдіскердің бір бойында бірнеше қызмет бар. Ол жаңа үрдісте заманауи технологияларды енгізу арқылы сабақтар, семинарлар, ғылыми жұмыстар мен және тағы да басқа сайыс - байқауларды ұйымдастырып өткізуші, басқару арқылы нәтижелерге қол жеткізуін қолдаушы болып танылады.
Тәрбиеші – жүрегі жақсылық пен жаңалыққа толы ұлы тұлға. Сол бойындағы барлық білім мен білікті, тәрбиені баланың жүрегіне жеткізу үлкен қасиет. Тәрбиеші тәрбиесін шын қабылдаған бала болашақта сөзсіз ұлы тұлғаға айналады. Ұлы Абай атамыз:
«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға!» - деп жырлап кеткендей, әрбір ұстаз бұлақ түбінен асыл тас іздегендей балаға мән мен мағынаға толы білімді үйретуі керек. Бүлдіршіндерді тәрбиелеуде, тәрбиешілердің осындай қым - қуат тіршіліктен шаршамай, талмай еңбек етіп, кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік сіңіріп, өз - өзіне деген сенімділікке тәрбиелеуде тәрбиешілер шешуші рөл атқарады.
Мен өзімнің әріптестеріме жаңа инновациялық, әдістемелік көмек беріп, оларға мейірімділікке, шыдамдылыққа, кешіре білуге бағыт бердім. Қызметтестеріммен тең жағдайда сырласып, тыңдап, мен өз балабақшамның жұмысын жетілдіріп, жоғары деңгейде көтере алатыныма сенемін.
Менің әдістемелік қызметімнің нәтижелігі өз педагогтарымның өзін – өзі тануға ықпал жасау. Әрбір маман шығармашылығын, шеберлігін, талантын жаңғыртып, өз ісінің шебері атанса мен оны еңбегімнің жемісі деп түсінемін.
Педагогтардың осылайша шығармашылығын дамыта отырып, қазіргі заманғы педагогикалық теориямен практиканы басшылыққа алып, жұмыс жасаудамын. Педагогикалық озық технологияларды сабақ барысында пайдаланып, балалардың шығармашылығын дамытуға ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырдым. Бес жастағы бала зейінін дамытып, жеке тұлғаға айналдыру әр тәрбиешінің басты міндеті.
Менің өмірдегі ұстанымым:
1. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, педагогтармен тең жағдайда сырласу;
2. Тәрбиешінің мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау;
3. Өз мамандығын сүюі және мақтан тұту.
Мен өз ісімді шеберлікпен атқарып, балабақшамдағы тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. «Адамның адамшылдығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»деген Абай сөзін өмірлік қағида еткен әрбір тәрбиеші, ұстаз құрметті.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Адамгершілік – рухани тәрбие маңыздылығы

Адамгершілік – рухани тәрбие маңыздылығы

Бала тәрбиесі – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа жас ұрпақтың...
Экологиялық сауықтыру

Экологиялық сауықтыру

Кіріспе. Табиғат біздің ортақ үйіміз. Табиғатқа деген сыйды жоғалту адамзаттың адамгершілік құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соқтырады. Қазіргі...
Қазіргі мектепті басқару әдістері мен мүмкіндіктері

Қазіргі мектепті басқару әдістері мен мүмкіндіктері

Қазіргі таңда басқару құрылымын ғылыми негізде қайта құру, жоспарлау мен бақылауда бұқаралық пен ізгілікті күшейту, өкілеттік және билікті бөліп беру...
Әдістемелік жұмыстар туралы

Әдістемелік жұмыстар туралы

Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми - ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар...
Әдістемелік жұмыстың қызметтері мен ерекшеліктері

Әдістемелік жұмыстың қызметтері мен ерекшеліктері

БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×