Сайтқа кіру Тіркелу

«Ертегі ханшайымы қонақта»

Сабақтың мақсаты: Ертегілер кейіпкерлерін таныту, оларды дұрыс ажырата білуді үйрету. Қуыршақтардың тапсырмаларын орындай отырып, заттардың орнын табу. Есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру. Алған тәлім - тәрбиесін өмірде өз орнымен қолдана білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдары: ертегі мазмұны бойынша тақырыпты суреттер, ғажайып гүл, бетперделер, қуыршақтар, ұялы телефон, үлестірмелі таратылатын құралдар, ертегі.
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, сахналау, ойындар, көрсету, түсіндіру.
Оқу іс - әрекет барысы: Ертегі ханшайымы топқа кіруімен ғажайып сәт ұйымдастырылды.
- Сәлеметсіздер ме, балалар. Мен ертегі ханшайымымын. Мотивациялық қоғаушы. Балалар, бәріміз бірге шаттық шеңберіне жиналамыз.
Шаттық шеңбер
Қане шеңбер құрайық,
Қуанып, шаттанайық
Сәлем досым, сәлем күн
Күшті өтеді күн бүгін!
Ертегі ханшайымы: Балалар, қане бәріміз ойын ойнап жіберейік. Менің қолымда әдемі, ғажайып гүл бар, осы гүлге қолдарыңды созғанда ертегі кейіпкерлеріне айналасыңдар.
Осы сәтте ұялы телефонның дауысы шығады.
Ертегі ханшайымы: Балалар, бүгін біз «Алақай» театрына қонаққа барамыз. Олар біздерге көрініс көрсетеді. Қане, немен барсақ екен?
Балалар: Таксимен
Ертегі ханшайымы: Жарайды, онда такси шақыртып, таксимен барайық. (такси ойыны ойналады)
Қуыршақтар театрына келіп, театр жетекшісімен амандасады
Театр жетекшісі: Сәлеметсіздер ме, балалар. «Алақай» театрына қош келдіңіздер! Қуыршақтар бір - бірінің соңынан шығып, амандасып, мәз - мәйрам болып қалады.
Ертегі ханшайымы: Мысық, қасқыр сіздердің көріністеріңізді тамашалауға келдік.
Кейіпкерлер: Иә, жарайды әуелі сіздерді сынап көреміз. Қазір әр қайсысымыз әртүрлі тапсырма береміз.
Мысық: 1 - тапсырма: «Қай ертегінің кейіпкері?» ойынын ойнап жіберейік.
Ойынның шарты: Кейіпкерлерді өз орнына орналастыру. «Үйшік», «Шалқан», «Көңілді шар» ертегілер кейіпкерлері.
Қасқыр: 2 - тапсырма: «Аюлардың ыдыстарын тауып көр» ойынын ойнап жіберейік.
Ойынның шарты: Аюлардың үлкен кішілігіне қарай ыдыстарын табу.
Ертегі ханшайымы: Балалар, енді демалып алайық.
Сергіту сәті: Аяғымыз нық - нық
Алақанды соқ - соқ
Ха – ха – ха
Хи – хи – хи
Айналамыз тамаша
Ертегі ханшайымы: Міне көрдіңдер ме біздің балалар тапқыр сұрақтарға жауап береді.
Театр жетекшісі: Жарайсыңдар балалар. Енді «Маша мен аю» ертегісін тамашалаңдар.
Ертегі ханшайымы: Балалар бүгінгі біздің «Алақай» театрына саяхатымыз ұнады ма?
Балалар ұнағанын айтады.
Бәріміз ертегі кейіпкерлеріне рахмет айтайық.
Балалар рахмет айтады.
Балалар ендеше таксиді шақырып балабақшаға қайтайық.
Қорытынды: Балалар «Ғажайып гүл» арқылы ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін қорытындылайды.
Балалар «Ғажайып гүлді» қолдарына алып, бүгінгі оқу іс - әрекетімізде не ұнағанын айтып береді.
Ертегі ханшайымы: балалар бүгінгі оқу іс - әрекеті сәтті өтті деп ойлаймын.
Барлықтарыңыз жақсы қатыстыңыздар.
Рахмет, сау болыңдар.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×