Екібастұз қаласы,
№14 "Малышок" балабақшасының
қазақ тілі оқытушысы
Балтабаева Қорлан
«Қызыл Телпектің хикаялары»
Музыка ойналады (балалар кіреді).
Шаттық шеңбері:
Армысыз, қайырлы таң!
Армысыз, қайырлы күн!
Қуан, шаттан, алақай!
Күліп шықты, бүгін күн,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн, құрметті қонақтар!
Қызыл Телпек келеді, көмек сұрайды.
- Балалар! Маған көмектесіңдерші! Мен әжеге барғым келіп тұр. Әжемді өте сағындым. Мен жалғыз қорқамын. Мұғалім:- Ендеше кеттік.
- Муз. әуен. Сандық тұрады (сандықтың іші ашылғанда
- Тапсырманы орындаңдар?
Тапсырма 1:
- Далада қандай мезгіл?
Далада қандай мезгіл?- Далада қыс. Қыста не жауады? – Қыста қар жауады. Балалар қардан не жасайды?. Балалар қардан аққала жасайды. Қыста неше ай бар? Қыста үш ай бар. Желтоқсан. Қаңтар. Ақпан.
- Ия, балалар қыс мезгілінде суық болады.-
Ендеше суықтан қорықпау үшін, сенде қызыл Телпек бізбен бірге нүктелі массаж жаса.
Ауырма» (Нүктелі массаж)
- Тамақ қатты ауырмасын, жөтелмейік, түшкірмейік. Батылырақ уқала мұрын тұсын, маңдайды да уқалауға ерінбейік.
Алақанды маңдайға,
Саусақтарды айырлап,
Құлақтарды уқала.
Суықтан біз қорықпаймыз,
Балалар!- Ия, ия, ия.
Суықтан біз қорықпаймыз,
Қорықпаймыз, ауырмаймыз.
Жолдан келе жатады. Қасқырды кездестіреді.
Қасқыр ырылдап шыға келеді.
Қасқыр:- ЫРР! Қайда бара жатырсыңдар?
Балалар:- Әжеге бара жатырмыз.
Қасқыр:- Егерде тапсырманы орындамасаңдар, мен сендерді жібермеймін.
1. Тапсырма мынадай:
«Өзің жайлы айтып бер?»
2 тапсырма. «Сен балабақшада не істейсің?»
1. «Өзің жайлы айтып бер?»
- Сенің атың кім?
Бала:- Менің атым --------
Сен неше жастасың? Мен алты жастамын. Сенің анаңның аты кім?
Менің анамның аты --------. Сенің әкеңнің аты кім? Менің әкем ----------------
Сен қайдан келдің? Мен үйден келдім. Сен қайда келдің?. Мен балабақшаға келдім..
Графикалық үлгілеу арқылы жұмыс.
2 тапсырма. «Сен балабақшада не істейсің?»
Мен балабақшада (тамақ ішемін, сабақ оқимын, ойнаймын, сурет саламын,,
ұйықтаймын, ән айтамын.
Саусақ жаттығулары: «Оңға дейін санап көр!»
Бір дегенім бесік,
Екі дегенім етік,
Үш дегенім үкі,
Төрт дегенім түлкі,
Бес дегенім балық,
Алты дегенім арық,
Жеті дегенім желкем,
Сегіз дегенім серкем,
Тоғыз дегенім тайлақ,
Он дегенім оймақ,
Саусақтарыңды сана,
Енді өзің ойлан.
Құстардың үні естіледі. Балалар байқайсыңдар ма, біз орманға келе жатырмыз. Ауасы қандай тамаша! Кәне, иісті иіскейікші.
Дем алу жаттығулары. Мұғалім балалармен демалу жаттығуын жасайды.
Орманшы кездеседі, амандасады.
Орманшы:- Қайда бара жатырсыңдар?
Қызыл Телпек:- Әжеге бара жатырмыз!
Тапсырма. - Орман жануарларын атап беріңдер? (АЮ, ҚАСҚЫР, Түлкі, ҚОЯН, КІРПІ)
Орманшы:« Мына берілген жолақшаға суреттерді орналастырып сөйлем құрастыр да айтып беріңдерші?
Сергіту сәті: «Бес саусақ» Музыка ойналады.
Ауыл көрініп қалады.
Әже алдарынан шыға келеді
Әже:- Ой рахмет, балалар! Менің Қызыл телпегім келіпті ғой.
- Балалар! Менің балам мына ноутбук дей ме, соны жіберіпті. Мынаны қалай қосады. Ішінде бір қызық бар дейді. Соны маған көрсетіңдерші! Әже отырады, балалар жанында тұрады.
Диск: «Логика» (проектормен көрсетіледі) жұмбақтармен. Мұғалім тақтаға проектормен шыққан жұмбақты балаларға оқиды. Балалар жұмбақтарды шешеді. Әже таң қалады.(смайликтар шыққан сайын таң қалады)
- Әже, сіздің көңіл күйіңізді біраз тағы да көтерейік!
Балалар әжеге жаңылтпаш айтып береді.
Бала:- Ала қарға, қара қарға
Қара қарға, ала қарға.
Бала: Ақ шар бар. көк шар бар
Көп шар бар.
4 шар бар.
Бала:- Апта күндерін айтып береді.
Бала:- тақпақ.
Қорытынды жасау:- Біз не істедік?
Релаксация:- «Жылу білдірейік!»
Қызыл Телпектің хиқаялары
- nurziy
- 17 ақпан 2016
- 3238
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қызыл Телпектің хиқаялары, балабақшадағы қазақ тілі сабағы
Ұқсас жаңалықтар:
1 - ден 10 - ға дейінгі сандарды қайталау
Піл мен оның баласы орманды аралап келе жатады. Бір кезде көбелек қуып жүрген пілдің баласы анасынан адасып қалады....Қызыл телпектің саяхаты
Өткізген: Қазақ тілі маманы Шакенова Мерей Төлеубайқызы...Бала тілі - бал
Білім беру саласы: Таным Оқу іс – әрекетінің түрі: Қарапайым математика. Мақсаты: Балалар 0 - 5 дейінгі сандарды тура, кері санау, жұбын табу, апта...Жаңа үлгідегі: Қызыл телпек ертегісі
ШҚО, "№ 22 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ № 2 "Еркетай" толық күнді шағын орталық топ тәрбиешісі Бекишева Айнагуль Булатовна...1-10-ға дейінгі сандарды қайталау
Мақсаты: Сандарды білуге, кері санай алуға, заттың санын білуге, математикалық тапсырмаларды дербес шеше білуге, логикалық ойлау қабілетін дамытуға...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.