МҚКК «Қуаныш» бөбектер бақшасы
Ересек топ тәрбиешісі: Сарсенбекова Гульназ Шарамазанқызы
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
(Н. Ә. Назарбаев)
Сабақтың тақырыбы: “Отбасындағы сүйіспеншілік”
Мақсаттары:
Білімділік: оқушыларға “отбасындағы сүйіспеншілік” ұғымы туралы түсінік беру. Әке, шеше, ата, тегі туралы ұғымдарын кеңейту.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру, қызығушылығын арттыру, шығармашылық әрекетін дамыту.
Тәрбиешілік: сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
отбасындағы сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту:
сыйластық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;
сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері:
Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ - жауап,
Қажетті құралдар:
Оқулық дәптер, отбасы мүшелерінің суреттері,,
Көрнекіліктер: Жарасымды отбасының сурет
Амандасу: Сәлеметсіңдер ме!
Шаттық шеңбері:
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық
Жүрек жылуын салайық
Осы жақсы лебіздерді
Апайларға сыйлайық
Қайырлы күн, менің сүйікті оқушыларым! Бүгін біз үшін өте ерекше, әрі әсерлі сабақ - өзін - өзі тану сабағы. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Барлығымыз шеңберге тұрып, бір - бірімізге жақсы сөздер айтып амандасайық.
- Сәлеметсің бе, Нұрай, сен сүйкімдісің.
- Сәлеметсің бе, Анель, сен қайырымдысың.
- Сәлеметсің бе, Мунира, сен ақылдысың.
- Сәлеметсің бе, Маржан, сен мейірімдісің.
- Сәлеметсің бе, Кәусар, сен тәртіптісің.
- Сәлеметсіз бе, апай сіз жақсысыз
Балалар орындарына жайғасады.
Әңгімелеу: - Балалар, «өзін - өзі тану» әлемі бізге сыйлық дайындап қойыпты. Алдымен сол сыйлықты тауып көрейік.
Балаларға әр түсті дөңгелек пішінді қағаздар таратып беремін. Қолдарындағы дөңгелектің түстеріне байланысты конверттерді тауып алып, ішіндегі суреттер бойынша әңгіме құрастырады. Жасырынған конверттің ішінде отбасы туралы суреттер шығады. Балалар сол суреттер бойынша әңгіме құрастырып береді.
Балалардың жауаптары тыңдалып, қорытындыланады.
Тамаша, балалар! Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасына ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні - қарындастарымыз және өзіміз жатамыз.
Өзіммен - өзім: Балалар жайланып отырып, көздерін жұмып, өздеріне ең жақын, сүйікті отбасы мүшелерін, өз үйлерін көз алдарына елестетеді. Өз отбасылары туралы ең қымбат, ғажап сөздерді айтып, өз ойларымен бөліседі.
«Отбасы» туралы қандай тақпақтарың естеріңе түсті. Ана, әке туралы тақпақтар айтқызу.
Жайна: А. Бақтыгереева «Менің апам»
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзді тыңдаймын
Анашымды сыйлаймын.
Дәптермен жұмыс.
Мына суреттегі бейнелердің қайсысын өз отбасы мүшелеріне теңер едіңдер? Әңгімелеп беріңдер. Суреттерді бояңдар.
Ойын: «Неге теңеймін». Балаларға күннің, айдың, бұлттың, алманың, гүлдің суреттері таратылып беріледі. Оқушыларға «анаңды кімге теңейсің» деп сұрағанда қолдарындағы суреттің біреуін көтереді. Сол сияқты атасын, әкесін, ағасын т. б. айтылады.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз
Қолды белге қоямыз
Бұрыламыз оңға бір
Бұрамыз солға бір
Бір отырып бір тұрып
Біз демалып аламыз
Ғажайып сөздер
Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
Отбасы, қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншілік.
Жүректен – жүрекке: Балалар бір - бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады.
Аяулы анам мейірімді!
Қадірлі әкем мейірімді!
Әлпештеген әжем мейірімді!
Еркелеткен атам мейірімді
Қорытындылау: Отбасы - ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек екені айтылады.
Ортаға келіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық!
Толық нұсқасын жүктеу
Отбасындағы сүйіспеншілік
- aiboll
- 16 ақпан 2016
- 16211
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Отбасындағы сүйіспеншілік, асыл қасиеттер, әке, шеше, ата, тегі туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Отбасы туралы ұлағатты сөздер
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген...Отбасы жарастығы
Отбасы татулығы. Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше...Отбасы татулығы
Адамға өмірде ең қымбаты - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, байрмалдық болғанда бірлік болады. Бір - бюірін аялап, кешіре, түсіне...Отбасым бақыт мекені
- Амансыңдар ма, балалар! Мен сендерге кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бір - бірімізге жылы тілегімізді өлең жолымен айтайық....Ынтымағы жарасқан отбасы
Пән: Көркем әдебиет Сынып: МАД тобы Мерзімі: 16 – қараша Мұғалім: Жиенбаева Л.Ш....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.