Тобы: «Балапан» II кіші топ
Топ тәрбиешісі: Тулеушева А. С.
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта, қатынас, шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту, жапсыру, қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Мысығым менің керемет!»
Мақсаты: Осы тақырыппен өткізілген сабақта балаларды үй жануарды – мысықпен таныстырып, оның қимыл – іс әрекеті, пайдасы жайында түсінік беру, үй жануарларына мейірімді болуға тәрбиелеу, айналадағы қоршаған ортаны сезінуге және табиғатты қорғауға ынталандыру мақсаты көзделеді.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің әдіс - тәсілдері:
Алдын - ала жұмыс: оқу іс - әрекетіне қажетті құралдарды дайындау.
Сөздік жұмыс: марғау.
Құрал – көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері, мысықтың суреттері, себеттегі жіптер, тышқан мен мысықтың атрибуттары.
Билингвалды компоненттер: мысық - кошка, марғау - котенок.
Іс - әр. кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Балалар шеңбер жасап жүріп мына өлең шумақтарын айтады.
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса,
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса, Балалар шеңберге тұрып, көркем сөздерді қайталайды.
Тәрбиеші: Енді орындарыңа отырыңдар. Бүгін айналамен танысу сабағында үй жануарларының бірімен танысамыз, ол қандай жануар екені әзірге құпия, тек мен айтқан бір жұмбақты шешсеңдер ғана білетін боласыңдар.
Балалар орындарына отырып, тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
іздену ұйымдастырушылық кезеңі Жұмбақ: Өз құйрығын өзі қуып ойнайды,
Допты көрсе домалатып қоймайды,
Беті қолын қайта – қайта жуады,
Тышқандарды үйімізден қуады.
(Мысық).
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, енді мына үй жануарларды суретінің ішінен мысықты кім көрсетеді.
Тәрбиеші: Ендеше біз тақтада тек мысықтың суретін қалдырайық. Мысық үй жануары, оның пайдасы көп, ол жүрген жерде тышқан болмайды. Мысық еркелегіш, балалармен ойнағанды және сүт ішкенді ұнатады. Өзіне жарасар даусы бар, қандай?
Тәрбиеші: Мысықты «кис - кис» деп шақырып, сипап, кішкене сүт береміз. Оның жүні тықыр болады, құлақтары тікірейген, құйрығы ұзын мына суреттегідей. Қалай ойлайсыңдар мысықты желкесінен қысып, құйрығынан сүйреп жәбірлеуге бол ма?
Тәрбиеші: Балалар, мына екі мысықты салыстырайық та ерекшелігін айтайық. (Суреттерді көрсету).
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, енді мына суреттегі мысыққа қарайық, оған не жетіспейді.
- Ендеше оған құйрығын жапсырып берейік.
Балалар мысықтың жақсы көріп ойнайтын ойыны «Жіп шатастыру». Әжелеріміздің шұлық тоқитын жіптерін домалатып, шатастырып ойнайды, әзір біз мысық болып, жіптермен ойнаймыз.
Ойын шарты: «1, 2, 3 ойынға түс!» - дегенде мына себеттегі жіптерді шашып домалатып жібересіңдер, сосын оларды тауып қайтадан себетке тезірек жинайсыңдар. Кім тез жинаса, сол жеңімпаз мысық болады.
Келесі ойынымыз «Байқағыш» деп аталады.
Ойын шарты: Мысықты ойлап, көздеріңе елестетіп, еске түсіріп, менің сұрақтарыма жауап беріңдер.
1. Мысықта қанша құлақ бар?
2. Мысықта қанша аяқ бар?
3. Мысықта қанша құйрық бар
4. Мысықтың құлағы ұзын ба, құйрығы ұзын ба?
Тәрбиеші: балалар, енді бой жазып, денемізді сергітіп алайық.
Енді «Бөспе тышқан» ертегісін тамашалаңдар.
Тәрбиеші: Іші әбден пысқан
Деді бірде тышқан.
Тышқан: Мысықтарды түнде,
Қуып жүрем күнде.
1 бала: (Нұрасыл)
Апай, шкафтағы етікті,
Тышқан тесіп кетіпті.
2 бала:
Ой, ой, ой!
Пакетімді қиыпты,
Шұлығыма тиіпті,
Тышқан: Не бопты соншалық
Бәтеңкеңнің бауын қидым.
Тәрбиеші: Тышқан солай бөсті,
Соғып алып төсті.
Мысық келді естіп
Оның үні өшті.
Мысық: (Айкерім) Мяу! Ұстап аламын тышқанды!
Тышқан: (Эмир) Құтқарыңдар, құтқарыңдар!
(әрен қашып құтылады мысықтан)
Мысық: (Айкерім) Енді тышқан келмейді,
Шұлықтарды жемейді,
Тәрбиеші: Сол үшін мысыққа не дейміз?
Мысық.
Мынау мысық
Мяу!
Жоқ, оның денесі ауырады, сосын ол адамды жек көреді, үйден безіп кетеді. Жануарларды қорлауға болмайды.
1. Мына суретте мысықтың мұрты жоқ, ал мына мысықта бар. 2. Біреуінің құйрығы жерде жатыр, ал екіншісі құйрығын көтеріп алыпты. 3. Мойнына байланған бантиктерінің түстері әр түрлі.
Мысықтың құйрығы жоқ.
Балалар мысықтың құйрығын жапсырады.
Балалар ойын ойнап жіптерді жинайды.
Балалар ойланып сұрақтарға жауап береді.
Балалар рөлдерге бөлініп ертегіні құрады.
- Рахмет!
Іс - әрекеттің бағалау кезеңі Қорытынды: Тышқанның жауы не екен? Мысықты жақсы көргенімізді қалай білдіреміз? Мысық қандай жануар?
Балаларды мадақтап оқу іс - әрекетін қорытындылау.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Мысықтың үй жануары екенін, оған қамқор болу керектігін.
Болу керек: сөздерді байланыстыра сөйлеуді.
Жасай алады: Мысыққа құйрық жапсыруды, рөлдерге бөлініп ойын ойнауды.
Мысығым менің керемет
- Sabi1980
- 7 ақпан 2016
- 11605
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мысығым менің керемет, бала бақша
Ұқсас жаңалықтар:
Жануарлар туралы жаңылтпаштар
Мысық күшікпен ойнамайды. Тышқан мысықпен ойнамайды. Мысық күшікті, тышқан мысықты Шын досым деп санамайды....Мақта қыз бен мысық ертегісін сахналау
Мақсаты: Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту, кейіпкерлердің айқын бейнесін көрсете білуге және кіші қойылымдарды сахналауды...Менің сүйкімді мысығым
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы "Асанәлі" бала бақшасының тәрбиешісі: Ерішева Ардақ Асқарқызы...Күшік пен мысық
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балалар бақшасы тәрбиеші: Қарымсақова Рабиға...Ашық сабақ
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы «Достық» бала – бақшасының Тәрбиешісі: Мухамбетова. Ж...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.