Тәуелсіздік жолында!
Білім беру саласы: Қатынас, әлеуметтік орта, таным
Оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту
Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің болашағы - жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу. Отаны, елі үшін құрбан болған батыр аға - әпкелеріміздің ерлігін дәріптеу. Ой - өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік және «Кубизм» әдісі
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: Тәуелсіздікке арналған және желтоқсан құрбандарының суреттері, сөзжұмбақ. Оқу іс - әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық Балалар «Көк тудың желбірегені» әнімен залға кіреді.
Жылулық шеңбері:
Армысың, қайырымды аспан ата!
Армысың, мейірімді жер ана!
Армысың, шұғылалы алтын күнім!
Армысың, тәуелсіз елім менің! Шеңберге тұрады
Балалар шеңберде тұрып айтады.
Ұйымдастырушылық ізденістік Балалар, біз аспаны ашық, сәулелі, кең байтақ елде тұрамыз. Ол ел қалай аталады?
- Дұрыс айтасыңдар.
Ендеше бүгінгі оқу іс - әрекетіміз еліміздің Тәуелсіздігіне арналмақ.
- Оқу іс - әрекетімізді ҚР әнұранымен бастайық.
- Балалар, бізге тәуелсіздік оңайшылықпен келген жоқ. Осындай бейбіт өмірге жету үшін біздің қаншама аға - әпкелеріміз, ата - бабаларымыз қиындық көрді, жаумен шайқасты. Сөйтіп, ерліктерінің арқасында осы Тәуелсіз Қазақ елін бізге табыстады. Біздің мәңгі Отанымыз ол - Қазақстан!
Алуа:
Шұғылалы таңымыз,
Қазақ жері бағымыз!
Қайнарынан мөп - мөлдір
Сусындайды жанымыз!
Ерасыл:
Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - үлкен
Қазақстан - туған ел!
Нұрислам:
Қазақ жері - сәніміз
Мәуесі мол бағымыз.
Саясында жетілер
Балдай бала шағымыз.
Әли:
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді бағалап.
Өйткені Отан баласындай
Бізді өсірер аялап.
Ақбота:
Отанды біз атамекен
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Атамыз бен бабамыз.
Ән: Отаным
Көрініс «Тәуелсіздік деген не?»
Ақырын басып әжесі шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)
Немересі: - Әже,, не ойлап отырсыз?
Әжесі: - Ә, балам, әжең не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: - Әже, өткен өмір деген не?
Әжесі: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата - бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: - Ал, ол қандай болған?
Әжесі: балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің. Тарих ол ешқашан ұмытылмайды. Сонау ерте кезде біздің ата - бабаларымыз өзінің елі, жері үшін күресіп өтті. Қаншама қиыншылықтарды бастан кешірді. Соның бірі 16 желтоқсан. Сендерге осы егеменді елді сыйлаған Желтоқсанда өз жандарын құрбан қылған аға - әпкелерің бар!
Немересі: Ол аға - әпкелеріміз кімдер?
Әжесі: Олар Ләззәт, Сабира, Қайрат, Ерболдар! Отаны үшін жаумен күресті. /осы кезде өткен өмір елесі ретінде 16желтоқсаннан үзінді көрсетіледі слайдтан/
Гүлерке:
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ләззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас - талқан боп өлгені.
Балнұр:
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
Алдияр:
Ел үшін ерлігімен еленген,
Абырой мен атағына бөленген,
Ләззат сынды қазақ қызы қаһарман,
Ұрпағына болар мәңгі өнеге.
Абзал:
Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен Ләззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік
Мырза Әли:
Жалғыз Отан адамның жүрегі ғой,
Ер жігіт туған ерін сүйеді ғой.
Ел үшін желтоқсанда құрбан болған
Ербол, Қайрат - нағыз ердің бірі еді ғой.
Слайдтан суреттерін көрсетіп, айтып өту.
Мөлдір:
Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған батырларым
Ерліктерін мәңгілік сақталады.
Аружан:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Арман:
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Айжан:
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
Содан кейін
Немересі: - Әже «Егемендік» деген не?
Әжесі: Егемендік дегеніміз желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Осы сендердің егемендіктерің! Егемендік Еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Осы аталарыңның тарихын ұмытпаңдар, айналайын ұрпақтарым! Соңынан бата беру!
Көріністен кейін ел рәміздері туралы тақпақ айтылады:
Мұхаммед:
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Ару:
Әнұраным, жанұраным,
Айтар әнім, айтар сөзім.
Туған жерім сағынарым
Жүрсем егер дүние кезіп.
Әділ:
Қатар шапқан қос тұлпар
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Елтаңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі.
«Сөзжұмбақ» шешу.
Балалар мына жерде сұрақтар жасырылған. Сол сұрақтарға дұрыс жауап берсек мына жерде жасырылған сөзді таба аламыз.
1/Біз қай тілде сөйлейміз?/қазақ/
2/Елордамыз қай қала?/Астана/
3/Ту, елтаңба, әнұранды бір сөзбен қалай атаймыз?/рәміздер/
4/Тудың ортасында қандай құс бейнеленген?/қыран/
5/Қазір қыстың қай айы?/желтоқсан/
6/Қазір жылдың қай мезгілі?/қыс/
7/Аспан түстес, ортасында қыран құс бейнеленген рәміз қайсы?/ту/
8/Елбасымыздың есімі? /Нұрсұлтан/
9/Балабақшада күнде таңертең біз қандай патриоттық ән айтамыз?/әнұран/
Ән: «Достық әні»
Би: ұлдар биі
-«Кубизм» әдісі бойынша мақал - мәтел айту.
Шарты: бала қолына кубик беріледі. Соны лақтырады. Егер кубик қай қырымен түссе, сол қырындағы шартты орындайды.
Қазақстан
Балалар қолдарын жүректеріне қойып, әнұранды айтады.
Балара Отан туралы тақпақтарын айтады
Ән айтады
Көрініс тамашалайды
Слайдтан желтоқсан құрбандарының өмірін, ерліктерін тамашалайды
Тәуелсіздік туралы тақпақтарын айтады
Слайдтан желтоқсан құрбандарының суреттерін көреді
Тақпақтарын айтады
Тақпақтарын айтады
Сұрақтарға жауап беру арқылы Қазақстан деген сөзді табады
Достық әнін айтады
Би билейді
Балалар достық, Отан, тіл, ерлік туралы мақал - мәтел айтады.
Рефлексиялық - түзетушілік - Балалар, ендеше оқу іс - әрекетімізді қорытындылау мақсатында қыздарымыздың биін тамашалайық.
- Бала - біздің болашағымыз! Әрқашан балаларымыз гүлдей жайнап, көк аспанның астында достықта, бірлікте өмір сүрсін. Тәуелсіздігіміз баянды болсын.
Билерін билейді
Гүл бейнесі бейнеленген портретке қолдарындағы туларын қадайды.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: балалар сөзжұмбақ шешу арқылы «Қазақстан» деген сөзді табуды, «Кубизм» әдісі бойынша мақал - мәтелдер айтуды;
Түсінеді: тәуелсіздіктің ерлікпен, жеңіспен келгенін;
Қолданады: мақал - мәтел, тақпақ, ән айтып, би билеуді.
Тәуелсіз еліміздің болашағы - жас ұрпақ
- araiko-rinat.1988gmail
- 9 қараша 2016
- 7647
- 0
- 0
Ілмек сөздер: балабақшаға арналған, тәуелсіздік туралы ертеңгілік
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік алған күн
Он алтыншы желтоқсан - Тәуелсіздік алған күн. Мерекеге ел тосқан Атамменен барғанмын....Мен Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!
Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін...Тәуелсіз Қазақстан
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Ақсу № 2 орта мектеп Мырзабекова Ұлмекен Тайыровна...Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы «Асанәлі»балабақшасы Мергенова Динара Мырзасейтқызы...Ол ақын болар ма еді?
Оқушыларға мәтін мазмұнын меңгерту, желтоқсан оқиғасы жайлы түсінік беру. Қ. Рысқұлбековтың ерлігімен таныстыру. Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.