Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау. Шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне назар аударта отырып, мерекенің басты қонағы Аяз ата мен Ақшақарды жақсы көңіл күйде қарсы алдыру. Биылғы кіретін жаңа жыл мешін жылы екенін айту. Көңілді де, қызықты ойындар ойнату арқылы достық қарым – қатынастарын арттыру, ұжымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, тосын сыйлар
Көрнекіліктер: тақырып жазылған плакат, шарлар, шырша, жаңа жылдық ойыншықтар
Залда баяу әуен ойналады.
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді!
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін,
Бәрімізге мына жыл арайлы!
(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)
Сиқыршы: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр!
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар,
Басталады Жаңа Жылдық карнавал.
Маска да бар, би де бар, асығыңдар,
Басталады, басталады, Жаңа жылдық карнавал!
Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар!
(жаңа жыл киімін киген балалар кіреді, шыршаны айналып жүреді)
Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамызда ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші: Міне, керемет! Шыршамыз қандай әдемі болды. Ендеше бәріміз қол ұстасып, шыршамызды айналып, әнімізді шырқайық.
Ән: «Шырша»
Сиқыршы: балалар, ән айтсаңдар тақпақта білетін шығарсыңдар! Әсем шыршамызға арнап, кім тақпақ айтып беремін дейді?
Жүргізуші: Күмәнің болмасын сиқыршы. Біздің балалар, шетінен өнерлі. Кәне, балалар, шыршаға арнап, тақпақтарымызды айтайықшы?!
Бақдәулет:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Ару:
Әкелсін жыл ырыс - құт,
Әлемде болсын тыныштық.
Ән салайық жаңаша,
Жаңа жылым тамаша!
Алдияр:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған.
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Ақбота:
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
Жахангер:
Келді міне жаңа жыл,
Қарсы алайық бәріміз.
Күліп ойнап, би билеп,
Ән салайық бәріміз.
Алуа:
Жаңа жылмен шаттанып,
Жаңарады бар дала!
Шырша тойын тойлайды
Дөңгеленіп бар бала!
Сиқыршы:
- Бәрекелді! Өте өнерлі екенсіңдер. Олай болса барлығымыз билесек қайтеді? Мен қыздармен бірге сиқыр жасаймын.
Би: «Ойыншықтар биі» Қыздар ортадағы қорапқа таңырқап билейді. Оны тоқылдатып ашады. Сол кезде ішінен Күлдіргіш шығады/
Ол қыздарға ойыншықтар таратып, бірге билеп береді.
Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылда бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет
Осы кезде залға аю кіріп келеді.
Аю: Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр - тұсырдан шошып ояндым, не болып жатыр өзі мұнда! Машаны іздеп жүр едім көрмедіңдер ме? Осында болар деп келдім.
Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?
Балалар. Аю.
Жүргізуші: - Иә, бұл аю. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес...
Балалар: иә.
(осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап)
Маша. – Керемет.. қандай әдемі шырша! Аю осындай шырша менің үйімде де болсыншы.
Аю: Иә болады, болады. Жүр балаларға кедергі жасамайық. Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. Балаларды көріп көңілім көтеріліп қалды. Жүр кетейік./Аю Машаны көтеріп алады да, шығып кетеді)
Күлдіргіш: Шырша дейміз елканы
Балалар билеп қоршады.
Түрлі - түсті ойыншық
Шыршада көз тартады.
- Ой, балалар, биыл қай жылды шығарып саламыз?
Балалар: қой жылы!
Күлдіргіш: Ендеше қойдың сендерге айтары бар екен. Қой жылымен қоштасып қалайық.
Ортаға қой шығады:
Динарзаде:
Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым.
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
Қош сау болыңдар, балалар!
Күлдіргіш: Сендер өздерің мерекені өткізе беріңдер. Жаңа жыл құтты болсын!
Сиқыршы: Балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді ғой! Бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі.
Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 - рет
(әуенмен бірге шана сүйретіп Аяз ата мен Ақшақар келеді)
Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар.
Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Аяз Ата: Балалар, жаңа жылға арнап кім маған тақпақ айтып, би билеп берем дейді. Кім жақсы өнер көрсетсе, соған сыйлығым бар.
Аружан:
Безендіріп шыршаны,
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды
Аяз оны басқарды.
Ерасыл: Өлең де әзір, әнде әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел жаңа жыл біздерге
Кел жаңа жыл, жаңа жыл!
Азамат. Н: Ақшақарға малынып,
Аппақ тоңын жамылып.
Сақалы мен мұртына
Күміс моншақ тағынып,
Аяз ата келеді
Балаларды сағынып.
Айжан:
Жаңа жылдың бастауын
Өздеріңмен тойлаймын.
Аман болсын халқымыз
Арта берсін даңқымыз.
Мырза Әли:
Жаңа жылда барлық үйге,
Аяз ата келеді.
Жаңа жылда сәбилерге
Сыйлық әкеп береді.
Кел, келе бер, Кел, келе бер!
Аяз ата келіңіз!
Көп болсын мерекелер
Көп қызыққа бөленеміз.
Алуа. М:
Біздің балабақшада
Шырша тойы болады.
Аяз ата, Ақшақар
Біздермен мәз болады.
Би: ұлдардың орындауында «Джентельмендер»
Аяз ата: Ақшақар қызым мына балалар өте өнерлі екен. Бұларға сыйлықтарымызды таратып берейік. Қане, қаптың аузын аш./Осы кезде қаптың ішінен мешін шығады/.
Аяз ата: оу, мынау не? Біздің балаларға арналаған сыйлықтарымыз қайда? Әй, сиқыршы сен сыйқырлап тастадың ба?
Сиқыршы: иә, Аяз ата, балалар, биыл қандай жыл кіретінін білсін деп, мешінді қапқа салып қойдым!
Мешін:
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп.
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.
Жүргізуші:
Балалар, биыл Жаңа жыл мешін жылы кіреді екен. Мешінге қош келдің дейік.
Балалар барлығы қош келдің деп дауыстап айқайлап, қол шапалақтайды.
Олай болса, жаңа жылымызға арнап кім тақпақ айтап беремін дейді?
Әмина:
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.
Арман:
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда біз.
Жарқын - жарқын ән салып
Жалғасады жырға жыр!
Гүлерке:
Аппақ, аппақ
Жапалақтап,
Қар жауады тынбастан
Қалың орман, қар жамылған
Маужырайды түнгі аспан.
Кел, билейік, үйренейік
Ол келгенше Жаңа жыр
Құтты болсын, құтты болсын
Құтты болсын Жаңа жыл!
Нұрлан:
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын Жаңа жыл!
Ата - әже, ата - әже
Құтты болсын, жаңа жыл!
Балнұр:
Жаңа жыл - жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт.
Келіп міне, жатырмыз, қауқылдасып.
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары
Он екіні күтер, қалмай тағаттары.
Ғасырдың он алтыншы жылы келді
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары.
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім
Қазақтың пейіліне тарту етсін
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
Жүргізуші: баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер. Ендеше өздеріңізге арналған балалардың биін қабыл алыңыздар!
Би: «Буратино»
Жүргізуші: жарайсыңдар, балалар! Ақшақар сендердің білімдеріңді тексеремін дейді. Сұрақтарына жауап беруге дайынбыз ба?
Ақшақардың сұрақтары:
Мен білемін бір ойын,
Үйретейін сендерге.
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
1/Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!
2/Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Балалар: Аяз ата!
3/Шырша бүгін кәделі!
Сендер бәрің......
Балалар: Әдемі!
4/Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Ақшақар: балалар сендер білімді екенсіңдер. Сұрақтарыма дұрыс жауап бердіңдер. Көп рахмет сендерге. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Жүргізуші: балалар, бүгінгі басты қонағымыз Аяз атаға арнап тақпақ айтып берейік.
Мұхаммед:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.
Диана:
Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша,
Аппақ Аяз атамыз.
Нұрислам:
Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып.
Шыршаларға шам іліп.
Әли:
Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап.
Омар:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Әділ:
Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқар тау, қарлы шың!
Ерлан:
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп
Мерекені бастаған.
Ән: «Аяз ата»
Түлкі келеді.
Түлкі.- о - о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи - хи - хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?
Аяз ата: Айта ғой, түлкішек
Түлкі:
Ананы да, алдадым
Мынаны да алдадым
Мен түлкімін айлакер
Аяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)
Аяз ата: жоқ. Саған не үшін сыйлық берем? Елді алдағаннан басқа не білесің? Одан да мына балалардан ән айтып, би билеуді үйрен. Бұл топтың балалары шетінен өнерлі екен. Біздің көңілімізді көтерді. Сол үшін оларға сыйлық беремін.
Түлкі: бермесең, берме. Одан да басқа балабақшаға барып, Аяз атаны алдап сыйлық аламын. Қош болыңдар, балалар!
Би: Пингвиндер
Ән: «Шырша жыры»
Аяз ата: әй, сиқыршы! Бағанағы менің сыйлық толы қабымды бер. мына балаларға берген уәдемді орындайын. Сыйлықтарымызды таратайық.
Аяз ата мен ақшақар сыйлық таратады.
Балалар. Аяз ата, Ақшақар рахмет, сіздерге!
Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Жүргізуші: құрметті қонақтар, балалар! «Төрлет бізге, жаңа жыл!» атты мерекеміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!
Жаңа Жыл
- araiko-rinat.1988gmail
- 17 желтоқсан 2016
- 10569
- 0
- 0
Ілмек сөздер: балабакшаға арналған жаңа жылдық іс шара
Ұқсас жаңалықтар:
Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында!
Жасыл желек жамылған, Асыл моншақ тағылған, Міне сұлу шыршамыз, Көптен күтіп сағынған....Кел, жаңа – жыл төрле
Ертеңгілік іс – шараның тақырыбы: «Кел, жаңа – жыл төрле» Мақсаты: Жаңа жылға арнап ертегі кейіпкерлерімен бірге жаңа жылды қарсы алу кешін...Қош келдің, Жаңа жыл! (2025 жаңа жылға арналған сценарий)
Айта берсек таусылмас Жаңа жылда жаңа жыр Кел оданда, халайық Ойын ойнайық жаңа бір....Жаңа жылдық сценарий 2025 жыл
Келді, міне, сағындырып далама Келді, міне, Жаңа жыл қалама Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып. Кәне, кәне келіңіздер Би билеп ән салып беріңіздер!...Төрлет, төрлет Жаңа жыл!
Даламызға қаламызға Жаңа жыл кіріп келеді Қартыңызға, балаңызға Жалынды сәлем береді....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.